1 Биологиялық материалдан сілтілерді оқшаулау үшін сумен тұндыру әдісі қолданылады. Алынған су сығындыларына қолданатын тазалау әдістің ерекшелігі және маңыздылығы. Жауабы



бет1/4
Дата22.05.2022
өлшемі248,97 Kb.
#144671
  1   2   3   4
Байланысты:
диализ Туймебаева
1 -2иөж

1
Биологиялық материалдан сілтілерді оқшаулау үшін сумен тұндыру әдісі қолданылады. Алынған су сығындыларына қолданатын тазалау әдістің ерекшелігі және маңыздылығы.

Жауабы:

Диализ - алынған су сығындыларына қолданатын тазалау әдісі болып табылады. Диализдің ерекшелігі – жартылай өткізгіш мембрана арқылы улы заттары бар сулы сығындыларды жоғарымолекулалы қосылыстардан тазарту.


Ерекшелігі: Диализді жүргізу үшін алынған сулы сығындылар мен тазартылған су арасына (арнайы құралға), саңылаулары иондарды және төменмолекулалы заттарды өткізіп, керісінше ақуыздар мен макромолекулаларды жібермейтін материалды – мембрананы орнатады да, оларды 2-3 рет диализге (әр жолы 4-6 сағат) ұшыратады.
Мебраналар коллодий, целлофан, жануарлар мен өсімдік мембраналарынан, синтетикалық материалдардан және т. б. жасалынады
Диализ диффузия процестеріне негізделген, сондықтан ол өте баяу жүреді.
Маңызылығы: Алынған таза диализатқа ары қарай сілтілер, қышқылар және олардың тұздарының бар жоқтығына ХТА-ді жүргізу дәл және нақты нәтижелерді көрсетеді

2
Белгісіз затпен улану болды. Биологиялық материал ортасының рН тексеру кезінде рН=2,0-3,0 анықталды. Химиялық-токсикологиялық зерттеу қандай заттар тобына жүргізілуі керек? Осы заттар тобымен улануды анықтау әдісі.
Жауабы:
Биологиялық материал ортасының рН=2,0-3,0 болса, айқын қышқылдық реакция көрсетіп тұр, яғни ХТА минералды қышқылдарға жүргізілуі керек.
Дитизонаттардың қышқылдығын анықтауды өз түсін қышқылдық ортада өзгертетін қышқылды-негіздік индикаторлар (метил күлгіні, конго қызылы, метил қызғылт-сарысы және т.б.) көмегімен жүргізеді. Диализатқа бірнеше тамшы индикатор ерітіндісін тамызады, бояуының өзгеруі зерттелетін сұйықтықта қышқыл барлығын көрсетеді. Кейін осы сұйықтықтарды күкірт, азот, хлорсутек қышқылдарының бар екендігіне зерттейді.
Күкірт қышқылын анықтауда мына заттармен реакция жүргізеді: барий хлоридімен(ақ тұнба); қорғасын ацетатымен (ақ тұнба); барий тұздарының натрий родизонатымен(қызыл).
Азот қышқылын анықтауда мына заттармен реакция жүргізеді: дифениламин(көк түс береді); бруцинмен (қызыл бояу); жүннің сарыы түске боялуы
Хлорсутек қышқылын анықтауда мына заттармен реакция жүргізеді:күміс нитратымен (ақ тұнба); калий хлоратымн ( иодкрахмал қағазының көгеруі)
3


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет