1 дәріс Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары



бет5/7
Дата02.11.2022
өлшемі41,17 Kb.
#156230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене дәріс тезистері (1)
54834f7f-b5cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeТерТех-МБ-1, 1513875817-2, 5 лекция , Педагогика Силлабус ХБ 4 топ, Лекция (5) 2, Хабарландыру, Өтебай Н.Р., Булшекбаева А.И.
5 дәріс
Дене жаттығулары


Техника бөлшектері – бұл жаттығудың екінші дәрежелі ерекшеліктері, олар техника негізін бұзбай өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, допты лақтырған соң тепе-теңдік сақтап қалу үшін дене тәрбиесімен айналысушылардың кейбіреулері аттап барып тоқтайды, ал енді біреулер артқы аяқты алдыңғы аяқ жанына қояды да екпінін тоқтатады. Техника бөлшектері адамның морфологиялық жеке және функционалды ерекшеліктеріне, жаттығудың қандай жағдайда орындалатындығына тәуелді болады. Дене жаттығулары бірінен соң бірі белгілі сәтте келіп отыратын фазалардан (немесе бөліктерден) тұрады. (9-кесте).
Циклсіз жаттығулар (лақтыру, секіру т.б.) үш фазаға бөлінеді дайындық, негізгі, және соңғы фазалар. Бүкіл фазалардың бәрі өзара байланысты, біртұтас өтеді және бір-бірімен шарттас келеді, бірақ олардың әрқайсысының тұтас жаттығуда атқаратын қызметіне байланысты ерекше орны бар.
Жаттығу бөлшектерге бөлінеді, мысалы, нысананы көздеп лақтыру; бастапқы жағдайды көздеу, құлаштау, лақтыру. Дене жаттығуларының бәрі кеңістікте орындалады.
Кеңістіктік сипатқа жататындар: бастапқы жағдай, дене және оның мүшелеренің қозғалыстағы жағдайы, траектория.
Бастапқы жағдай – бұл жаттығу басталар алдында, салыстырма түрде айтқанда қозғалмай тұру, ол әрекет етуге әзірлікті көрсетеді. Дененің және оның мүшелерінің бастапқы жағдайын өзгертумен бірге жаттығудың күрделілігін өзгертуге, бұлшық етке түсетін салмақты арттыруға және ағзаға жағымды әсер етуге болады.
Мысалы, орындықта отырып кеудені оңға, солға бұру қарын бұлшық еттерінің жұмысын күшейтеді, еденде жатып жаттығу дене салмағының омыртқаға түсіретін қысым күшін азайтады. Бастапқы жағдай жаттығудың дұрыс орындалу және келесі әрекеттердің нәтижелілігін қамтамасыз ету (мәреде тізені терең бүгу, жүгіру жылдамдығын мейлінше арттыруға көмектеседі) үшін мейлінше тиімді жағдай туғызады.
Дененің немесе оның жеке бөліктерін шынықтыратын дене жаттығуларын орындау кезінде бұлшық еттердің статикалық ширығуы үлкен рөл атқарады. Орындалатын дене жаттығуларының тиімділігі дененің қалыпты күйін сақтауға, денені және оның мүшелерін мейлінше оңтайлы жағдайда ұстауға байланысты. Мәселен, коньки, шаңғы тебушінің тізені төменірек бүгуі, велосипедшілердің отырысы ауа кедергісін азайтады, сөйтіп алға қарай шапшаң қозғалуға жәрдемдеседі. Жүгіру процесінде дененің алға-артқа еңкею бұрышын өзгерту арқылы оған жылдамдық қосуға болады. Кейбір жаттығуларды орындау техникасында бастың белгілі бір қалыпта болуы маңызды. Мысалы, орындық, бөрене үстімен жүргенде тепе-теңдікті сақтау үшін басты тік ұстау қажет. Мәнерлеп сырғанауда, көркем және спорттық гимнастикада дене және оның бөлшектері жағдайына арнайы эстетикалық талаптар қойылады: аяқтың басын тік ұстау, көкіректі түзу ұстау т.б. Кейбір бастапқы және статикалық жағдайдардың өзіндік мәні (тік тұру) де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет