1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет73/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
Мал тұқымдарын популяциялық денгейде зерттеу. Адамның қан топтары маңызды көмекші құрал ретінде антропологиялық (адамның шығу тегін) зерттеулерде қолданылады. Мысалы, әр түрлі қан топтары гендерінің жиілігін зерттеу негізінде нәсілдер арасындағы туыстықты анықтауға бола­ды. Сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы жүрген халықтардың орын ауыстыруы (миграция) зерттеледі.
Мал шаруашылығында қан топтарын зерттеу үлкен көлемде тек американдық және батыс европалық ірі қара мал тұқымдарында ғана жүргізіліп, қызықты нәтижелер алынды. Мысалы, әр түрлі қан топтарында, әсіресе күрделі fi-жүйесінде тендер жиілітінің бірталай айырмашылыктары анықталды. Бұл зерттеулер көп жүргізілген джерсей тұкымы батысевропалық қара малдары ішінде ерекше орын алады. Біріншіден оларда джерсей тұқымынан басқаларда кездеспейтін кейбір fi-аллельдер бар. Сонымен қатар, джер­сей тұкымында Z'-фактор мен В типті гемоглобин жиірек кездеседі. Осы екі белгі басқа европалық тұқымдарда өте сирек, бірақ Азия және Африка зебулерінде және Шығыс Европаның оңтүстігіндегі ірі қара малда жиі кездеседі. Джерсей малының шығу тегі жөнінде пікірлер әр түрлі. Кейбір авторлар оны Үнді жазығынан Солтүстік Африка арқылы Европаға келген малдардан тараған деген пікірде. Қан топтарын зерттеу нәтижелері бұл теорияны қолдайды.
ҚАН ТОПТАРЫ ӨНІМ БЕЛГІЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Қан топтарының шаруашылыкқа пайдалы белгілерге әсерін үш тҰрғыдан қарау керек (62-сурет).
а) гендердің плейотропты (көптік) әсерінен, яғни қан
тобына жауапты ген белгілі бір өнімнің белгісіне тікелей
немесе жанама әсер етеді;
б) тіркес әсер ету арқылы бұл жағдайда қан тобының
гендер жүйесі өнім белгісін анықтайтын ген жүйелерімен
бір хромосоманың бойында орналасады;
в) гетерозистің әсерінен, мұнда бір қан тобының
жүйесіндегі гетерозиготалық бір немесе бірнеше өнімдік
белгілерді дамытады.
Бұрын айтылғандай көптеген өнім белгілері гендердің көп санымен және қоршаған ортаның әсерімен анықталады. Сондықтан өнім мен қан тобының арасынан тығыз өзара байланысты күтпеу керек. Қанның биохимиялық топтары ішіндегі гемоглобин және трансферрин сияқты заттар да маңызды физиологиялық кызметтер атқарады. Сондықтан, мысалы гемоглобиннің
топтары эритроциттердің әртүрлі оттегін тасудағы қабілеттілігі арқылы мал-
дың өніміне әсер етуі мүмкін.Қойларда гемоглобиннің А типі оттегін В типін
қарағанда көбірек сиғызады. Гетерозиготалыларда оттегімсн камтамасыз етуіне байланысты гемоглобиннің екі типінің үлесі белгілі бір шекте өзгереді. Қойлардың әр түрлі тұқымдарында гемоглобиннің екі түрінің
оттегімен байланысу қабілеттілігін анықтау жөніндегі гендердің жиілігіндегі
айырмашылықтар көрсетілген. Эванстың деректері бойын­ша жазықта өсірі летін қой тұқымдарында НвА типі Нвв типіне қараған да жиірек, ал таулық тұкымдарында керісінше көрініс байқалады. Бұл жағдай Қазақстанда өсірілетін қой тұқымдарына Т. Садықүловтың, С. Стамбековтың зерттеулері көрсетті. Ал оттегін байлағыштык қасиеттің А гемоглобинінде болатындығы оның артықшылығын көрсетеді, себебі таулы аймақтарда өттегінің мөлшері шамалы. Ал жазықта оттегі мөлшері жоғары, сондықтан В гемоглобині тараған, себебі ол оттегінен жеңіл айрылады. Сондықтан таулы және жазықтағы қой тұқымы гемоглобиндерінің әр түрлі болуы, табиғи сұрыптау арқылы қоршаған ортаға сәйкес реттелуі мүмкін.
Көптеген зерттеулер қан антигені және трансферриндердің өніммен байланыстылығы жөнінде жүргізілді. В.Н. Тихонов кейбір қан топтарының антигендерінің гетерозиготалығы гетерозис туғызатынын анықтады. Антигендік факторлар мен полиморфты белоктардың шаруашылыққа пайдалы өнімдермен байланысы жөніндегі зерттеулер күн сайын көбейіп келеді. Қан мен өнім көрсеткіштерінің арасындағы корреляциялық мал ша-руашылығындағы маңызы өте тығыз (жоғары) болғанда ғана осы малдан күткен өнімді, оның жас кезінде анықтауға болар еді. Қазіргі күнге бұл нәтижелер әлі сенімді ақтамай жүр.
Клетканың тұқым қуалаушылыққа қатысы


Жер шарының түкпір-түкпіріне кең тараған алуан түрлі өсімдіктер және жануарлар популяцияларының өсіп-өнуі, көбеюі, тіршіліктің ең алғашқы нышаны – клетка арқылы іске асқан.
Өсімдіктермен жануарлар клеткалары бір-бірінен көлемі жағынан және атқыратын міндеттерімен ажырасады. Бірақ клеткалардың құрылысы және жеке органоидтарының функциялары бір-біріне ұқсас болады.Клетканың құрылысы жөніндегі жинақталған білім жүйесін арнаулы пәндерде зерттейді (анатомия,гистология,цитология, физиология).Ал генетика клеткадағы тұқым куалаушылық және өзгергіштік ерекшіліктерін зерттей тіршілікпен гендердің арақатынасын дәлелдемек. Клетканың құрылысы туралы ғылыми мәліметтер туралы мәлңметтер XX ғасырдың ішінде айтарлықтай жаңалықтармен толықтырылған жоқ. Ал екінші жағынан тіршілікте атқаратын міндеті туралы әсіресе тұқым қуалаушылықтаңы функциясы жөнінде көптеген ілімдер бар.
Генетикалық тұрғыдан алып қарағанда клеткадағы тұқым қуалаушылық касиетпен байланысты өтетін құбылыстарды екіге жіктеуге болады:

  1. Тұқым қуалаушылық информациясының тұрақтылығы, материалдық негізін сақтауы және екі есе көбеюі – ядроның қасиеттерімен байланысты. Цитологияда бұл қасиеттерді хромосомалардың өсіп-өнуімен және дамуымен байланыстырады;

  2. Егер ядро генетикалық информацияның сақталатын орны ретінде пайдаланса, онда цитоплазманы осы информацияның іске асатын орны деп білу керек. Тұқым қуалаушылық туралы хромосомдағы жиналған баған цитоплазма рибосомдарында белок синтезін реттейді, белгілердің, қасиеттердің, болашақ организм ерекшіліктерін қалыптастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет