1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы


Физикалық және физикалық-химиялық сыйымсыздықтың түзілу себептері



бет35/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Физикалық және физикалық-химиялық сыйымсыздықтың түзілу себептері:
1. Дәрілік препараттардың ерімеуі және оның ерігіштігін нашарлататын жағдайлар.
2. Коллоидты жүйелердің және жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ) ерітінділерінің коагуляциясы. Эмульсиялардың қабаттануы.
3. Күрделі ұнтақтардың ылғалдануы және балқуы.
4. Дәрілік заттардың адсорбциясы.
5. Ингредиенттердің сыйымсыздығы немесе араласпауы.
Химиялық сыйымсыздықтың екі түрі болады:
1. Химиялық реакция типі бойынша: тотығу-тотықсыздану, алмаса ыдырау, нейтралдау, гидролиз реакциялары.
2. Өтіп жатқан реакциялардың визуалды белгілері бойынша: дәрілік тұнбалардың түзілуі, дәрі түсінің өзгеруі, дәрі иісінің өзгеруі және газ бөлінуі, сыртқа көрінбей өтетін өзгерістер.
Дәрілік заттарды бірге қолданған кездегі өзгерістер - фармакологиялық сыйымсыздыққа жатады және оны фармакология курсы қарастырады.
Физикалық және физика-химиялық сыйымсыздық. Дәрілік заттардың ерімеуі: Сұйық ортада дәрілік заттардың ерімеуін келесі жағдайлардағы сыйымсыздық түрінде қарастыруға болады: тұнбада улы немесе күшті әсер ететін заттар болады, дайындау кезінде ірі дисперсті қоспа немесе тұнба түзіліп, құты қабырғасына және түбіне жабысып, препаратты дәл дозалау мүмкін болмайды.
Химиялық сыйымсыздық. Химиялық сыйымсыздықтың негізгі түрлеріне ерімейтін немесе аз еритін қосылыстар түзу, органикалық заттар гидролизі, газдар түзу, тотығу-тотықсыздану реакциялары жатады. Тұнбалардың түзілуі. Сұйық дәрілік түрлерде тұнбалардың түзілу себептері болып әртүрлі химиялық процестер (нейтралдау, алмасу, тотығутотықсыздану) табылады. Тұнба түзе отырып, химиялық әрекеттесу реакцияларына түсетін көптеген дәрілік заттарды құрылысы бойынша, оларды күшті негіз және әлсіз қышқыл тұздарына, күшті негіз және күшті қышқыл тұздарына, сонымен қатар, ауыр және жерсілтілі металдар қосылыстарына жатқызады. Органикалық әлсіз негіздер тұнбалары. Әлсіз негіз және күшті қышқыл тұздары тек қышқыл ортада тұрақты. Сілті ортаға, әсіресе, морфин, атропин, папаверин, димедрол, дибазол тұздары сезімтал. Папаверин суда ериді (1:50000), ол сілті реакциялы заттармен бірігіп тұнбаға оңай түседі. Кодеин негізі суда ериді (1:150), сондықтан, сілтілермен бірігіп, бөлінген негіз ериді және тұнба түзілмейді. Сілтілермен, сонымен қатар, пилокарпин, термопсин, эфедрин негіздері де суда жақсы ерігендіктен тұнбаға түспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет