1 билет Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер



бет16/23
Дата25.04.2023
өлшемі264,13 Kb.
#175338
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
ФАРМ ответы
Автоматизация машиностроительного производства. Курс лекций. Рус. (5), docsity-kursovaya-rabota-po-discipline-poiski-i-razvedki-podzemnyh-vod (1), дебат слайд, Аргумент , 8 Б ЛИТ-РА
1. Пастерлеу.
Пастерлеу —100°С-ға дейінгі температурада (бірақ 63°С-ден төмен болмауы тиіс) қыздыру арқылы азық-түліктегі зиянды микробтарды жою әдістерінің бірі. Ол осы әдісті алғаш рет ұсынған француз микробиологі Л. Пастердің есімімен аталған. Пастерлеу әдісі азық-түлікті (сүт, кілегей, жеміс-жидек шығындары, желе т.б.) консервілеуде кеңінен қолданылады. Мұндай тағамдарды 100°С-ден жоғары температурада қыздырса, олардың өзіндік қасиеттері әжептәуір өзгеріске ұшырайды.
жоғары температураларды қолданады:
қысқа мерзімді пастерлеу 72-75°С 18-20 секунд тұрғызу;
лезде пастерлеу 85°С және одан жоғары температурада тұрғызбай пастерлеу.
Сүтті пастерлеу–микрофлораның вегетативті түрлерін, соның ішінде патогенді түрлерін жою мақсатында сүтті өңдеу. Пастерлеу тәртібі дайын өнімнің қажетті қасиеттерін, соның ішінде органолептикалық көрсеткіштерін алатындай қамтамасыз етілуі тиіс.80°С жоғары температурада пастерленген сүтте барлық ферменттер ыдырайды
2. Суспензиялар.Олардың жіктелуі.
Суспензия- латын тілінен аударғанда көтеру , іліну деген мағынаны білдіреді. Суспензия- дисперстік ортасы - сұйық, ал дисперстік фазасы 10 ның -5 дәрежесінен 10 ның -7 дәрежесі см қатты заттардан тұратын дисперстік жүйе.
Суспензия кинетикалық тұрақсыз зат болып табылады.
Суспензия бөлшектері сәулені шағылыстырады немесе сындырады , сонымен қатар оларды микроскоптан көре аламыз.
Суспензияның түзуілу жағдайлары:
-дәрілік түр құрамына дисперстік ортада ерімейтін заттар енгенде ( ментол, мырыш т.б)
-Егер дәрілік заттың мөлшері ерігіштік шекарасынан асып кетсе
-Еріткішті алмастырғанда суспензияның түзілуі.
Суспензиялардың жіктелуі
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар : ірі суспензиялар (1-100 мкм) , майда суспензиялар ( 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлінеді.
21 билет
1. Дәрілік қалыптар техналогиясында стерилизацияның әдістері
Стерилизация – бұл физикалық факторлар мен химиялық препараттар арқылы әсер ету жолымен микроорганизмдер мен олардың спораларын жою болып табылады.
Стерилизацияланатын заттар: жаралы беткейлермен жанасатын; қанмен контактіге түсетін; иньекцияланатын препараттар және шырышты қабаттарға жанасқанда жара туғызуы мүмкін жеке медициналық құралдар және т.б.
Стерилизация бөлінеді:
- Физикалық;
- Химиялық;
ФИЗИКАЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯ
Термиялық (физикалық) стерилизацияға ультракүлгін-сәулелер: процедуралық, операциондық, ультракүлгін ауамен шағылыстыру жатады. Клиникалық практикада физикалық факторлармен әсер ететін стерилизациялар жиі қолданады
Физикалық стерилизацияға жатады:
- Автоклавтау
- Құрғақ ауамен стерилизациялау
- Қайнату
- Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау
Химиялық стерилизация
Стерилизациялаудың химиялық әдісінде полиэтиленнен жасалған құралдар, өкпені жасанды вентиляциялайтын аппараттар, эндоскоптар дезинфекциялаушы ерітінділер немесе газдармен стерилизацияланады.
Химиялық стерилизация
- Газды
- Ультрадауысты
- Инфрақызыл шағылыстыру
- Газбен стерилизациялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет