1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


Мұнай мен газдың қаситеттерін ата?



бет55/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)
КТГ 6 сем, икт рк, мидтерм икт тест
2. Мұнай мен газдың қаситеттерін ата?
Мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттері:
- химиялық, яғни аналитикалық химияның классикалық тəсілдерін қолдану; - физикалық əдістер – тығыздық, тұтқырлық, балқу, қайнау, қату температуралары, жану жылуы, молекулалық массаларын жəне кейбір шартты көрсеткіштерін (пенетрация, дуктильность) анықтау; - физика-химиялық – калориметрия, потенциометрия, титрлеу, нефелометрия, рефрактометрия, спектроскопия, хроматография, т.б (мотор отынының октан, цитан сандарын анықтау, отындар мен майлардың химиялық тұрақтылығын, коррозиялық белсенділігін, от алу жəне тұтану температураларын, т.б. анықтау) болып келеді


3. Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі- тұтқырлық, оны қалай түсінесіз?

Дененің қозғалу жылдамдығына қарсы əсер етуші күшті үйкеліс күші деп атайды. Жүйедегі əртүрлі жылдамдықпен қозғалатын құрам бөліктерінің аралығындағы үйкеліс тұтқырлық деп аталады.Тұтқырлықтың (η)кері шамасы (1/η) аққыштық деп аталады.Тұтқырлық сұйықтардың табиғатына жəне температураға тəуелді. Мысалы, глицерин тұтқыр, аққыштығы төмен сұйықтық болса, эфир, метил жəне этил спирттері тұтқырлығы төмен аққыштығы жоғары заттар. Температураны арттырғанда сұйықтардың тұтқырлығы кеміп, аққыштығы артады. Құбырлармен мұнай айдау кезінде оның аққыштығын арттыру үшін қыздыру станцияларында мұнайды қыздырып тұтқырлығын төмендетеді. Жоғары температураларда сұйықтық қабаттары арасындағы үйкеліс жəне олардың молекулалары арасындағы байланыс күштері кемиді. Тұтқырлық кемісе, мұнай жəне мұнай өнімдерінің ішкі үйкелісі химиялық жəне фракциялық құрамға тəуелді болады. Тұтқырлық жүйеге түсірілген ығысу кернеуі мен одан туатын ығысу жылдамдығының арасындағы байланысты сипаттайды. Деформациялану жылдамдығына тəуелсіз тұрақты температура мен қысымда кернеудің ығысу жылдамдығына қатынасы динамикалық тұрақтылыққа тең болады (ηo=Q/γ)


Тұтқырлықтың 3 түрі бар: 1. Кинематикалық. 2. Динамикалық. 3. Шартты.
Мұнай өнімдеріне қойылатын техникалық талаптарға байланысты, əдетте тұтқырлық 50°С, 100°С сиректеу 20°С температураларда анықталады.
Тұтқырлық мəніне температура күшті əсер етеді. Төмен температурада, əсіресе, суу температурасына неғұрлым жақын болса, көптеген мұнай өнімдерінің тұтқырлығы соғұрлым тез өседі. Сұйықтардың тұтқырлығын əртүрлі əдістермен анықтайды, мысалы: капилляр арқылы сұйықтың ағып өту əдісі; ақпа шарик əдісі.
Капилляр арқылы сұйықтың ағып өту əдісі- сұйықтың берілген көлемінің радиусы жəне ұзындығы белгілі капилляр арқылы ағып өту уақытын анықтауға негізделген. Ақпа шарик əдісі – көлемі мен массасы белгілі шариктің сұйықтағы еркін құлау жылдамдығын анықтауға негізделген.
Тұтқырлық коэффициенті Стокс формуласымен есептеледі:

мұндағы, U – тұтқыр ортада шариктің құлау жылдамдығы; g – еркін түсу үдеуі; d – шариктің тығыздығы; dо – сұйықтық тығыздығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет