1 дәріс. Педагогика



бет13/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

ғ. басындағы бастауыш білім беру. 1890-1900 ж. ж. Ресейде бастауыш білім беру мектептері көптеп ашылды. Олардың құрамында селолық бірсыныптық және екісыныптық халық училищелері, қалалық училищелер, бірсыныптық және екісыныптық шіркеулік-приходтық мектептер, әр түрлі ведомстваларға қарайтын мектептер болды.

Осы кезеңде жоғары білім беретін бастауыш оқу орындары да өріс ала бастады: 5-6 жылдық қалалық училищелер, сонымен бірге бастауыш мектептер. Бастауыш мектептердің дамытудың түрлі жолдары белгіленді.

1912 жылдан бастап жоғары бастауыш училищелер 4 жылдық оқу мерзімімен ашатын болды. Оларға оқушылар элементарлық мектептің 3-4 сыныбынан кейін қабылданды. Жоғары бастауыш училищелер қалалар мен селолық жерлерде де ашылды. 1915 жылы ол мектептерде



оқитындардың саны 1,5 мыңға жетті. Дейтұрғанмен де, бастауыш мектептердің басым көпшілігі 3 жылдық оқу мерзімімен оқытты.

Бастауыш оқыту мектептері санының артуына байланысты, сол мектептерге мұғалімдер даярлау мәселесі туындады. Жергілікті училищелер үшін мұғалімдер дайындайтын курстардың саны көбейді. Мысалы, 1890-1896 ж. ж. сондай 8 курс ашылса, ал 1897-1902 ж. ж. оның саны 34 жетті. Сонымен қатар мұғалімдер институттары мен семинариялар да қарқынды дами бастады. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары да пайда болды. Мәскеуде Шелапутинский педагогикалық институты, Петербургте педагогикалық академия, Киев пен Петербургте Жоғары Фребель курстары ашылды.

Жеке менешік экспериментальды оқу-тәрбие орындары “Еркін бала үйі” (1906-1909), “Сеттельмент” (1907-1908), “Бала еңбегі және тынығу” (1909-1918) ашылды.

“Еркін бала үйі” К.Н.Вентцельдің бастамасымен Мәскеуде ашылды. Онда 5-12 жас аралығындағы балалар оқып-тәрбиеленді. Бұл тәрбие орнында балаларды шығармашылық еңбекке баулу, тұлғаны дамыту және жетілдіру мақсат етілді. “Еркін бала үйіндегі” тәрбие мазмұны отбасылық тәрбиеге жақын болды. Балалар ағаш шеберлігін меңгеріп, мүсіндеумен және қатты қағаз дайындаумен айналысты, өздерін-өздері күтуге тәрбиеленді.



“Сеттельмент” - ағартушы-тәрбие орнын, Мәскеуде А.У.Зеленко мен С.Т.Шацкий ашты. Ондағы бозбалалар мен жеткіншектер кәсіби дайындықтан өтіп, бастауыш мектепте оқуға дайындалды. 1909 жылы С.Т.Шацкий оны “Бала еңбегі және тынығу” деген жаңа атаумен қайта құрды. Бұл мекемедегі бала еңбегі тәрбие құралы және ұжымды ұйымдастыру тәсілі ретінде қарастырылды. Ең бастысы оқыту мен тәрбиелеу ісінде әлеуметтік мәдени ортамен байланыс орнатуды көзделді. Мұнда мектеп жасына дейінгі баладан үлкен балаларға дейін тәрбиеленді. Балалардың өмірі өнімді еңбекке қатынастыру негізінде құрылды.

ХХ ғ. басындағы орта білімнің дамуы. ХIX ғ.соңы мен XX ғ. басындағы Ресейдегі орта білім жүйесінде орын алды. Бұл кезеңдегі орта мектептердің дені гимназиялар болды. 1908-1913 жылдары Ағарту министрлігінің санағы бойынша гимназия, прогимназия және реалды училищелер саны мен ондағы оқушылар саны артты. Сонымен бірге жеке меншік орта оқу мекемелері, сауда-саттық училищелері, кадет корпустары және ер балаларға арналған орта техникалық училищелер жұмыс жасады.

Ресейде халыққа орта білім беру ісіне назар көбірек аударыла бастағанына қарамастан, олардың саны мен деңгейі алдыңғы қатарлы мемлекеттерден әлдеқайда төмен болды.

Ресейде орта білім беру жүйесінің бағдарламаларын, оқыту әдістерін қайта құру ХХ ғасырдың басында жеке меншік эсперименталды оқу-тәрбие орындарының ашылуына жол ашты.

Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы жоғары білім беру мен кәсіптік-техникалық білім беру. ХХ ғасырдың басында 60-қа жуық жоғары оқу орны болды. Оның 60 пайызы Мәскеу мен Петербургте орналасты. Жоғары мектептерді дамытудың жаңа қадамдары жасалды. Университеттің кейбір факультеттеріне 1916 жылдан әйелдер қабылдана бастады. Екатеринославта жоғары әйелдер курстары ашылды. Осы шаралардың бәрінде жоғары мектептің санын, әсіресе шет аймақтарда көбейтуді көзделген еді.

Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыс ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі бағытта дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер дайындайтын оқу орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға алынды.

ХIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресейде техникалық білім берудің бастауыш шеберханалық училищелер мен төменгі және орта техникалық училищелер тәрізді жаңа жүйесі құрылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, 1913-1914 оқу жылы орта және төменгі кәсіби- техникалық училищелерде 100 мыңнан астам оқушы оқыды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың созылуына байланысты мұндай мектептер ұйымдастыру бәсеңдеді.

П.Ф.Каптеревтің педагогикалық тұжырымдамасы мен қызметі. Петр Федорович Каптерев (1849-1922) көрнекті педагог, белгілі психолог болатын. Оның педагогикалық қызметін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең оның Петербургтегі қызметіне (1872-1918) сәйкес келеді.

П.Ф.Каптерев мектепке дейінгі педагогика, отбасы тәрбиесі, дидактика, орыс педагогикасы, педагогикалық психология мәселелерін зерттеді. Мектепке дейінгі жеке тұлға тәрбиелеудегі қоғамдық мекемелердің маңызын негіздей отырып, оларды сақтау қажеттігін дәлелдеді. Отбасы мен бала бақшасының өзара қарым-қатынас принциптерін, отбасы тәрбиесінің негіздерін анықтады. П.Ф. Каптеревтің редакциясымен “Отбасын дағы тәрбие мен оқыту энциклопедиясы”

(1898-1910 жылдары 59 рет басылып шықты; оның авторлығымен аталмыш еңбектің 10 басылымы) жарық көрді.

Көрнекті педагог жалпы білім беру теориясын зерттеп, білім беру үрдісінің мазмұнын, формаларын және әдістерінің мәнін ашып көрсетті. Педагогиканың тұғыры антропология, дәлірек айтқанда физиология мен психологияны жетік меңгеру керектігін айтты.

Жалпы білім беретін мектептердің балама болуын, оқу курстері мен оқу үрдісінің барлық құрылымын саралау керектігін, сонымен бірге мектеп оқушыларының “ойлау типіне” байланысты оларды сыныптарға бөлу қажет деді.

Педагогикалық процестің дербестігін, оның мемлекет пен шіркеудің ықпалынан тыс, ерікті болу идеясын ұстанды. Осы орайда мектептің өзін-өзі басқаруы, мектеп қызметкерлерінің ешкімге тәуелді болмауы, яғни мектепті басқару директордың қолында емес, педагогикалық кеңестің қолында болуы, мұғалімдер одағы мен жиындарының ерікті болуын сақтау, мұғалімдердің материалдық жағдайы мен құқын көтеру мәселелерінің маңызын дәлелдеді. Осы талаптар негізінде педагогикалық процесс теориясын жасап, оның жеке тұлға қалыптастырудағы, еркін азамат және қоғам қайраткерін тәрбиелеудегі маңызын анықтады. П.Ф.Каптеревтің тұжырымдамасы бойынша жалпыадамзаттық идеал “халықтық” құндылықтардан басым болуы тиіс, өйткені әр сословиенің өзіндік құндылықтары болатындығына тоқталды.

П.Ф.Каптеревтің педагогикалық процесс теориясы жан-жақты дамытыла келе, біртұтас педагогикалық процесті басқару теориясына негіз жасады.

П.Ф.Каптеревтің педагогикаға сіңірген ірі еңбегінің бірі орыс мектептерінің даму кезеңдерін сипаттап, крепостнойлық праводан (1861) кейінгі Ресейдегі халыққа білім беру тарихын зерттеу болды. Ол орыс мектептерінің жалпы даму кезеңдері мен Ресей мемлекетінің құрылуынан бергі мектеп тарихының дамуын сипаттады. Халыққа білім беру саласындағы мектеп тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесінің даму қозғалысын бойынша зерттеп, талдау жасады.

Патша үкіметінің халыққа білім беру саясатын және сол кезеңдегі мектеп жүйесін демократиялық принциптер тұрғысынан сынады.

П.Ф.Каптеревтің педагогикалық қызметінің екінші кезеңі 1921 жылы Воронеж университетінің және Халыққа білім беру институтының профессоры болған кезден бастау алады. Ол халыққа білім беру институты университеттің педагогикалық кафедрасына айналғанда (1922) оның бірінші деканы болды. Ол тұста педагогикалық техникумның меңгерушісі қызметін қатар атқарды.

Оның журналдарда басылған “Педагогикалық ой” “Мектептің өзін-өзі басқаруы және мектеп пәндері жайлы”, ”Педагогика және саясат”, ”Педагогикалық білім беру” (1918-1922) атты мақалаларында Ресейдегі білім беруді жаңарту бағдарламалары ұсынылды. Оларда педагогиканың белсенді іс-әрекет құралы екені көрсетілді. П.Ф.Каптерев мектептің саясатпен табиғи байланысы болғанымен де, мектептің саяси партиялардың ықпалынан аулақ болуы, мұғалім өз жұмысында саясат емес, педагогиканы басшылыққа алуы қажет деді.

Мектептегі өзін-өзі басқару тәртіпке байланысты деген идеясы оның педагогикалық тұжырымдамасына байланысты айтылды. Оның тұжырымдамасындағы жетекші рөл тәрбиедегі әмбебап, жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген еді.

Педагогикалық теорияны дамытудағы В.И.Вахтерев пен П.Ф.Лесгафттың үлесі. Василий Порфирьевич Вахтерев (1853-1924) халыққа білім беру саласына еңбек сіңірген белгілі педагог және әдіскер.

В.П.Вахтеревтің пікірі бойынша баланы қалыптастыру оның дамуға деген ішкі ұмтылысы мен сыртқы ортаның әсерінен болады. Педагогтың мақсаты осы екі нәрсені үйлестіріп, баланың дара ерекшілігін зерттеу керек дейді. Ол мектептегі білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен тәрбиелеудің басты принципі ғылыми принципі болуы керектігін баса айтты.

Вахтерев педагогика ғылымының өзіндік ерекшеліктері, оның зерттеу әдістерін ұсынды. Түрлі оқыту әдістерінің тиімділігін көрсету үшін табиғи эксперимент әдісін жасады. Ұйымдастыру формалары мен құралдарын, оқыту әдіс-тәсілдерін табиғи жағдайда қолдануды обьективті түрде бағалау қажеттігін көрсетті.

В.П.Вахтерев теоретик және әдіскер ретінде бастауыш мектепте оқыту мәселелерін зерттеп, К.Д.Ушинскийдің педагогикалық идеяларын жалғастырды.

Дамыта оқыту идеясын ұстанған В.П.Вахтерев халық мектептерінің мазмұнын жаңартуды, белсенді оқыту әдістерін ендіруді, баланың ойлау қабілетін дамытудың маңызын дәлелдеді. Ол құрастырған “Орыс әліппесінің” (1898) басылымы 100 рет жарық көрді.



Адамның физиологиялық дамуына байланысты ғылым жетістіктерін ескере отырып, педагогикалық теорияны жаңарту идеясын жүзеге асырған Петр Францевич Лесгафт (1837- 1909) болды.

Оның пікірінше, тәрбиелі адам саналы және ақылды болуы тиіс. Ондай адам өз іс-қылығына сын көзбен қарап, өткен мен болашақтың тәжірибесін пайдалана алады. Өзінің іс-әрекетінің және бақылаған құбылыстың себеп-салдарын түсінеді. Ақыл-ойы дамыған адам өзінің қара басының мүддесінен жоғары көтеріліп, қоғамды жетілдіруге қызмет етуі қажет.

П.Ф.Лесгафт биология саласындағы атақты ғалым, педагог, ірі қоғам қайраткері. Ол дене тәрбиесінің даму тарихын және оның теориясын жазды. Ол дене тәрбиесінің басты принциптері мен жағдайларын зерттеді. Өзінің екі томдық “Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесіне басшылық” (1888-1901) деген еңбегінде дене тәрбиесінің әр түрлі жүйесін терең сынап, осы жөнінде өз теориясын жасады. Оның пікірі бойынша дене тәрбиесі оқушының жан-жақты жетілуін қамтамасыз етуге қатысты барлық істердің, жұмыстардың жүйесінен тұрады. Сондықтан да дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие түрлерімен тығыз байланысты.

Лесгафт ақыл-ой жұмысының дене шынықтыру жаттығуларымен және ойындармен алмасып отыруын талап етті. Сонымен қатар, ол балаларға ауыр гимнастикалық жаттығуларды орындатудан сақтандырды, көбіне табиғи қозғалыстарды: жүгіру, жүру, секіру, ойын, т.б. ұсынды.

Лесгафт адам дамуын 5 кезеңге:

  • қимыл-қозғалысы реттелмеген (жас нәрестеге тән);

  • рефлексті-тәжірибелі (сөйлегенге дейінгі);

  • шынайы еліктеу - ( мектепке дейінгі кезең);

  • идеялы еліктеу ( 20 жасқа дейін);

  • сындарлы-шығармашылық (ересек өмір кезеңі) кезеңдерге бөледі.

Лесгафт әр кезеңнің өзіне тән тәрбие түрі болады, алдыңғы үш тәрбие кезеңінде төменгі факторларға: тазалық сақтау; тәрбиешінің оқушылар алдындағы сөзі мен ісінің бірлігі; тәрбиеленушіге ешқандай қысым көрсетпей, баланың жеке басын құрметтеу факторларына айырықша назар аудару қажет деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет