1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет10/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Сұйық дәрілік түрлер – суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік заттарды араластыру немесе еріту арқылы алынатын дәрілік түр. Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік түрлер еркін дисперстік жүйеге жатады. Сұйық дәрілік түрлер дәріхананың жалпы экстемпоральды рецептурасының шамамен 50% құрайды.
Сұйық дәрілік түрлердің артықшылықтары:
- ағзаға тез сіңірілетін болғандықтан, олар терапевтік әсерді тез көрсетеді;
- кейбір препараттарды, мысалы, бромидтерді тек сұйық дәрілік түр ретінде босату керек, себебі, бромидтер ұнтақ түрінде асқазанның шырышты қабатында жоғары концентрация түзіп, тітіркендіргіш әсер көрсетеді;
- қолдануы қарапайым және қолайлы;
- ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады;
- технологиясы қиын емес.
Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері:
- олардың сыртқы орта факторларына төзімсіз;
- олар микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне қолайлы орта болып саналады, сондықтан, сұйық дәрілік түрлердің сақтау мерзімі қысқа;
- тасымалдауға ықшамды емес;
- дозалануы дәл емес.
Сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі
Сұйық дәрілік түрлердің келесі белгілері бойынша бірнеше топқа жіктеледі:
- қолдану тәсілі бойынша;
- дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі мен дисперстік ортасына байланысты;
-еріткіштің құрамы мен табиғаты бойынша.
Сұйық дәрілік түрлердің қолдану тәсілі бойынша жіктелуі
1. Ішуге қолданылатын дәрілер –Бұл микстуралар және тамшылар
2. Сыртқа қолданылатын дәрілер
3. Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер
Сұйық дәрілік түрлердің дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен байланысы бойынша жіктелуі Осы белгі бойынша сұйық дәрілік түрлер келесі топтарға бөлінеді:
- нағыз ерітінділер;
- жоғары молекулалы қосылыстардың ерітінділері (ЖМҚ);
- коллоидты ерітінділер;
- суспензиялар;
- эмульсиялар;
- күрделі жүйелер
– дисперсті жүйелердің негізгі типтерінің қиыстырылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет