1 Биологиялық материалдан сілтілерді оқшаулау үшін сумен тұндыру әдісі қолданылады. Алынған су сығындыларына қолданатын тазалау әдістің ерекшелігі және маңыздылығы. Жауабы


Диализатта калий , нитрит иондарын, азот қышқылын анықтауға арналған сапалық реакциялар



бет2/4
Дата22.05.2022
өлшемі248,97 Kb.
#144671
1   2   3   4
Байланысты:
диализ Туймебаева
1 -2иөж
Диализатта калий , нитрит иондарын, азот қышқылын анықтауға арналған сапалық реакциялар.

Жауабы:
Калий иондарын анықау үшін сапалық реакциялар натрий гидротартратымен және натрий кобальтинитритімен жүргізіледі:
Натрий гидротартратымен реакциясы. Натрий гидротартраты бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортада калий иондарымен кристалдық тұнба КНС4Н4О6 береді. Бұл тұнба ыстық суда, минералдық қышқылдарда жҽне сілтілерде ериді.

KCl + NaHC4H4O6 → KHC4H4O6↓ + NaCl



Реакцияның орындалуы. пробиркаға 3-5 тамшы диализат тамызып, 3-4 тамшы 1 М натрий тартраты ерітіндісін қосады. Пробирка қабырғаларын ақырын шыны таяқшамен үйкейді. Калий иондары болса, ақ кристалдық тұнба түседі.

Натрий кобальтинитритімен реакциясы. Бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортадан натрий кобальтинитриті Na3[Co(NO2)6] калий иондарын сары тұнба K2Na[Co(NO2)6] түрін шөктіреді. Күшті қышқылдық ортада реактив тұрақсыз қышқыл H3[Co(NO2)6] түзе ыдырайды, ал сілтілік ортада реактив ыдырағанда Со (ОН)3 тұнбасы түзіледі.

Na3[Co(NO2)6] + 2 KCl → K2Na[Co(NО2)6] ↓ + 2 NaCl


Na3[Co(NO2)6] + 3 NaOH → Co(OH)3↓ + 6 NaNO2

Реакцияның орындалуы. Кішкене пробиркаға 3-5 тамшы зерттелетін диализат енгізеді жҽне 2-3 тамшы натрий кобальтинитриті ерітіндісін қосады. Сары тұнба түсуі диализатта калий иондары барлығын кҿрсетеді.
Нитрит иондарын анықтауға сапалық реакция. Диализаттарда нитриттердің болуы сульфанил қышқылымен және Грисс реагентімен реакциялар арқылы анықталады
Грисс реагентімен реакциясы (сульфанил қышқылы мен 1-нафтиламин қоспасы)
Заттық шынының ойығына сірке қышқылымен бейтараптандырылған диализаттың бірнеше тамшысын қосып, Грис реагентінің 4 тамшысын қосады. Бірнеше минуттан кейін қарқынды қызыл түс пайда болады.

Сульфанил қышқылымен және β-нафтолмен әрекеттесу
Алдын ала бейтараптандырылған диализаттың 2 тамшысын заттық шынының ойығына тамызады, 2% тұз қышқылының ерітіндісіндегі 0,5% сульфанил қышқылының 3 тамшысын қосып, араластырып. 5 минуттан кейін қоспаға 1 тамшы β-нафтолдың сілтілі ерітіндісі қосылады-қарқынды сарғыш-қызыл түс пайда болады. Яғни, нитриттердің бар екендігін көрсетеді.
Азот қышқылы анықтау үшін сапалық реакциялар дифениламинмен, бруцинмен және жүннің боялуымен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет