1-билет Қозғалыс жүйесін зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары



бет30/38
Дата10.11.2023
өлшемі10,97 Mb.
#190796
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
1-20 билет
1 қыркүйек Тәрбие 2 сынып
Сенсорлық афазия
(Вернике афазиясы)
Оңқайларда сол жақ самай бөлігінің қыртысы зақымданған жағдайда (жоғарғы самай иірімінің
ортаңғы және артқы бөлімдері – Верник аймағы).
Қоршаған адамдардың да, өзінің де сөйлеуін түсінудің бұзылуы (есту гнозисінің бұзылуы).
Науқас сөйлеуді шу немесе шет тілі ретінде қабылдайды. Есту бақылауының болмауы
салдарынан экспрессивті сөйлеу екіншілікті бұзылады (логорея, "сөздік окрошка", литареалды
және вербалды парафазиялар, персеверациялар).
Семантикалық афазия Оңқайларда сол жақ төбе-самай бөлігі зақымданған жағдайда
Күрделі логика-грамматикалық конструкциялардың көмегімен берілген сөйлемдердің
мағынасын түсіну бұзылған, науқас шылаудың көмегімен айтылған қатынастарды түсінбейді
(квадрат астындағы шеңбер, шеңбер үстіндегі үшбұрыш), салыстырмалы конструкциялардың
мағынасы қол жетімді емес (Сараның шашы Алинаныкине қарағанда қаралау, бірақ
Кларанікінен ашықтау, кімнің шашының түсі ең ашық?), қайтарымды конструкциялар (түлкі
тауықты жеп қойды, тауық түлкіні жеп қойды), атрибутивті конструкциялар (әкемнің ағасы,
ағамның әкесі).
Амнестикалық афазия Самай және төбе үлестерінің артқы және төменгі бөлігі зақымданған кезде. Науқас заттың қалай пайдаланылатынын білсе де, есімдердің, заттардың атауын ұмытады. Алайда, науқасқа айтып жіберсек, ол бірден затты атайды. Сөзде жиі етістіктер мен сын есімдерді қолданылады, оқу мүмкін, бірақ жазу кенет бұзылған.
Тотальді афазия Маңдай, самай және төбе бөліктеріндегі ауқымды ошақтарда. Рецептивті және экспрессивті сөйлеу барлық көрінісінде жоғалады.
Дизартрия Сөйлеу-қозғалыс аппаратының орталық немесе шеткі салданумен, мишықтың немесе стриопаллидті жүйенің зақымдануымен шартталған артикуляция бұзылысы.
Алалия Сөйлеу алдындағы кезеңде сөйлеу дамысының кешігуі. Алалия кезінде психикалық бұзылулар болуы мүмкін.
Мутизм Сөйлеу аппаратының сақталса да, сөйлеудің болмауы, шизофрения кезінде болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет