3.ИРФ-454 рефрактометрімен сыну көрсеткішін анықтау Сыну көрсеткішін ИРФ-454 рефрактометрімен анықтау Аспаптар, реактивтер, материалдар Рефрактометр ИРФ-454 типіндегі
Шыны таяқша немесе тамшуыр Петролейндік эфир немесе этил спирті Орамал түксіз (мата)
ИРФ-454 рефрактометр мұнайөнімінің сыну көрсеткішін 1,2-ден 2,0-ге дейін D сызығы үшін ±2.10-4 дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Рефрактометр әсерінің қағидасы сыну көрсеткіштері әртүрлі екі ортаның бөлігі шекарасынан жарық өткен кездегі толық ішкі шағылу құбылысына негізделген.
Сыну көрсеткішін анықтау күннің немесе электр жарығында жүргізіледі. Рефрактометр мен жарық көзін, жарық жарықтандыратын призманың кіретін терезесіне немесе өлшегіш призманың кіретін терезесіне жарықты бағыттайтын айнаға түсетіндей етіліп, орналастырады. Призмалар мен зерттелуші мұнайөнімін термостаттау үшін рефрактометр термостатпен жалғанады. Термостаттауды ±0,2 °С дәлдігімен іске асырады.
Жұмыс бастардан бұрын жарықтандыратын призманы лақтырып тастаған және өлшегіш призманың бетін тазалаған жөн. Призма беті петролейндік эфирмен немесе спиртпен дымқылданған таза жұмсақ орамалмен (матамен) сүртіліп тазаланады. Сонан кейін тазартылған сумен немесе бақылау табақшасымен 20 °С кезінде рефрактометрдің дұрыстығы тексеріледі.
Дұрыстығы тексерілген соң өлшегіш призманың таза өңделген бетіне шыны таяқшамен немесе тамшуырмен сақтықпен, призманы жанамай, зерттелуші мұнайөнімінің екі-үш тамшысы жеткізіледі және жарықтандыратын призма түсіріледі. Мөлдір мұнайөнімдерін өлшеуді жарық жарықтандыратын призманың ашық терезесі арқылы өткен кезде, өтетін жарықта жүргізеді, мұнда өлшегіш призманың терезесі айнамен жабылып тұрады. Окуляр айқышталудың айқын көрінетін жеріне қондырылады. Айна айналуымен шкаланың жақсырақ жарқырауы алынады. Төменгі дөңгелекті айналдырып, сәуле мен көлеңкені көру өрісіне кіргізген жөн. Жоғарғы дөңгелекті шекаралық сызықтың бояуы құрығанша бұру керек. Окулярды бақылап, төменгі дөңгелекпен айқышталуда сәуле мен көлеңке шекарасы дәл бағытталады және сыну көрсеткішінің шкаласымен санау алынып тасталады. Шкала бөліктерінің бағасы 1.10-3. Бүтін, ондық, жүздік және мыңдық үлестерді шкала бойынша, ал онмыңдық үлестерді көзбен бағалайды.
Боялған және қарайған мұнайөнімдерін өлшеу шағылған жарықта өтеді.
25 Билет 1. Мұнайдың пайда болуының биогендік теориясы
Мұнай – бұл газ тәрізді, сұйық жән қатты көмірсутекті қосылыстардың кең кешенін білдіреді.