1 дәріс. Педагогика


Өзін - өзі бақылау сұрақтары



бет45/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Өзін - өзі бақылау сұрақтары


  1. Оқыту формасы дегеніміз не?

  2. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

  3. Сабақтың негізгі түрлері, оның құрылымы.

  4. Мұғалімнің сабаққа дайындалу тәсілдері. 5.Репродуктивті әдіс дегеніміз не?

  1. .Оқыту әдістерінің түрлеріне сипаттама беріңіз. 3.Қазіргі оқыту әдістеріне қандай талаптар қойылады? 4.Оқытудағы ауызша түсіндіру әдістеріне не жатады? 5.Әдістерді таңдауда нені басшылыққа алу керек?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009. 3.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1985



4. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003. 5.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1985

№25 Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу


Біртұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау, бақылау, есепке алу

Дәріс мақсаты: Білім спасын бақылау, бағалау және есепке алуды қалыптастыру.

Дәріс жоспары:


1.Оқыту процесінде білімді бағалау, бақылау, есепке алудың маңызы.

  1. Оқыту процесінде білімді бағалау, бақылау, есепке алу тәрбиелік құрал ретінде.

  2. Кредиттік оқыту жүйесімен оқитын студенттердің білімін бақылау және бағалау

Негізгі ұғымдар: бақылау, мотивациялық бақылау

Білім беру саласында білім сапасын күнделікті бақылау, мотивациялық бақылау, білімді бағалау (өзін-өзі бағалау) үшін қолданысқа ыңғайлы жүйенің бірі - дәстүрлі бес балдық бағалау жүйесі болып келді. Бес балдық бағалау жүйесі диагностикалық және аттестациялық бағалау үшін де қолайлы болып табылады. Тіпті кредиттік оқу жүйесінің ең соңғы нәтижесін алсақ та “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық” деген “бес балдық жүйе” қолданылады.

Кредиттік оқытудың сапасын 100 балдық рейтингтік бағалауға көшірудің өзі де, студенттерді білім алуға бағыттауы тиіс десек те, ол студенттерді жалаң баға бағдарын ұстануға мәжбүр етеді. Рейтингтік бағалау жүйесін қолданғанда да дәстүрлі бағалаудың кемшіліктерін ескеру керек.

    1. Психологтар мен педагогтардың зерттеулеріне сүйенсек, студенттердің көпшілігі білім алуға емес, баға алуға талпынады. Оқушы білім емес, бағаға бағдар алу себебінен, оның өзін-өзі реттеу тетіктері бүлініп, өзіндік санасының дамуы мен көңіл-күйіне теріс әсер ететінін көруге болады. “Бес балдық жүйенің” кемшілігі, студенттің мотивациялық сферасына кері әсер етіп, “ішкі мотивті”, яғни білімге деген ынтасын тежейді, бағаның түрткілік ықпалын жояады, баға оқушының жеке бір сипатымен алмастырылады, оқушылардың өзінің білімін сырттай бақылау мен бағалау әрекетінің қалыптасуын тежейді.

  1. .В.П.Беспальконың пікірі бойынша тәжірибеде оқыту процесіндегі студенттердің өздігінен оқу дағдысы қалыптаспау себебінен, міндетті түрде оқытушы тарапынан білімді бақылауды және оның оқу-танымдық іс-әрекетін басқарып, түзетуді қажет етеді. Осының салдарынан көпшілік оқушылардың оқу үлгерімі төмен болатынына тоқталады.

  2. .Білім нәтижесін жылына екі рет тексеру, оқушының оқуға ынтасын арттырмайды. 4.Емтиханда қойылатын баға кездейсоқ жағдайларға: емтихан қабылдаушының

психологиялық көңіл-күйіне, сынақ кітапшасындағы бағаларына, оқытушының оқушыға деген жеке қатынасына байланысты болады.

Рейтингтік жүйені практикалық жағынан іске асыру - білім сапасын арттыруды, студенттің өзін-өзі басқаруын, адамгершілік-құқықтық санасын қалыптастыруды көздейді. Ол үшін төменгі жағдайлар сақталуы тиіс:

  • студенттің өз алдына мақсат қоюы, алдын-ала оқуға мотив туғызуы, өзін-өзі реттеудің негізі рейтинг карточкасын - силлабусты ендіруге байланысты болады, онда тақырыптар мен сұрақтар беріліп, студентердің оқу үлгерімі көрсетіледі;

  • білім сапасын арттыру үшін (жүйелілік, жалпылық, беріктілік, саналылық, тереңдік) студенттерді жүйелі танымды іс-әрекетке үйрету, оқылатын ақпарат құрылымын талдау, белсенді оқыту әдістерін (зерттеушілік, проблемалық, моделдеу) қолдану, интерактивті әдістер арқылы жүйелі ойлауға, өзіндік танымдық дағдыларды қалыптастыру;

  • оқыту процесінің барлық кезеңдерін тегіс бақылау; күнделікті бақылауды өзіндік бақылауға, өз еңбегінің сапасын жұмыстық бақылауға айналдыру; рейтингті анықтау үшін ағымдық және қорытынды бақылау қорытындысын жасау;

  • оқыту мақсатына қарай, білім сапасының деңгейін анықтау;

  • жоғары сапалы білім берудің мақсаты - өзін- өзі бақылау, өзінің білімін жүйелеп реттеу, өз білімін бағалау арқылы оқытудың тәрбиелік қызметін арттыру;

  • өзін-өзі басқару деңгейін арттыру мақсатында - адамгершілік-құқықтық санасын қалыптастыру: алдындағы мақсатты анықтап, оқылатын ақпаратты талдап түсіну, шығармашылық ізденіске түсу, басқалармен қарым-қатынас орнату арқылы өзін-өзі жетілдіру, топтың қоғамдық өміріне қатысу озат студенттердің тәжірибесін қорыту; оқытушының, студенттің оқу қызметін бақылап, оқу курсынан түйген тұжырымдарын бекіту;

  • жалаң бағаның білімді тежеуін тоқтату үшін, оқушының жетістікке жету құқын қалпына келтіру, қабілеттерін жүзеге асыру, оқыту қарқынын арттыру үшін оқыту және бақылау барысында түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану, сонымен қатар әр деңгейлі тапсырмалардың сапасын, күрделілігін көтеру;

  • оқытудың диагностикалық деңгейін және аттестациялық бағасын анықтау үшін тест қолданылады. Бұл тестілік бақылау өткен материалдарды қорытындылауға, оны терең түсінуге қызмет етеді. Қорытынды тест ( аралас) білім сапасының деңгейін (жүйелілік, тереңдік, саналылық, толықтық, жалпылық, беріктік) арттыруды көздейді және оқытылған курстың негізгі тұжырымдарын, пәнаралық байланыстарын, нақты фактілерді, блоктарды, кредит көлемін ескереді. Қорытынды тест жүргізілгеннен кейін жақсы оқитындарды автоматтық аттестацияға жіберуге шешім қабылданып, нашар оқушылардың төмен рейтингі анықталады.

    1. Студенттің семестрдегі рейтингі. Студенттің рейтингі СӨЖ екі ағымдық бақылау балы (30% - ке дейін) және екі аралық бақылаудың балы (30% - ке дейін) және емтихан (40% - ке дейін), осылардың қосындысынан қорытынды балл санмен және әріппен белгіленеді.

Пән туралы алынатын білім сапасы рейтинг бойынша есептеледі. Кеңінен тараған рейтинг жүйесі мынадай: 90-100 % балл болса - білім нәтижесі өте жоғары деңгейді, 75-89 % балл болса - жақсы деңгейді, 60-74% болса - қанағаттанарлық, 59 % балдан төмен болса - төмен деңгейді көрсетеді.

3. Кредиттік оқыту жүйесіндегі тестілеу

Тесті сессия алдындағы бақылау үшін, сол сияқты диагностикалық бақылау үшін (оқытушылардың оқыту қызметінің сапасын тексеру, министрлік тестілеуге даярлық, оқытылған пән туралы білімін тексеру), білімі жоғары студенттерге автоматты түрде бағалау арқылы оқыту процесінің үлгерім сапасын арттыру үшін қолданылады.

Тестілеу мына жағдайларды ескергенде ғана нәтижелі болады:

  • білім мазмұны блок жүйесі арқылы жүйелі берілу тиіс; тест тапсырмалары мен тест сұрақтарының саны бақылау мақсатына сәйкес болуы керек; тест әр модульдің, тақырыптың, курстың маңызды сұрақтарын қамтуы тиіс; тест-тапсырмаларда меңгерілген терминдер мен қысқаша, нақты жауаптар берілуі қажет; тестілердің мақсатына қарай (оқығанын еске түсіру, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тестілер түрін қолдану (В.П.Беспалько бойынша).

1 деңгейлі тесттер тану, салыстыру, іріктеу, баламалық (тану, салыстыру, жіктеу); 2 деңгей еске түсіру, толықтыру тесттері ( есіне түсіру);

  1. деңгей - себебін, жағдайын, пәнаралық байланысын ескеретін тесттер; толық жауап беретін немесе толықтыруды қажет ететін тесттер; жартылай ізденіске түсіретін тесттер;

  2. деңгей мәселе шешетін, жаңа танымдық әрекеттерді таңдайтын, алған білімін қолдана білетін ( шығармашылық, ізденіс ) тесттер.

Тест әр студентке түсінікті және үнемі қолданыста болуы қажет, өйткені тесттер студенттерге нақты талаптар қойып, үнемі ізденіске түсіріп, өздерін бақылау құралына айналуы керек.

Оқу жылының басында студенттерге рейтинг картасы - силлабус қолдарына берілуі тиіс. Онда оқитын кредит саны, модульдердің атауы, тақырыптар, білімін тексеретін сұрақтар, СӨЖ тапсыру есебі, бақылау түрі, формасы мен күні көрсетіледі. Бастапқы бақылау семестрдің басында, аралық бақылау модуль соңына қарай, қорытынды бақылау - сесия алдындағы бақылау. Кредит саны көрсетіледі.

Бастапқы бақылауды пән оқытушысы жүргізіп студенттердің өткен пәндері бойынша дайындық деңгейін, сөйлеу қабілеттерін анықтайды. Оқытушы үшін бұл маңызды, өйткені студенттердің өзіндік жұмысында қолданылатын тапсырмаларда ескереді.

Ағымдық бақылауда оқытушы дәріс, семинар, өзіндік жұмыстарын бақылайды. Студенттердің жеке сұрақтарды меңгеру деңгейін бақылайды. Оқытылатын пәнге байланысты баяндама жазу, сұрау-тапсырмалар мен қойылған мәселелерге жауап беру, түрлі кестелер құрастыру, ізденіс жұмыстарын жүргізу.

Аралық бақылау белгілі модульді, тақырыпты бітіргеннен кейін жүргізіледі. Студенттердің алдыңғы игерген модульді кейінгі модульмен байланыстыра білуі анықталады. Студенттердің ойлай білуі, оқу материалдарын талдауы, салыстыра білуі, тұжырым жасауы ескеріледі. Аралық бақылау түрлері: тесттер, рефераттар, шығармалар, СӨЖ, ситуациялық мақсаттарды шешу, пікірталас жүргізу, т.б.

Қорытынды бақылау барлық курс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Қорытынды бақылау оқытушы мен студенттердің еңбек нәтижесін көрсетеді. Жоғары үлгерім сапасын көрсеткен студенттер автоматты түрде бағаланады.

Сессия дәстүрлі түрде өтеді, оның формасы әр түрлі болады: қорытынды тест, ауызша емтихан билет бойынша, жазба емтихан, курстық жұмысты қорғау, педагогикалық практика есебін қорғау.

Кейбір оқу орындарында мынадай тәжірибе қалыптасқанын байқауға болады. Педагогикалық практика мысалы төрт апта өтетін толса, әр апта студент нені игеретінін нақты білсе, оған “5 балл белгіленсе, онда практика соңында әр студент 4x5=20 балл алуға талаптанады. Педагогикалық практиканы осылай нақты талаптарды меңгеруге бағыттаса, онда практика сапасы нәтижелі болар еді.



Курстық және дипломдық жұмыстардың орындалуына да осындай талаптар қойылса, онда студентердің өзіндік жұмыс жасауға деген ынтасы мен жауапкершілігі артып, белгілі жетістікке ие болар еді.

4. Студенттерді “сессиясыз” автоматты түрде аттестациялау.



Жетекші жоғары оқу орындарында “Автоматтық” сессия студенттердің оқуға мотивациясын арттыратын кезең болып табылады. Студент сесияға дейін барлық модуль бойынша және қорытынды бақылау бойынша 85-100% балл (өте жақсы) алатын болса, сессиясыз аттестациядан өтуіне мынадай жағдайларды орындаса болады:

  • Барлық тапсырмалар мерзімінде тапсырылса;

  • Сабақ беретін мұғалімдердің келісімі болса;

  • Кафедра меңгерушісі мен деканның рұқсаты болса.

Егер автоматты түрде аттестация жүргізілсе, емтихан тіркеу қағазында студенттің рейтингі мен “өте жақсы” деген бағасы қойылады.

Автоматты түрде аттестация жүргізу үшін кафедра меңгерушісі деканатқа кафедраның шешімін жазба түрінде тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет