1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Химиядан мектеп оқулықтары: құрылымы, қызметі. Химияны оқытудағы ұғымдар жүйесі



бет11/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

1.Химиядан мектеп оқулықтары: құрылымы, қызметі. Химияны оқытудағы ұғымдар жүйесі.
Мектептік химия курсының құрылымы:Оқулық оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне арналғанын ескере отырып, оқу материалы жүйелілік пен бірізділікке сәйкес жазылады. Оның мазмұнына осы кездегі ғылыми білімнің ерекшелігіне сәйкес іскерлік пен дағды енеді. Білімге химия ғылымының негізгі элементтері жатады: құбылыс пен деректі көрсететін ұғымдар жүйесі; олардың арасындағы заңдылық пен тәуелділікті көрсететін заңдар мен формулалар; ұғымдардың тілдік құралы-терминдер, номенклатуралар, нышандар. Оқу пәніндегі ғылыми білімді іріктеп алу түсініктілік, жүйелілік пен бірізділік, қабілеттік ұстанымдары мен ғылыми мәнділік, теорияның практикамен байланысы ұстаным тұрғысынан шешіледі. Химия ғылымының құрылымына негізделген логикасы бар. Логика әрқашанда бір орында қатып қалған және өзгермейтін нәрсе емес. Оқу пәнінің мазмұны бағдарламамен анықталады.Оқу бағдарламасы мемлекеттік құжат болып табылады.Ол да оқу пәнінің мазмұнынан құралған, ал сонымен қоса пән бойынша білімнің, іскерлік пен дағдының көлемін қамтитын барлық сұрақтар, жаттығулар, есептер, тақырыптардың тізімі бар. Химияны оқыту бағдарламасында материалдар оқыту жылдарына бөлініп, оқу жоспары бойынша оны үйретуге бөлінген сағаттың жалпы саны ескерілген. Оқу бағдарламасының түсінік хатында химияны оқытудың міндеттері ашылған, оқу пәнінің жалпы жүйесіндегі алатын орны және басқа пәндермен байланысы көрсетілген. Сондай-ақ оқытудың негізгі құралдары мен оқыту әдістері жөнінде ұсыныстар бар. Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес болуы тиіс. Курстың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен түсініктілік шамасына лайықты ұстанымның талаптарына сәйкес ашылады. Оқулық балалар үшін қызықты да түсінікті, жеңіл тілмен жазылуы тиіс. Оқулықтар бөлімдерге, тараулар мен тармақтарға бөлінеді. Тақырыптардың соңында сұрақтар, жаттығулар мен есептер берілген, ол міндетті түрде мұғалімнің тапсырмасы ретінде орындалуы керек. Химияны жаңа типтік оқу жоспары бойынша төрт жылға бөлінген: 8-9 сыныптарда бейорганикалық химия және органикалық химияның бір бөлігі, 10-11 сыныптарда органикалық химия және жалпы химия оқылады. Барлық оқу процесінің 20-30%-і көрнекі тәжірибелер мен практикалық жұмыстар атқаруға жұмсалатын болады. 8-9-сыныптарға арналған химия оқулықтарының басты ереншелігі- дамыта оқыту принциптерінің қатаң сақталуы. Оны әрбір тақырыптан соң берілетін сұрақтар, жаттығулар, есептерден айқын көруге болады. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сэйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сэйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді. Есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда жэне өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет