1 дәріс. Педагогика



бет17/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистiк педагогикалық идеялары


Василий Александрович Сухомлинский 33 жыл бойы өмiрiнiң соңына дейiн Павлыш мектебiнде директорлық қызмет атқарған жылдарын «ең үлкен, ешнәрсемен салыстыруға келмейтiн бақыт» деп жазды.

1958 жылы В.А.Сухомлинский кандидаттық диссертация қорғап, директорлық қызметiн сол Павлыш мектебiнде жалғастыра бердi. 1968 жылы КСРО Педагогикалық академиясы оны өзiне ғылым корреспондент мүшесi етiп сайлады. Ол педагогикаға саласына арналған 38 кiтап жазып шығарып, бiрнеше басылмаған еңбектердiң қолжазбасын даярлады.



В.А.Сухомлинскийдiң еңбектерi әлемдегi халықтардың 40 тiлiне тәржiмаланды. Ол - тәрбиенiң теориясы мен тәжiрибесiне, дидактика мен мектептануға зор үлес қосқан белгiлi ұстаз. Ол тәжiрибе мен теорияны ұштастырған талантты педагог болды, өмiр бойы селолық мектепте ұстаздық қызмет еттi. Оның қызметiндегi ең маңызды нәрсе - педагогтың өз кәсiбiне шығармашылықпен қарауы әлеуметтiк мәнi зор мәселе болды.

В.А.Сухомлинский басты назары жас ұрпаққа азаматтық тәрбие беру болды. Ол тәрбие үрдiсiнде ұжымды қалыптастыру теориясын жетiлдiрiп, ұжымдағы жеке оқушымен жұмыс жасау әдiстемесiн жасады. Ұжымның бай рухани өмiрiн қалыптастыру өте күрделi: ол әр оқушының рухани өмiрiн қалыптастырып, ұжымдық «рухани байлыққа» айналып, одан жеке оқушыға әсер етiп, үнемi бiр-бiрiнiң дамуына өзара ықпал ететiн терең байланыстар орнатады» деп көрсетеді.

В.А.Сухомлинский халық дәстүрі мен, фольклорының, табиғаттың тәрбиелiк ықпалын терең зерттеп, педагогикада өзiндiк қолтаңбасын қалдырған педагог. Ол «Балаларға жүрек жылуы» (1969) атты еңбегiнде тәрбиешi қызметiнiң нәтижелi болуы - балаларды жан-жақты дамытуға, олардың рухани өмiрi мен әр баланың даму ерекшелiгiн терең бiлуге байланысты дедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет