1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет2/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)
КТГ 6 сем, икт рк, мидтерм икт тест
ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны
Қазақстанның мұнай саласы – еліміздің экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.Ғарыштық түсірілімдер мен жерде жүргізілген зерттеулер нəтижелері бойынша, Каспий теңізінің солтүстік аймағында мұнай қоры 3-3,5 млрд. тонна, газ қоры 2-2,5 трлн.м3 құрайды. Қазіргі уақытта республикада Теңіз, Қаламқас, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенқияқ жəне тағы бірқатар ірі мұнай кен орындары іске қосылған. Республиканың басқа ірі мұнай-газ аудандары Оңтүстік Маңғыстау-Үстірт ойпаңы жəне көтерілімі. Мұнда сұйық көмірсутегі қорының 56%-на жуығы кездеседі. Атырау – 75,6%, одан кейін Ақтөбе 9,1% қорға ие. Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны Батыс Қазақстан облысының жерінде Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан, əлемде ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. 1979 жылы ашылған, кен орнын игеру 1984 жылы басталды. Қарашығанақ қоры 21,3 трлн.м3 газды, 644 млн. тонна газды-конденсатты жəне 189 млн.тонна мұнайды құрайды. Қарашығанақтың көмірсутектік шикізатының өңделуі Орынборда жүзеге асады. Бұл кен орнының ең басты мəселесі – шикізатты тасымалдау мен өңдеу.Қарашығанақ мұнай кен орнының дамуына Қазақстан жағынан холдингті компания «Қазақгаз», ағылшын компаниясы «BRITISHGAS», итальян компаниясы «AGIP» жəне ресейлік акционерлі қоғам «Газпром» атсалысуда. Инвестициялар 320 млн.долларды құрайды.ҚР Сараптау агенттігі бойынша ТМД елдерінің мұнай өндірушілерінің ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орында тұр, ал 90 мем лекет кіретін əлемдік бірлестіктің алғашқы 30 кіреді. Қазақстан мемлекеті өте қолайлы қоры бай мұнай кен орындарына ие болып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан жылына 50 млн. тонна мұнай өн діреді. Бұл өндірісті Қазақстан 150 млн.тоннаға дейін жеткізуді көздейді. Мұнайды ішкі қолдану 20-25 тоннаны құрайды.Қазақстанда мұнай өндіру 1992 жылы 25,8 млн. тоннаны, ал 2008 жылы 70 млн. тоннаны құрады, олардың ішінде: Теңізде – 17,3 млн., Қарашығанақта – 11 млн., Өзенде – 6,5 млн., Жаңажолда – 6,3 млнҚұмкөлде – 5,8 млн., Қаламқаста – 4,2 млн., Қаражамбаста – 2 млн., тұзүсті-Кенқияқта – 2 млн., Солтүстік Бозашыда – 1,8 млн., Жетібайда – 1,2 млн. тоннаны құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет