1-дәріс. Мәдениет морфологиясы және мәдениет тілі



бет1/8
Дата03.10.2023
өлшемі59,55 Kb.
#183411
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-дәріс
2-дәріс




1-дәріс. Мәдениет морфологиясы және мәдениет тілі
1. Мəдениеттану: пəндiк ерекшелiктерi, міндеттері және әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесінде алатын орны
2. Мәдениет ұғымы және қызметтері
3. Мәдениеттің типологиялық ерекшеліктері
4. Мәдениеттердің тарихи және аймақтық типологиясы
5. Мәдениет динамикасы
6. «Өркениет» түсінігінің көпмәнділігі
7. Өркениеттің типологиясы
8. Мәдениеттің тілі мен белгілері, кодтары мен универсалийлері
9. Қазақ тілінің пайда болу тарихы

Дәріс мақсаты:


- мәдениеттанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысын ашып көрсету;
- мәдениеттанудың мақсаты, міндеттері және пәнін қарастыру;
- «мәдениет» ұғымының пайда болу, қалыптасу тарихын зерделеу;
- «мәдениет» ұғымын негізгі зерттеу әдістерін және мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметін негіздеу
- мәдениеттің типологиялық ерекшеліктерін қарастыру және оның тұжырымдамалық схемасын негіздеу;
- мәдени-тарихи дамудың бірсызықтық және көпсызықтық тәсілдерін негіздеу;
- Шығыс-Батыс, Солтүстік және Оңтүстік сияқты аймақтық мәдениеттердің сипаттамалық ерекшеліктерін анықтау;
- Мәдениет динамикасын анықтаушы нешізгі факторларды қарастыру.
«өркениет» түсінігінің көпмәнділігін қарастыру және түсініктің мазмұнын ашып көрсету;
- өркениет типологиясының негізгі жіктелу критерийлерін және түрлерін анықтау;
- мәдениеттанудың код, символ, белгі сияқты негізгі түсініктерін қарастыру және мәдениет белгілерін негіздеу.
- Мәдениеттанудың негізгі семиотикалық ұғымдарын код, символ, белгі ретінде қарастыру және мәдениеттегі белгілердің негізгі түрлерін негіздеу;
- қазақ тілінің пайда болуы мен пайда болу тарихымен таныстыру.

  1. Мəдениеттану: пəндiк ерекшелiктерi, міндеттері және әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесінде алатын орны

Мəдениеттану жеке пəн ретiнде ХIХ соңғы ширегiнде қалыптаса бастады, сондықтан да оны əлi де болса да буыны бекiмеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мəдениеттану – мəдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық iлiм, өйткенi ол философияның басты саласы – мəдениет философиясын қамтиды. Мəдениеттану қоғамда болып жатқан түрлi процесстердi (материалдық, əлеуметтiк, саяси, адамгершiлiк, көркемдiк т.б.) барынша қамтып, мəдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмiр сүруiнiң принциптерiн жəне бiр-бiрiне этно-əлеуметтiк, саяси –моральдық, ғылыми-көркемдiк жəне тарихи сипаттамаларымен , жағдайларымен ерекшелiнетiн алуан мəдениет түрлерiнiң өзара байланыстары мен тəуелдiлiктерiн зерттейдi.
Мəдениеттану пəнi сонымен қатар жергiлiктi жəне аймақтық мəдениеттердiң сапалық ерекшелiктерiн, олардың өзара байланыстары мен мəдениеттiң басқа түрлерiмен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының бiртұтас мəдени даму процесiнiң жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мəдениеттану пəнi түрлi қоғамдар барысындағы мəдени өмiрдi жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мəдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.
Мəдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пəндер қатарына да жатқызуға болады, өйткенi бұл пəн адамзат баласының мəдени өмiрдегi толып жатқан құбылыстарын жүйелi түрде қарастырады. Ал мəдени процестердiң мəнiн ашып көрсетуде түрлi ғылым салаларының өкiлдерi, атап айтқанда этнографтардың, əдебиетшiлердiң, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың атсалысатынын ескерсек, мəдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мəдениеттануға осы уақытқа дейiн түрлi ғылым салалары, атап айтқанда, социология, антропология, психология, этнография, өнертану зор ықпал еттi. Ендi осы аталған ғылым салаларының мəдениеттануға қалайша ықпал ететiндiгiн қарастырып көрейiк.
Мəдениеттану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлi əлеуметтiк топторға жататын адамдардың қызметi мен iс-əрекетi заңдылықтарын зерттейтiн əлеуметтiк социологияның мəлiметтерiнiң алатын орны еркше, өйткенi олардың мəдени iс-əрекет көрiнiстерi белгiлi бiр психологиялық сарынға байланысты болғандықтан, мəдениет саласындағы зерттеу жұмыстарында бұл факторларды ескермеске болмайды. Мысалы жер мен табиғатқа ерекше сезiммен қарайтын ауыл психологиясының өзiндiк ерекшелiктерiн бiлмей жəне байыбына бармай тұрып,- “шаруашылық мəдениетi” жайында толық түсiнiк ала алмаймыз. Демек, қоғамда мәдениеттің атқаратын қызметінің даму заңдалықтарын анықтап, әртүрлі әлеуметтік топтардың мәдени ерекшеліктерін зерделейді
Антропологияның басты бағытының бiрi - қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, “антропология” мəдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады .Олар;
1.Қоғам мен адамның мəдени қалыптасуы( ағартушлық);
2.Қоғамдық жəне адамзаттық салт-дəстүрлердiң, əдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердiң жəне т.б. жиынтығы(бiрлiгi);
3.Белгiлi бiр қалыптасқан мəдени жүйенiң басқа мəдени құндылықтарға қарсылығы.
Дүние жүзi халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мəдени жəне тұрмыстық ерекшелiктерін,олардың шығу тегi мəселелерiн, олардың жер жүзiне таралып қоныстануы мен мəдени тарихы қарым-қатынастарын зерттейтiн этнография ғылымы адамзат баласының өткен заман мен бүгiнгi таңдағы мəдениеттiң мол мұрасын игеруге жəне оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге айрықша рөл атқарып отыр. Этнография ғылымы белгiлi бiр халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық жəне рухани мəдениет саласындағы жетiстiктерiне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып, мəдениеттану ғылымының қалыптасуына өзiнiң қомақты үлесiн қоса бiлдi.
Ұлттық мəдениетттiң ойдағыдай зерттелуi этникалық немесе ұлттық психологияның мəлiметтерiмен де тығыз байланысты болып келедi. Нақты тарихи тəжiрибе негiзiнде əрбiр нəсiлдiң, тайпалар мен халықтардың психикалық өмiр салтының ерекшелiктерiн байқай отырып, “этнопсихология” рухтың белгiлi бiр ұлттың қайталанбайтын өзiндiк қасиетерi жөнiндегi Гегельдiң, Гумбольдтың жəне олардың iзбасарларының философиялық қағидаларына барып тiреледi. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктеріне есепке ала отырып, кез келген ұлт мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мәнін осы тамаша рухани дүниелері өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Өнертану ғылымы көркем мәдениеттің ерекшеліктері мен бірегейлігін, адамның эмоционалдық көңіл күйіне тигізер әсерін ашып көрсетеді.
ХХ ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан тағы бір ғылым саласын ерекше айтып өткен жөн сияқты.Ол белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі қажетті ғылым саласы аз уақыт ішінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті.Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясына, қоғамдық ғылымдар және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік табуда.
Жоғарыда айтып көрсеткендей, мәдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, соған қарамастан бұл пәннің өзіндікбағыт- бағдар , бет-бейнесі бар.
Мәдениет теорияларының санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеп соқты.
Мысалы: Мәдениетті семиотикалық тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю. Лотман. Сондай–ақ мәдениетті әдебиеттік (Е.С.Аверенцев) тарихи (Л:Н.Баткин), методологиялық (А.Кребер), антропологиялық (М.Мид) және т.б. тұрғыдан пайымдау бар. Әрине олардың мәдениет мәселесіне байлансты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар, бірақ олар, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді.
Әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамандықтары тұрғысынан қарастырады. Бұл ғылым салалары бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, ол мәдениеттануды, тарихты, психолгияны игергенде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегінде тарихшы да, психолог та, социолог та сол сияқты. Мәдениеттің әртүрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне үлкен қызығушылық тудырды. Оған дәлел 1964 жылға қарай батыс әдебиетінде мәдениетке 257 анықтама бергендігі жөнінде Американ мәдениеттанушылары А.Кребер мен К.Клохконның мәлімдемесі бар. Бүгінге дейін мәдениет ұғымының шеңбері бұрынғыданда кеңейе түсті.
Бірте-бірте мәдениеттану мәдениет туралы ғылымдар кешенінің методологиялық негізіне, интегративиттік білімге айналуда.
«Мәдениеттану» пәнінің орны, мақсаты және нысанасы адам мәдениетінің мәнін тану қажеттілігімен, яғни тарихи-мәдени тәжірибені игерумен және мәдениеттің даму болашағын болжаумен байланысты.
Тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты мақсат – Халықтың рухани байлығы – мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқит. Мемлекет басшысының «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – өскелең ұрпақтың ұлттық салт-санасын жаңаша тәрбиелеудің алтын қазығы іспетті. Оның астарында жаһанданудың жедел қарқынын ескере отырып, еліміздегі қоғамдық сананы, мәдени дамуды әлемдік деңгейге көтерудің кең ауқым­ды реформалық идеясы жатыр. Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді: 1. Бәсекеге қабілеттілік; 2. Прагматизм; 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау; 4. Білімнің салтанат құруы; 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6. Сананың ашықтығы.
Ал осы қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда жоғары оқу орындарының орны бөлек. Өйткені, «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қата­рында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт»,– делінген Елбасы мақаласында. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі өте зор.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет