1 Билет Нүктелердің өзара орналасуы. Бәсекелес нүктелер. Нүктелер проекцияларының көріну және көрінбеу шарттары


Жазықтықтың проекция жазықтықтарына қарағанда орналасу варианттары



бет3/13
Дата23.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#144767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
СЫЗУ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

1.Жазықтықтың проекция жазықтықтарына қарағанда орналасу варианттары
Жазықтықтардың проекция жазықтықтарына қарағанда орналасу реттеріне байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
1.Жалпы жағдай жазықтықтары;
2.Ерекше жағдай жазықтықтары.
Жалпы жағдай жазықтықтары
Жалпы жағдай жазықтығы деп проекция жазықтықтарының бәріне де көлбеу болып келген жазықтықты атайды.
Жалпы жағдай жазықтығы деп проекция жазықтықтарның бәріне де көлбеу болып келген жазықтықты атайды. Мұндай жазықтық (кеңістікте де, эпюрде де) проекция өстеріне (Х,У,Z) көлбеу болып орналасады.
Проекция жазықтықтарының біріне параллель немесе перпендикуляр болып келген жазықтық ерекше жағдай жазықтығы деп аталады.
7 билет
1.Екі жазықтықтың өз ара орналасауы
Екі жазықтық кеңістікте өз ара параллель немесе қиылысуы мүмкін.
1. Өз ара параллель жазықтықтар. Элементтар геометрияда екі жазықтықтың өз ара параллельдігінің мынадай негізі белгісі дәлелденген: егербір жазықтықтың (Р) өз ара қиылысқан екі түзуі (АВ және АС) екінші жазықтықтың (Р) өз ара қиылысқан екі түзуіне (DE және DF) параллель болса, онда мұндай екі жазықтық өз ара параллель болады.
2. Өз ара қиылысушы жазықтықтар. Өз ара қиылысушы жазықтықтарды қарастыруда олардың қиылысу түзуін анықтауға тура келеді. Бұл түзуді берелген жазықтықтарға ортақ екі нүкте арқылы құруға болады. Екі жазықтықтың өз ара қиылысу түзуінің проекцияларыр салу үшін осы жазықтықтарға ортақ екі нүкте проекцияларын салып, олардың ішіндегі аттастарын бастыра түзулер жүргізсе болғаны.

8 Билет


1.Жазықтықтың ерекше түзулері
Жазықтықтың ерекше түзулерді деп осы жазықтықта жатқан және проекция жазықтықтарының біріне параллель түзулерді атайды. Олар мынадай төрт бағытта болады:
- горизонталь;
- фронталь;
- профиль түзуі;
- ең үлкен көлбеу түзу.
Горизонталь түзуі деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель орналасқан түзуді айтады . Бұл түзудің барлық нүктелері π1 проекциялар жазықтығынан тең қашықтықтарда орналасады (барлық нүктелердің Z координаталары тең).

Сондықтан оның фронталь және профиль проекциялары сәйкесінше х және у осьтеріне параллель болып орналасады, ал горизонталь проекциясы түзудің нақты шамасына тең болып проек -цияланады. Горизонталь проекция жазықтығына бұл түзудің фронталь және профиль проекциялар жазықтықтарына көлбеу бұрыштары да бұрмаланбай нақты шамаларымен түседі (2.3,ә-суретте β0 және γ0 бұрыштары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет