1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет71/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
Шошқалар. Шошкаларда қанның А тобы жаксы зерттелген. Ол адамның А және кара малдың тобына туыстас. 1960 жылдан бастап шошканың қан тобын зерттеу жеделдетілді. Осы уакыттың ішінде 14 қан тобының жүйесі табылып, олар да көптік аллельдермен бақыланатыны анықталды. Бірақ олар ірі қара малдың e-локусымен салытырғанда онша күрделі емес. /4-жүйесінің ішінен Андерсен рецессивті О тобын тапты және А мен О-тобы жоқ шошкалар да бар болып шыкты. Біздің елде бұл зерттеулсрді В.Н. Тихонов, З.И. Вагонис т.б. жүргізген. Шошқаларда қан сарысуы белоктарының генети-калық өзгешеліктері табылған мысалы, преальбуминдерде, гаптоглобиндерде және амилазада.
Тауықтар. Американдық Брайлз және ағылшын Джил-мор иммунды сарысу көмегімен қан тобының 14 жүйесін тапты. Оның ішінде екеуі және Е) тығыз тіркескен. Олардың арасындағы кроссинговер жиілігі 1%-ке таяу. Кейбір жүйелері көптік аллельдермен бақыланады, олар күрделі антигендерге жауапты. Мұнда да қара малдікіндей б-жүйесі өте күрделі. Біздің елде тауықтың қанындағы генетикалық белоктардың биохимиялық түрлерін зерттеу Х.Ф. Кушнердің басшылығымен жүргізілді.
Қан топтары мен белок полиморфизмін іс жүзінде колдану. Тұқым қуатын касиеті бар қан топтары мен полиморфты белоктарды үй жануарларының әр түрлері бойынша практикалық және теориялық мәселелерді мал дәрігерлік тұрғыдан зерттеуге қолданады.
ШЫҚҚАН ТЕГІН АНЫҚТАУ
Қан топтары мал өмірінің соңына дейін өзгермейді. Оларды анықтайтын тендер кейінірек бір-бірімен бірнеше комбинация түзеді, сондықтан, каны бірдей екі малдың пайда болу мүмкіндігі шамалы. Қанның түрін олардың шыққан тегін аныктау үшін қолданады.

Мал шаруашылығында кейде бір аналықты екі аталыкпен ұрықтандырады. Бұл жағдайда одан туған ұрпактың қай атадан туғаны белгісіз болады. Міне осындай күмәнді жағдайларда атасын анықтау үшін қан тобы мен полиморфты белоктарды қолданады. Ата-тегін қан тобымен анықтау жоққа шығару принципіне негізделген. Әрбір қан тобы ұрпақтың ата-енесінің біреуінде не екеуінде де болуы ке­рек, ал олай болмаса оның шыққан тегі жөніндегі дерек дұрыс емес деп саналады. Кейбір қан топтарының жүйесінде ұрпақтың генотипін қан типінің негізінде бірден анықтауға болады. Жекелеген жағдайларда қан тобының жүйесін анықтау арқылы оның аталығын жоққа шығаруға дәлел табуға болады. Мүмкін болатын аталық-аналықтарын қан типі бойынша анықтау 39-кестеде келтірілген. Кестеде көрсетілген бірінші мысалда бұзауда w және z факторы мен Д трансферрині бар, ал аналығында олар жоқ. Олар №35 бұқа да жоқ, демек ол бұзаудың атасы емес. Ал № 36 бұқаның қанының типі оның атасы деп айтуға сәйкес келеді. Егер осы екі бұканың атасы жөнінде сөз болса енесі жөнінде ешбір күмән жоқ. № 36 бұқа осы бұзаудың атасы деп дәлелденеді. Екінші мысалда бұзаудың енесі сойылған немесе оның деректері жоқ.
Бұзаудың қаны FV локусында тек К-реагентімен ғана әсерлеседі, сондықтан бұзау ғғ) гомозиготалы. №488 бұқа Ғғғ бойынша гомозиготалы болғандықтан, кім екендігіне қарамай, ол бұзаудың атасы болуы мүмкін емес-Трансферины Tf локусы бойынша осыны айтуға болады,бұзаудың генотипі Т/^Т/Яал №488 бұканікі - TfA/TfA. Сонымен қатар № 833 бұқаны бұзаудың атасы деп айтуға қарсы деректер жоқ. Аталығының дұрыстығын жоққа шығару аталық-аналық жөніндегі деректер толық болмаса да мүмкін. Бірақ онда генотипі тікелей фенотиппен анықталуы тиіс, мысалы қар малдың В, FV, SU, Z, В, S, жүйелерін кейбір кезде А және С жүйелерімен, электрофорез арқылы табылған жүйелердің (мысал 7/және He) көмегі арқылы табуға болады.
Швецияның зерттеушілері 1000 аса аталық-аналықтарын анықтағанда 81% бірдей нәтиже алды. 1-2% ғана бұқалар шын мәнінде сәйкес болмай шықты. Трансфериндерді зерттеу анықталудың дәлдігін 90%-ке дейін көтереді. Егер деректер толық болмаса, мысалы, аналығының қан тобы белгісіз болса, онда шешімнің ыктималдылығы небәрі 40-50% болады.
Полиморфты белоктарды қосымша қолдану, шығу тегін анықтаудың дәлдігін 17-20%-ке дейін арттырады. Ол белоктардың жеке өзін қолдануға да болады, неғұрлым ұрпактың ата-енелерін анықтау үшін локустар көп алынса, солғүрлым дәлдігі арта түседі. 40-кестеде Павлодар совхоз-техникумындағы солтүстік қазак мериносы тұқымының 63 "үштігінің" (атасы-енесі-ұрпағы) зерттеу нәтижесінен мысал келтірілген (С.Ж. Стамбековтың деректері).
Зоотехникалық есеп журналында № 08670 қозының аталығы № 69275 қошқар деп жазылғанмен сенімсіз, себебі трансферин локусы бойынша қозының СС гомозиготалы болуы,оның атасында да болуы керектігін білдіреді. Сондықтан ол қозының атасы № 78215 қошқар болуы мүмкін, себебі онда қозыдағы барлық тендер бар. Отарда ұрықтандырғанда осы екі қошқардан ұрық алынған.
Екінші жағдайда козының аналығының сәйкестігі күмәнді. № 18066 саулык қозының аналығы болуы үшін Tf және HbB болуы керек. Қозыны осы саулыққа теліген болу керек. Биохимиялык полиморфизмнің көмегімен қозының аналығын аныктау қиын, себебі бір отарда осы локустары бойынша бірдей ондаған койлар болуы мүмкін.
Үшінші жағдайда № 081191 қозының атасы да енесі де қан көрсеткішімен сәйкеспейді, себебі трансферин локусы бойынша оларда TfB гені жоқ, ал қозыда ол гомозиготалы
Қозылардың шыққан тегін анықтау

түрде анықталған. Мұндай сәйкеспеушіліктердің көпшілігі шаруашылықта зоотехникалық есептің дұрыс жүргізілмеуінің зардабы деуге болады.


ЕГІЗДЕРДІ ЗЕРТТЕУ
Екі бұзауда мүлде бірдей қан типінің болу ықтималдығы өте шамалы. Сондықтан екі түрлі жұмыртқа клеткасынан пайда болған егіздерде қанның типтері әр түрлі бола­ды деп есептеу керек. Ірі қара малдың екі жүмыртқа клеткасынан жаралған егіздердің антигендері бірдей, ал сарысу тобы мен лактоглобулиндері бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ірі қара мал егіздерінің (оның ішінде әр түрлі жыныстылары да) жатырдағы даму ерекшелігіне байланыс­ты. Ол: 90%-ке жуық егіздсрдің қан тамыр жүйелері бір-бірімен қатынасын (анастомоз), бір организмдікіндей жұмыс атқарады. Америка зерттеушісі Оуэн бұл жағдайда (анастомозда) қан жасаушы клеткалар арасында алмасу болатынын көрсетті. Олар рецепиентінің организмінде орналасып қалыпты түрде дамиды. Туғаннан кейін мұндай егіздер екі түрлі эритроцит шығарады, біреуі — езінікі, екіншісі — сыңарының генотипіне сәйкес (61-сурет). Бұл жаналық жүре пайда болған иммунологиялық толеранттылық (лат. "толератиа" - шыдамдылык, яғни иммундық жауапты жоғалту деген мағанада) теориясын жасаудың жолын ашты. Егіздердің қан алмасуы әрдайым дамудың бас кезеңінен ба-сталғандықтан олар бөтен белоктарға антиденелер бөліп шығармайды. Егіздер сыңарының антигендеріне өмір бойы шыдамдылық (толерантность) көрсетеді. Осының негізінде егіздерге бір біріне органдар мен тканьдерді жемісті алмастыру мүмкіндігі жоқ.






Егіздерде екі типті эритроциттердің қосылысын қан тобының өрнектілігі (мозаика) деп атайды. Мүндай малдар-дың қан денешіктері реагенттермен толық гемолиз бермейді. Қан ерітіндісін екі фракцияга бөліп оның әрқайсысының ерітіндідегі үлесін анықтауға болады. Егерде егіздің бір сыңарындағы бір фракцияның үлесі 70%, ал екіншісінікі 30% болса, онда екінші сыңарынікіде соншама болады. Бұдан бір сыңарда екіншісіне қарағанда өз қан

61-сурет. Эритроциттердің өрнектілігіне (мозаикалыққа) әкеп соғатын екі жұмыртқадан жаралған егіздер қан тамырларының жалғасу (анастомоз) схемасы. Бір жұмыртқадан жаралған егіздерде қан тамырларының жалғасуына қарамастан қан типі әрдайым бірдей болады (Төлле, 1960).
типінің аз болатындығын көруге болады. Кейбір жағдайда бұл фракциялардың арақатынасы бір жаққа ығысқаны сон­шама, тіпті екінші типті табуға мүмкіндік болмайды. Өрнектілік құбылысы қан тобынан басқа да қызық құбылыстарды ашуға көмектеседі. Мысалы, Швецияда бір огізшенің қан тобын зерттегенде оның қанында w факторы-ның барлығы анықталды, ал оның ата-енесінде ол фактор жоқ болып шықты. Енесінің Д-локусында вс'КҮАҒі'0' фактор­лар комбинациясы оның гетерозиготалылығын ВВҮКҮА0'BGYEl немесе вВСКҮА'°' Вғ- екенін көрсетеді. Ал өгізшеде ол аллель жоқ. Осыған сүйеніп оның енесі дұрыс жазылмаған деген кортынды жасауға болар еді. Бірак кейінгі зерттеулер оның енесінің егіздің сыңары болғанын және сыңарының туғанда өлгенін анықтады. Енесінің қанына мүқият зерттеу жаса-ғанда, оның мозаикалы эритротроциттері бар екені, және кан түйіршіртерінің бір типінде w факторының жекеленген. fi-локусының комбинациясының барлығы анықталды, сон-дықтан бүл сиырдың осы огізшенің енесі екені дәлелденді. Бүл типтегі эритроциттер үлесі бар жоғы 5% кана болды, сол себептен алғашқы зерттеулерде көрінбей қалған. Осы келтірілген мысалдан қан түйіршіктерінің типі өз генотипіне сәйкес келсе, колеңкеленіп қалуы мүмкін. Сон-дықтан шығу тегін зерттегенде әсіресе, егер олардың біреуі егіздің сыңары болса, өте сақ болу керек.
ЕГІЗДЕРДІҢ МОНО-ЖӘНЕ ДИЗИГОТАЛЫҒЬІН ЗЕРТТЕУ. Қандары әр түрлі типке жататын егіздердің екі жұмыртқа клеткасынан таралғаны айқын. Оларды дизиготалы егіздер деп атайды. (Орнекті эритроциттері бар егіздер осыған жатады). Бір жүмыртқадан жаралған егіздерді моно-зиготалы деп атайды.
Швед ғалымы Гане трансферриндер құрұмына қан тамырларының анастомозы әсер етпейтінін дәлелдеді. Егер егіздердің генотипінде әр түрлі трансферриндер кездессе, олардың фенотиптерінен айырмашылықтары болады. Осындай зандылықтар У-лактоглобулин мен /-антигеніне де тән қасиет. Жоғарыда айтылғандай эритроциттердің У-антигені плазмадағы еритін У-затымен анықталады. Ұрықтық кезеңдегі егіздердің қан тамырларының анастомозы, осы заттар жасалып шығатын тканьдерге сірә әсер етпейтін бо­луы керек. Дизиготалы егіздердің көпшілігін осы үш жүйенің көмегімен айқындауға болады. Трансферриннің көмегімен швед қызыл ала тұқымының егіздерінің тең жарымы анықталған. 441 эр түрлі жынысты жүп егіздердің 12%-де қан тамырының анастомозы болмағандығы, 18%-де өрнекті эритроциттердің барлығы, 14%-де өрнектің жоқтылығы, бірақ У-факторынан айырмашылығы бар, қалған 6%-де қанның бір типі ғана түқым қуғаны анықталды. Кейінгі зерттеулер қан топтарының антигендері мен сарысу белоктарының көмегімен 98% жұп дизиготаларды анықтауға болатынын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет