1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет22/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. XIV-XV ғ.ғ. қазақ даласында құрылған қазақ хандығы тұсындағы тәлім - тәрбиені сипаттаңыз.

  2. Ақын-жыраулар мен билердің тәлімдік ой-пікірлерін тұжырымдаңыз .

  3. Жазба мәдениет өкілдерінің тәлімдік еңбектерін талдаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер


1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 35-46 б.

  1. Қалиев С., Молдабеков Ж.,Иманбекова Б. Этнопедагогика - Астана “Фолиант” 2003.

  2. Қалиев ХҮ-ХIХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар.-Алматы “Рауан” 1990 .


10 дәріс. Қазақстандағы XIX-XX ғ.ғ. білім беру мен педагогика ғылымы Мақсаты: ХҮ-ХҮIII ғ.ғ. Қазақ хандығының құрылуы. Жазба мәдениет өкiлдерi мен ақын,

жырау-билердiң шешендiк өнерiмен таныстыру.

Дәріс жоспары:


    1. XIV-XV ғ.ғ. қазақ даласында құрылған қазақ хандығы тұсындағы тәлім - тәрбие.

    2. Ақын-жыраулар мен билердің тәлімдік ой-пікірлері .

    3. Жазба мәдениет өкілдерінің тәлімдік еңбектері.


XIV-XV ғ.ғ. қазақ даласында құрылған қазақ хандығы сақтар мен ғұндардың ежелгi түркiлердiң, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлерi болып саналады.

Алтын Орда империясының ыдырауы орыс жерiн отаршылдық бұғаудан босатып, өз тәуелсiздiгiн алуына әкелiп соқтырды. Ресей мемлекетiнiң тәуелсiздiк алуы Қайта өрлеу дәуiрiне (XIV-XVI ғ.ғ.) дөп келедi.

Бiр кезде Шыңғыс, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темiр империясының отар елi болған Ресей, кейiн сол империядан ыдырап, бөлiнiп шыққан халықтарды (Өзбек, Татар, Ноғай, Сiбiр (Көшiм), Қырым, Астрахан хандықтарын) өз империясының отар елiне айналдырды.



Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасу барысында (1470–1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсiз ел болып, дербес өмiр сүрдi. Бiрнеше ауыр қасiреттердi, жойқын соғыстарды бастан кешiрiп, тiптi жер бетiнен жойылып кете де жаздады.

Қазақ жерiнiң байлығына Ресей мен Қытай империяларының екеуi де бiрдей қызықты, Қытай жоңғарларды, ал Ресей қалмақтарды қазақтарға қарсы айдап салды.

Қазақ халқының iштей ұйытқысы болған рухани күш азаттық идеясы болды. Елдiң елдiгiн ұстап тұрудың кепiлi ретiнде үш күштiң бiрлiгi алға тартылды. Оның бiрi ел басқарушы қағанның бiлiктi болуы, оның бұйрығы мен заңдарының түзулiгi (“тура биде туыс жоқ”, “хан қараға да, халыққа да ортақ ие” деген ұстаным үстемдiк құ±рды).

Бұл дәуiрде ел бiрлiгiнiң ұйытқысы қол бастайтын батырлар мен ел бастайтын көсем- билердiң бiрауыздылығы, әсiресе “ел намысы ер намысы” деп қарау басты идея болды.



Ақын-жыраулар мен билердің тәлімдік ой-пікірлері. Ақын-жыраулар мен билер хан қасында отырып, оларға ақылшы бола бiлдi. Өздерiнiң өлең-жыр, толғауларымен халықты хан айналасына топтастырып, ел мүддесiн қоғауға, береке-бiрлiкке ұйытќы болды. Олардың iшiнде көрнектi қайраткерлер: Майқы, Асан қайғы, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлы, Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бәйдiбек би, Жиембет, Ақтамбердi, Доспамбет, Үмбетей, Бұқар жыраулар, Бөлтiрiк,Жанқұтты, Бегеш шешендер т.б. болды.

Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлы (1397 шамамен 1492 ж. қайтыс болған).ХҮ ғ. басында Жетiсу өлкесiнде дүниеге келiп, 95 жас жасап, сол ғасырдың аяғында дүниеден өткен, Жиренше шешеннiң замандасы, әз Жәнiбек ханның қарашасы, өз заманында философиялық, жаратылыс, тiл, медицина, педагогика, психология, этнография ғылымдар саласында келелi ой қозғап, “Шипагерлiк баян” атты еңбегiн қалдырған көрнектi оқымысты Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлы болды.

Захир Ад-дин Мүхаммед Бабыр (1483–1538).Ол 1483 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Әкесi Омар шейх Ферғананың (бүгiнгi Орталық Азияның 3 мемлекетi) билеушiсi-әмiрi болады. Бабыр ата жағынан атақты Темiрланның ұрпағы.



Бабыр Темiр 1525 жылы Дели сұлтанын жеңiп, “Ұлы моғолдар империясы” атанған өз патшалығын орнатады. Ол өз заманындағы ең бiлiмдi адамдардың бiрi болған. Оны тарих, этнография, астрономия, әдебиет, жертану, биология, ботаника ғылымдарының басын бiрiктiрiп “Бабырнама” атты еңбек жазуынан байқауға болады. Үндiнiң ойшыл қоғам қайраткерi Джавахарлал Неру “Бабырдың тұлғасы - қайта жаңғыру дәуiрiндегi озық мәдениеттi қайраткердiң тұлғасы. Ол сол бiр тұста өмiр сүрген ең мәдениеттi, бетiнен иманы тамған аяулы жандардың бiрi” деп аса жоғары баға бередi.

Қорыта айтқанда, Бабырнама тарихи-әдеби асыл мұра, бiздiң тарихымызға қосылған соны дерекнама.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 ж.ж.). Қазақ елi өз алдына дербес хандық құрып iрге көтерiп жатқан кезде осы өңiрде ұлы жүз Дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар Дулатидiң “Тарихи Рашиди” (“Рашидтiң тарихы”) атты ғылыми еңбек жазуы елеулi уақиға болды.

Бұл еңбекте көшпелi дала тұрғындарының әдет-ғұрып, әлеуметтiк-психологиялық, этнографиялық ерекшелiктерi сөз етiледi. Мысалы, “Бiз даланың халқымыз. Ең басты байлығымыз жылқы, оның етi мен терiсi бiздiң ең тәуiр тамағымыз бен киiмiмiз. Меймандостық бiздiң халықтың аса жақсы қасиетi…” дейдi.



Қадырғали Қосынұлы Жалаири (1503–1605). Ол Сыр бойын мекендеген ұлы жүз тарақ таңбалы жалайыр тайпасынан шыққан. Ғұламаның Жалаири атануы да осыдан. Тәуекел ханның немере iнiсi Ораз Мұхаммедпен бiрге Көшiм хандығында жүргенде Ермактың Сiбiрге жасаған жорықтарының бiрiнде қолға түсiп, кейiннен Мәскеуде патша сарайында қызметте болды.

Орыс әскерiнiң қатарында шведтермен соғысып, ерлiк көрсетедi. Шежiрешi ғалым атанған Қадырғали өзi туралы “Мен дүние жүзiндегi мемлекеттердi аралаған, әдiл үкiм, нақыл сөзе қанық көптеген кiтаптар оқыған адаммын” дейдi. Ол жазған шежiренiң (1602) түпнұсқасы жоғалып кеткен. Бiздiң дәуiрге екi көшiрмесi мен шағын үзiндiсi ғана жеткен. Мұның бiрiншi бөлiмiнде Рашид-әд- Диннiң әйгiлi “Жами-ат тауарих” кiтабы еркiн аударылып берiлген. Осымен байланысты Қадырғали қолжазбасы да “Шежiрелер жинағы” деп аталып кеткен.

Қадырғали Жалаиридiң “Шежiрелер жинағы” атты еңбегiнiң алғы сөзi Ресей патшасы Борис Годуновтың абырой атағын, айлакерлiк ел басқару саясатын марапаттауға арналған.

“Шежiрелер жинағы” Оразмұхаммед ханның ата-бабаларынан бастап үрiм-бұтағына дейiн таратып, олардың да жақсы-жаман қасиеттерiн, халыққа жасаған қиянатын да, қамқорлығын да баяндайды. Мұнда түркi-моңғол тайпаларының тарихы да баяндалған. Екiншi бөлiмде көшпендiлердiң тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, психологиясы, ауыз әдебиет үлгiлерi: мақал-мәтел, нақыл сөздер түрiнде көрiнiс тапқан.

“Жетi жарғы” заңдар жинағы. Хандық дәуiрдегi көне мұраларының бiрi “Жетi жарғы” Тәуке ханның (1678–1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлi әдет-ғұрып заңдарының жинағы. XVI ғасырда кейбiр хан, сұлтандардың өз иелiктерiндегi ұлыстарды жеке-дара билеуге ұмтылуы себептi, қазақ халқының ыдырау қаупiн тудырумен байланысты. Күлтөбенiң басындағы “Тәуке ханның Жетi жарғысы” деген атпен заңдар жиынтығы ретiнде қабылданады. Жаңа заң жүйесi қазақ халқының өмiрлiк мәселелерiн барлық жағынан қамтыды. Соның нәтижесiнде Тәуке ханны билiк еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейiп, дәуiрлеген кезi болды. Жетi жарғыдан кейiн арнайы атаулы заң жүйесi жасалмағандықтан және оныњ өзi өмiрдiң талап, тiлектерiн қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, жетi жарғының көптеген жол-жобалары мен

қағидалары ХХ ғасырдың басына дейiн қолданылып келдi. Онда ел билеу, салт-дәстүр, ағайындық- туыстық қарым-қатынасты сақтау, құн төлеу, айып төлеу, отбасы некелiк тәртiп, әке мен бала, ағайын арасының заңдары мен мiндеттерi, кiсi өлтiру, тонау, ұрлық-қарлық т.б. қылмыстар және оны бұзушыларға салынатын айып-пұл мөлшерлерi көрсетiлген.

Майқы би Төбейұлы (1105–1225 ж.ж.) шамасында ғұмыр кешкен түркi халқының төбе биi болған. Майқы би 120 жасқа жетiп дүниеден қайтқан. Майқы би елге ақыл-парасатымен, айтулы шешендігімен, бас би болған.

Тоғыз ханды таққа отырғығзан Майқы би өзiнен бұрынғы түркiлердiң жазба және ауызша мәдениетiнен мол хабардар болғанға ұқсайды. Майқы би айтты дейтiн мақал, нақылға айналып кеткен аталы сөздердiң кейбiреулерi төмендегiдей:

“Алтау ала болса, ауыздағы кетедi. Төртеу түгел болса төбедегi келедi”, “Ханның биi ақылды болса, қара жерден кеме жүргiзедi”, “Ақ бiлектiң, күшiмен, ақ найзаның ұшымен, ел болуды ойлаңдар”, “Би екеу болса - дау төртеу”, “Естiге айтқан тура сөз, шыңға тiккен тумен тең. Есерге айтқан тура сөз, құмға сiңген сумен тең”, “Уәзiрiне сырын алдырған хан, қақпанға түскен аң”, “Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ”, “Аспан ашық болса, күн шуақты болады. Хан әдiл болса, халық ынтымақты болады” т.б.

Асан қайғы Сәбитұлы IҮ-ХҮ ғ.ғ..) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған iрi тұлға. Оныњ бар ғұмыры халықпен бiрге өтiп, бiте қайнасып кеткен. Ауыз бiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн ойлап үнемi мұңға батып жүргендiктен замандастары оны “Асан қайғы” атап кеткен.

Асан қайғы Алтын орданың ханы ұлұг-Мұхаммедтiң ықпалды билерiнiң бiрi болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асан қайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын болжай бiлген. Ол Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбiлхайыр хандығынан бөлiнуiн жақтайды. Асан қайғы өз халқының “жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей оралады.

Халқының болашағын ойлаған Асан қайғы желмаясына мiнiп, төңiректiң төрт бұрышын шарлап, «жайлы қоныс» iздейдi. Жол бойы кездескен тау-тас, өзен-су, көлдердi көрiп, әр жердiң ерекшелiк қасиеттерiн өзiнше бағалап, өсиет сөздерiн айтады.

Асан қайғының дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi, мiнез-құлықтық қасиеттер, өзiн-өзi ұстай бiлу, қайырымдылық, кiшiпейiлдiлiк, iзеттiлiк т.б. сөз болады.

Асан қайғы экологиялық тәрбие төңiрегiнде сөз қозғаған қазақтың тұңғыш ойшылдарының бiрегейi. Оның толғауларында қазақ даласының сұлулығы, жер байлығы, аң-құстардың тыныс- тiршiлiгi, олардың географиялық мекен-жайы тiлге тиек болады.

Жырау толғауларынан елге, жерге, ағайын-туысқа деген патриоттық сезiм ерекше сезiледi. Әдiлдiктi адамгершiлiктiң ақ туы тұтқан Асан ата “Әдiлдiктiң белгiсi бiле тұра бұрмаса, Ақылдының белгiсi өткен iстi қумаса” деп айналасындағы ел жассысына келелi кеңес берiп, үлкен ой салады.

Жорықта айдынды аламан, ақындықта арқалы жырау атанған Шалкиiз Тiленшiұлы (1465- 1560) Дештi Қыпшақ өңiрiнде ғана емес, Қырым, Терiстiк Кавказ, Дон бойына да әйгiлi тұлға. Ол өз заманындағы Ноғайлы әмiршiсi Темiр, қазақ ордасы, Кавказдықтар арасындағы саяси күрестердiң ешқайсысынан сырт қалмаған. Жорықтың алдыњңы шебiнде, айтыс-тартыстың басы-қасында, елдiң бел ортасында жүрген Шалкиiз елдiк пен ерлiк, жақсылық пен жамандық, шеберлiк пен шикiлiк мәселелерiне баса көңiл аударған. Кiсiлiк қасиеттерге қайта-қайта оралып отырған. Шамасы Шалкиiз өзi айтқандай “Жауырынына қанды көбе сыймаған, жағасына адам қолы тимеген” ержүрек, батыр, балуан, айдынды азамат болса керек.

Ел ерлерсiз, ер өз елiнсiз бабына келмейдi. Ел үшiн еңiреген ерлер қайда? дегендi айтады Шалкиiз. Шалкиiз дүрлiккен, демiккен елге бас-көз болатын ханның бейнесiн iздейдi.



Сырты құрыш, жүзi болат, ақыл-айласы мен қажыр-қайраты көпке танымал, сөзiне iсi сай, от тiлдi, болат қанжарлы Ақтамбердi Сарыұлы (1675–1768 ж.ж.) батырлығымен де, батылдығымен де, алғырлығымен де, ақындығымен де жұртқа танылған жырау.

Ақтамбердi 17 жасынан қару асынып, жасақ ертiп Орта Азия хандықтарымен, қалмақ шапқыншыларымен соғыста қоллбасшылық қабiлетiмен көзге түскен. “Ақтабан шұбырынды” уақиғасының куәгерi болған. Ол елiн жаудан қорғап қана қоймай, отырықшылыққа баулып, арық қаздырып, егiн салдырған. Жырау 93 жыл жасап, 1768 ж. дүниеден қайтқан.

ХҮIII ғасырда өмiр сүрген ақын-жыраулар iшiнде шоқтығы биiк, iрi тұлға, Абылай ханға да, қара халыққа да ақылшы бола бiлген данагөй, қарт жырау Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 ж.ж.) болды.

Оның өлеңдерiндегi басты идеялар: дүние көркi адам; адам көркi оның жер бетiндегi жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi: ерлiк, елдiк, бiрлiк; Дүние бай мен жарлы-жақыбайға ортақ алма кезек, мәңгi байлық та, жарлылық та, көптiк те, жалғыздық та жоқ (мұның бәрi шартты). Адамнан ала да, құла да, күштi де, әлсiз де туады. Әркiм өз қасиеттерiмен ерекшеленедi. Бiреулер көреген, бiлгiр, озық ойлы, қара қылды қақ жаратын әдiлдiгiмен көңiлден шығады. Ендi бiреулер, керiсiнше, ойсыз, талапсыз, надан, озбыр қылықтарымен көзге түседi. Алғашқылардың ерен еңбегi олардың әеуметтiк ролiн көтермелейдi. Надандардың әеуметтiк опаты мен зұлымдығын сөзбен жеткiзе алмайсың дегендердi бiлдiредi.

Бұқардың терең ойды топшылап айтқан аталы ақыл-нақыл, афоризм сөздерi тыңдаушыға терең ой туғызатын бүгiнгi күнi де тәлiмдiк мәнiн жоймаған үгiт-насихаттың тамаша үлгiсi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет