1. Дəріс тақырыбы


Ιv. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы пластидтері жоқ (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы-Thallobionta aplastidae



бет20/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Ιv. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы пластидтері жоқ (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы-Thallobionta aplastidae


  1. Кілегейлілер бөлімі-Myxophyta

  2. Саңырауқұлақтар бөлімі-Mycophyta



Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер-Cormobionta


v. Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы- Procormobionta archegoniatae

  1. Риниофиттер бөлімі-Rhyniophyta

  2. Псилот тəрізділер бөлімі-Psilotophyta

  3. Мүк тəрізділер бөлімі-Bryophyta

vΙ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы- Cormobionta arhegoniatae


  1. Плаун тəрізділер бөлімі-Lycopodiophyta

  2. Қырықбуын тəрізділер бөлімі-Equisetophyta

  3. Шаңжапырақ тəрізділер бөлімі-Polypodiophyta

  4. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі-Gymnospermata (Pinophyta)



VΙΙ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтар тармағы-Cormobionta gynoeciatae


  1. Жабық тұқымдылар бөлімі-(магнолиялар)-Angiospermatophyta (Magnoliophyta)

Бинарлық атау. Өсімдіктердің түрлері екі сөзбен аталады, яғни белгіленеді:оның біріншісі осы түр жататын туысты білдіреді, ал екіншісі түрдің атауы (эпитеті). Екінші сөзден кейін, осы түрді ашқан жəне оған ат берген ғалымның фамилиясы қойылады (қысқартылған түрде, немесе толығымен). Мысалы, қатты бидайдың ғылыми атауы-Triticum durum L. Мұндай биологиялық атауды ғылымға алғашқы ендірген атақты швед ғалымы К. Линней (1707-1778) болған.

  1. Түр туралы ұғым. Түр туралы ұғымның тарихы үлкен жəне ол бір-біріне қайшы келетін,аса шиеленіскен маңызды көзқарастарға толы болып келеді. Түр туралы талас-тартыс көп жағдайда флористер мен систематиктердің тек профессионалдық тұрғыдан қызығушылығының деңгейінен шығып кетіп отырады. Оның барлық уақытта жалпы биологиялық маңызды болған жəне табиғаттың дамуы жөніндегі мынадай екі түрлі көзқарастың, екі түрлі концепцияның материалистік жəне идеалистік көзқарастың арасындағы талас-тартысты көрсетеді.

Өсімдіктердің түрлері туралы К.А.Тимирязевтің концепциясы көңіл аударуға тұрарлық. Түр деген сөзді организмдерге қолданудың екі түрлі мағынасы бар, осы көзқарастың екі жағын бірдей айқын ажырата білмегендіктен ғалымдардың арасында мəңгі бітпейтін түсінбеушілік пен талас тартыстар туып келеді. К.А. Тимирязевтің пікірі бойынша түрді барлық уақытта екі аспекте қарастыру қажет: биологиялық ұғым ретінде (табиғи тарихи тұрғыдан алғанда)-эволюцияның бағытының қалыптасуы мен тіршіліктің өзінің негізгі формасы ретінде жəне логикалық аспекте, таза формальды ұғым ретінде-ұқсас особьтардың жиынтығы тұрғысынан қарастыру.
Биологиялық түр уақытқа байланысты азды-көпті өзгеріп жəне кеңістікте бір жерден екінші жерге жылжып ауысып отырады. Оны зерттеу көптеген қиыншылықтармен байланысты. Өйткені түр табиғатта дараланған жəне бір-бірінен айқын айырмашылығы болатын, көп жағдайда əртүрлі формалар мен популяциялар түрінде беріледі. Табиғи тарихи тұрғыдан қарағанда түрге анықтама беру өте қиын. Қандай болғанмен түрге берілген бірнеше ондаған анықтамалардан байқайтынымыз, түрдің мағынасын дəл беретіндей жəне көпшілік мойындаған бірді-бір анықтама жоқ.
Түрдің көпшілікке мəлім жəне қанағаттандырарлықтай анықтамасын В.Л. Комаров берген: «Түр деп жалпыға ортақ бір тектен, ортаның əсерінен жəне тіршілік үшін күрестің барысында, басқа тірі дүниелерден, сұрыптаудың негізінде дараланып шыққан ұрпақтардың жиынтығын айтады; сонымен бірге түр эволюциялық процестің белгілі бір кезеңі болып табылады».
Түр туралы формальды-логикалық түсінік біршама қарапайым. Жекелей алғанда табиғаттың таусылмай жəне күрделі алуан түрлілігін, қарапайым логиканың заңдылықтарының негізінде көзге оңай елестейтіндей жүйеге келтіруге болады. Түр туралы формальды-логикалық түсінік абстракты. Мысалы, жылқылар туралы түсінікті алып қарасақ, ол да абстрактылы, өйткені ол нақтылы бір ат туралы: оның тұрғасы, салмағы, жасы, түсі, биіктігі жəне т.б. туралы мəліметтерді беріп отырған жоқ. Формальды-логикалық түсініктің тұрғысынан қарағанда түрге анықтама берудің еш қиындығы жоқ: түр дегеніміз, практика жүзінде бір-бірінен айырмашылығы жоқ, ұқсас особьтардың жиынтығы. Əрине, ұқсастық бұл жерде шартты түрде жəне шамамен алынып отыр, мысалы, бір мақсаттың немесе бір бидайдың дəнінен өсіп шыққан өсімдіктер секілді. Бірақ табиғатта жалпы бағдар болу үшін, адамның қолымен жасалған мəдени ценоздарға (агроценоздарда), агроном мен ботаниктің практикалық жұмыстарында, өсімдікті анықтағанда біздер формальды-логикалық ұғымдарды пайдаланамыз.
Құрылысы жағынан түрлер бірдей болмайды. Жаңа жетіліп келе жатқан түрлер, құрып бара жатқан түрлер жəне дамудың шарықтау шыңында тұрған түрлер деп бөледі. Өшіп бара жатқан түрлердің уақыт өткен сайын, жеке түр ретіндегі саны айқын азаяды, бұл əдетте олардың алып жатқан жер көлемінің азаюына əкеліп соқтырады. Оларда көзге түсерліктей түр ішілік өзгергіштік байқалмайды. Бұл түрлерді оңай ажыратады, өйткені туыстық жағынан жақын, аралас жатқан түрлерден олардың морфологиялық- физиологиялық тұрғыдан айырмашылығы үлкен жəне аралық формалары болмайды. Бұлар əрине ертеде пайда болған түрлер. Жас түрлердің көп жерлерге таралуы айқын байқалады, олардың саны бірден тез көбейіп кетеді. Бұлар өзгергіш түрлер, олардан көптеген түр ішілік комплекстерді (жартылай түрлерді, түр тармақтарын, формаларды) бөлуге болады. Түр ішілік бірліктердің көп болуы, жаңа формалардың түзілу процесінің, түрдің өзгергіштігінің бірден-бір дəлелі. Қазіргі кезде түр ішілік дифференциация 5-7 тармаққа дейін жетті. Осы кездегі ең жаңа деп табылған бірқатар моделдерді келтірейік.
Н.П.Дубининнің моделі бойынша-жартылай түр, түр тармақтары, нəсіл, микротопографиялық нəсіл, ұрпақ алудың жаңа жолы;
К.М.Заводскойдың моделі бойынша- жартылай түр, түр тармағы, жергілікті популяция, экоэлемент, изореагент (морфологиялық топ, биотип); Н.И.Вавиловтың моделі боынша екпелі өсімдіктерге түр ішілік таксондардың тұтастай басқа сериялары қолданылады, мысалы, түр тармағының тобы, сорт.
Осы уақытқа дейін ғаламшарымыздағы түрлердің жалпы саны жөнінде
белгілі бір шешімге келген толық мəлімет жоқ. Шамамен осы кезде өмір сүретін түрлердің жалпы саны 500 мыңдай. Бұл цифрлардың шамамен алынғандығын мынадан айқын көруге болады. Тіптен ең жақсы зерттелген деген жабық тұқымды өсімдіктердің өзінің əртүрлі ғалымдар келтірген түрлерінің саны бірдей емес: 175 мыңнан-200 мыңға, 300 мыңға дейін барады, ал кейде оданда көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет