1 дәріс Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары


Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы



бет3/7
Дата02.11.2022
өлшемі41,17 Kb.
#156230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене дәріс тезистері (1)
54834f7f-b5cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeТерТех-МБ-1, 1513875817-2, 5 лекция , Педагогика Силлабус ХБ 4 топ, Лекция (5) 2, Хабарландыру, Өтебай Н.Р., Булшекбаева А.И.
3 дәріс

Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы


Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін гигиеналық факторлар, жаратылыстың табиғи күштері, дене жаттығулары т.б пайдаланылады. Дене тәрбиесін толыққанды игеруге барлық құралдарды кешенді түрде қолданған кезде қол жетеді. Өйткені олардың әрқайсысы адам ағзасына әсері әртүрлі болады. Гигиеналық факторлар – (оқу әрекеті, демалыс, тамақтану және ұйықтау тәртібі, киім, аяқ киім, дене тәрбиесіне арналған құрал-жабдықтар гигиенасы және т.б.) дене тәрбиесін тәртіпке келтіретін ерекше құралдардан құрылған. Олар дене тәрбиесімен айналысушылардың ағзасына дене жаттығуларының тигізетін әсерін арттырады. Мысалы, нәрлі және уақытылы тамақтану кезінде дене жаттығулары сүйек пен бұлшық ет жүйесінің дамуына жақсы әсерін тигізеді. Ұйқының қанық болуы тынығуды қамтамасыз етеді және жүйке жүйесінің жұмыс қабілетін арттырады. Бөлменің, дене тәрбиесіне арналған құрал-жабдықтарының, ойыншықтардың, атрибуттардың, сондай-ақ балалардың киімінің, аяқ киімінің таза болуы түрлі аурудың алдын алуға қызмет етеді.
Жеке және қоғамдық гигиена талаптарын орындау – балаларда жағымды эмоциялар тудырады және дене жаттығуларын игеруге неғұрлым жақсы жағдай жасайды. Гигиеналық факторлардың қызметі ерекше. Олар барлық ағза мен жүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі. Мысалы, жүйелі түрде және сапалы тамақтану ас қорыту қызметін жақсартады. Ағзаға қоректік заттарды дер кезінде жеткізіп тұруды қамтамасыз етеді, баланың қалыпты өсуіне және дамуына жағдай жасайды. Жарықтың дұрыс болуы көз ауруларының (нашар көру т.б.) пайда болуын болдырмайды, балалардың кеңістікте бағдар табуына неғұрлым қолайлы жағдай туғызады. Күн тәртібін қатаң сақтау ұйымшылдыққа, тәртіптілікке т.с.с. үйретеді (6-кесте).
Жаратылыстың табиғи күштері (күн, ауа және су) дене жаттығуларының ағзаға жағымды әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады. Ауада немесе суда (жүзу) дене жаттығуларымен айналысу процесінде жеке ағза мен ағза жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері артады (оттегі көп сіңіріледі, зат алмасу күшейеді, т.б.) Күн, ауа және су ағзаны шынықтыру үшін пайдаланылады, соның нәтижесінде адам ағзасы метеорологиялық әртүрлі өзгерістерге дер кезінде, жауап беру, шымырқану, тітіркену қабілетіне ие болады. Оның үстіне жаратылыстың табиғи күштерін дене жаттығуларымен үйлестіру – шынығу тиімділігін арттырады. Жараталыстың табиғи күштері дербес құрал ретінде де пайдаланыла береді. Су денені кірден тазалауға, қан тамырларын кеңейтуге және тарылтуға, адам денесіне механикалық әсер етуге пайдаланылады Орман, бау, парктердің құрамында ерекше заттары (фитоцидтер) бар ауа микробтарды жоюға көмектеседі, қанды оттегімен байытады, адамның ағзасына жақсы әсерін тигізеді.
Күн сәулесі тері астында Д витаминінің жиналуына себепші болады, әртүрлі микробтарды өлтіреді және адамды аурудан (мешел т.б.) сақтайды. Жаратылыстың табиғи күштерін мейлінше орынды пайдалана отырып қолдану керек. Дене тәрбиесі міндеттерін шешуде дене тәрбиесі құралдарын сауықтыру жұмыстарына тиімді пайдалану – балалардың жан-жақты үйлесімді дамуында өз нәтижесін береді және тиісті міндеттерін іске асыруда ұйымдастастырылатын жұмыс моделінің құрылымына байланысты жүргізіледі (7-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет