1 дәріс Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары



бет4/7
Дата02.11.2022
өлшемі41,17 Kb.
#156230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене дәріс тезистері (1)
54834f7f-b5cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeТерТех-МБ-1, 1513875817-2, 5 лекция , Педагогика Силлабус ХБ 4 топ, Лекция (5) 2, Хабарландыру, Өтебай Н.Р., Булшекбаева А.И.
Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі құралы. Дене жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ психикалық қасиеттерді дамытуға себепші болады. Би музыкамен сүйемелдене отырып, ағзаның барлық жүйесіне әсерін тигізеді, дененің ептілік, шапшаңдық икемділік секілді қасиеттерін дамытады, сондай-ақ, қимыл-қозғалыстардың жарасымдылығын, еркіндігін, мәнерлілігін қалыптастырады.
Массаж (сипау, сылау, уқалау, шапалақтау т.б.) теріге, бұлшық етке, сүйек жүйесіне әсер етеді, тыныс алуды күшейтеді, қан айналымын, зат алмасуын, т.б. жақсартады.
Дене тәрбиесі міндеттерін іске асыруда ұйымдастастырылатын жұмыс моделінің құрылымы іс-әрекеттің алуан түрлері (еңбек, сурет салу, мүсін жасау, музыкалық аспаптарда ойнау т.б.) де қозғалыс, қимыл әрекеттері олардың бөлімдері болып табылатындықтан, адам ағзасына әсерін тигізеді. Бірақ еңбек процесінде жасалатын қозғалыстар, ең алдымен, нақты нәтижелерге жетуге бағытталады да, ал ағзаға әсер ету қосарлы фактор болып табылады. Сондықтан алуан түрлі ісәрекеттерді ұйымдастыру кезінде денені дұрыс қалыпта ұстауды, денеге түсетін ауыртпалықты балалардың жас шамасын, жеке басының ерекшеліктерін, олардың денсаулық жағдайларын, денелерінің жетілуін және дене әзірлігін ескере отырып, мөлшерлеуді қатаң қадағалаудың маңызы зор.
Әртүрлі жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі негізгі және қосымша құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі. Мәселен, бала өмірінің алғашқы үш айында гигиеналық факторлардың және жаратылыстың табиғи күштерінің маңызы мейлінше мол, бұдан кейін дене жаттығуларының және алуан түрлі іс-әрекеттің рөлі артады.
4 дәріс
СӘБИ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ


Мектеп жасына дейінгі бала ағзасының дамуы
Баланың алғашқы жеті жылы барлық ағза мен жүйелердің қарқынды дамуымен сипатталады. Бала белгілі бір туа бітетін биологиялық қасиеттермен, оның ішінде негізгі жүйке жүйелерінің типологиялық ерекшеліктерімен де (күш, ұстамдылық және ширақтық) туады. Бірақ бұл ерекшеліктер бұдан кейінгі дене және психикалық дамудың негізі ғана болып табылады, ал өмірдің алғашқы айларынан бастап баланы қоршаған орта мен тәрбие анықтағыш фактор болып саналады. Сондықтан баланың сергек, жағымды эмоциялық қалыпта, дене және психикалық дамуының толыққанды болуын қамтамасыз ететіндей жағдай жасаудың маңызы өте зор.
Морфологиялық құрылымының және ми қабыршағының үздіксіз функционалдық дамуы – бала өміріндегі орталық жүйке жүйесіне тән нәрсе. Ол бұдан кейінгі жылдарда сыртқы және ішкі қоздырғыштардың әсерімен жүзеге асады.
Туа біткен шартсыз рефлекстер (қорғаныстық, сақтанғыштық, тағамдық, бағдарлық) негізінде жоғары жүйке қызметі дамиды. Бала өмірінің алғашқы апталарынан бастап-ақ көру және есту қоздырғышына, сондай-ақ (Н.И. Касаткиннің зерттеулері көрсеткендей) алуан түрлі сыртқы қоздырғыштарға шартты рефлекстер пайда болуы мүмкін. Бала өскен сайын шартты рефлекстердің пайда болуы шапшаңдай түседі.
Егер сыртқы қоздырғыштардың бірін белгілі бірізділікпен ұзақ қолданса, онда реакцияларға жауаптың біртұтас жүйесі – динамикалық стереотип құрылады. Дұрыс тәрбиеленген жағдайда балада көптеген әртүрлі стереотиптерді қалыптастыруға болады, ол сыртқы жағдайлардан әсер алуды айтарлықтай жеңілдетеді, жүйке жүйелерінің жұмыс қабілетін арттырады. Мысалы, бүкіл күн тәртібіне, уақытылы ұйықтауға, ұйқыдан соң ертеңгілік бой сергіту жаттығуларын міндетті түрде орындауға, содан соң жуынуға, стереотип жасауға болады. Дегенмен, балаларда айнала қоршаған дүниеден саналы түрде әсер алу қабілетін дамыта отырып, баланың жасының, жағдайларының өзгеруіне байланысты кейбір стереотиптерді (әдеттерді) өзгерту мақсатында баланың жүйке жүйесін жаттықтыруды сақтықпен жүргізу керек. Мәселен, екі жасқа аяқ басқан бала қозғалысының даму ерекшеліктерін ескере отырып, балалар кәдімгі жүрісті игергеннен кейін күрделі жолдармен жүруді (жолмен, тақтайдың үстімен жүру) ендіру керек. Бала жаңа қозғалысқа қызыға, оны орындауға ұмтыла отырып, оған ұсынылған тапсырманы оңай меңгереді. Соның нәтижесінде тек жаттығуларды орындау кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де қозғалыс дағдыларын жетілдіру жүріп жатады.
Орталық жүйке жүйесінің дамуы және пісіп жетілуіне қарай статикалық және қимыл-қозғалыстық функциялар пайда болады. Бұл функциялардың пайда болуы мен нығаюы ішкі де, сыртқы да факторлармен анықталады. И.М. Сеченов жаңа туған баланың қаңқасының бұлшық еттер саласындағы инстинкттік қозғалыстардың аз мөлшеріне ғана ие екенін атап көрсеткен. Ал ықтиярлы қозғалыстардың бәрі баланың өмірі барысында сыртқы әрекеттер әсерімен қалыптасады. Мұның өзінде айналадағы орта әсерлерін қабылдайтын сезіну мүшелері жай-күйінің елеулі мәні болады. Баланың туар сәтіне таман оның сезіну мүшелері қозғалысқа қарағанда көбірек дамиды.
М.Ю. Кистяковскаяның зерттеулері арқылы қимыл-қозғалыстық және басқа анализаторлар арасында байланыс құрылуының белгілі бірізділігі анықталды. Өмірдің екінші айында кинесикалық және сезім мүшелері анализаторлары арасында байланыс орнайды, бұл баланың әртүрлі жағдайларда: етпетінен, шалқасынан жатқанда, тік тұрғанда басын көтеру және ұстау қозғалыстарынан көрінеді. Жас шамасының осы кезінде қолдың кинесикалық анализаторы мен еріннің, ауыз қуысының сілекей қабығанда және қолдың терісінде рецепторлары бар дене түйсігі анализаторлары аралығында байланыс пайда болуы мүмкін. Бұл қолдың ауызға бағытталуынан, саусақ сорудан сырттай көрініс береді. Кейінірек қолдың кинесикалық анализаторы мен көру анализаторы арасында байланыс орнайды, сол кезде бала қолын бетінен жоғарырақ көтереді және оған көз тоқтатып қарайды. Төртінші айдың соңы мен бесінші айдың бас кезінде әлдеқайда күрделірек көру кинесикалық байланыстары пайда болады, соның арқасында бала көзге түскен затқа қол созады және оны ұстайды. Пайда болып жатқан рецептораралық байланыстар күрделі функционалдық жүйелер құрайды мұның көріністерінің бірі – алуан түрлі қозғалыс болып табылады. Мұның өзінде тиісті сенсорлық нәтижемен аяқталатын қозағалыстар бұрын тұрақтанады. Балалардың күнделікті тіршілігінде қажетті жабдықтар мен құралдардың болуы, сондай-ақ жүйелі айна-лысы қозғалыс дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қимыл-қозғалыс анализаторының тез дамитыны байқалады, бұл жаста шартты рефлекстер тез қалыптасады, бірақ бірден тұрақтанбайды да, баланың дағдылары алғашында тұрақсыз болады. Қозу мен тежелу процестері ми қабыршығында оңай тарқап кетеді, сондықтан балалардың назар сала қарауы тұрақсыздау, жауап реакциялары эмоциялық сипатта болып келеді және шаршайды. Мұның үстіне мектеп жасына дейінгі балалардың қозу процестері тежеу процесінен басымдау болады. Сөйтіп, белгілі бір қимыл-қозғалыс дағдыларының құрылуы және олардың шартты рефлекс ретінде тұрақтануы, яғни қимыл-қозғалыс стереотипінің құрылуы үшін қоздырғыштарды қолданудың белгілі бір шамада қайталанғыштығы және бірізділігі талап етіледі. Белгілі жоспар бойынша өткізілетін дене жаттығулары – осындай қоздырғыштар.
Арнайы ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізген кезде балалардың еркін қимыл-қозғалыс әрекетіне жағдай жасау орталық жүйке жүйесінің неғұрлым дұрыс және уақытылы дамуына, демек, баланың психикалық және қимылдық жағынан дамуына көмектеседі. Екі жасқа толуға таяған бала жүреді, жылдың аяғына таман бала жүгіре бастайды. Екі жаста және үш жаста тәрбиелеу және үйрету әсерімен өрмелеу, лақтыру күрделі қимыл қозғалыстарды жасайды және сапасы жетіле түседі. Үш жаста секіруге дайындық қозғалыстары көрініс береді, ал осы жылдың соңында балалар алға қарай секіре алатын болады. Үш жасқа толған бала негізгі қозғалыстардың барлығын дерлік меңгереді және ең маңыздысы – оларды іс-әрекетінде еркін жүзеге асыра бастайды. Төрт-жеті жас аралығында игерілген іскерліктер мен дағдылар негізінде жатқан шартты байланыстар беки түседі де, одан әрі дамып, жетіледі Бұл балалардың өсіп келе жатқан кездегі жасына лайық мүмкіндіктеріне сай үйретіледі, бейімделуге мүмкіндік жасайды.
Дене жаттығуларымен жүйелі айналысқан, бұлшық етке түсетін күшті арттырған кезде 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың қимылқозғалыс қасиеттері қарқынды дамып, дененің сыртқы ортаға әзірлігі жоғарылай түседі (14-кесте).
Сәби және мектепке дейінгі жаста дененің жетілуі – бойдың, салмақтың, бас, кеуде сүйегінің тұрақты өсіп, өзгеруімен сипатталады.
Баланың бойы 3 жас шамасында 25 сантиметрге дейін өседі. Ал 5 жасқа таянғанда баланың бойы туғандағы бойымен салыстырғанда екі есе өседі.
Баланың салмағы өмірінің алғашқы жылында үш есе артады (туғандағы салмағымен салыстырғанда), ал бір жастан кейін салмақтың бір қалыпты өсуі байқалады. Жылына 2-2,5 кг қосылып отыратындығы, 6-7 жас шамасында баланың бір жастағы салмағы екі еселенетіндігі ғылымда дәлелденген.
Кеуде ауқымы да біркелкі өзгеріп отырмайды, ол, әсіресе, алғашқы жылы тез өзгереді, бұл кезде кеуденің ауқымы 12-15 сантиметрге дейін артады. Мектепке дейінгі кезеңнің бүкіл қалған мерзімі ішінде ол осы бір жастағы шамада артады. Кеуде ауқымының көлемі баланың толықтығына, оның денесінің дамуына және дене әзірлігіне (бұлшық еттің, тыныс қызметінің дамуына, жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуына) байланысты болады.
Сәби шақта бас ауқымының өзгеруі, негізінен, алғанда мидың салмағының артуымен анықталады, бірақ бас сүйегінде мешел ауруының салдарынан өзгеріс болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды. Дене жаттықтырудың игі әсері балалар денесінің даму деңгейінен ғана емес (денесінің даму деңгейі төмен балалар санының азаюы, орташа және жоғары деңгейде дамудың артуы), дене құрылысының жақсаруынан да (денесі жарасымды дамыған балалар санының артуы) көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет