1. Дəріс тақырыбы



бет1/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер


1. Дəріс тақырыбы: Орман Ботаникасы- өсімдіктер туралы ғылым. Орман ботаникасының табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы. Өсімдік дүниесін қорғау.
Мақсаты: Өсімдіктер организімінің əртүрлілігін, олардың биосферадағы түзілу, сақталу маңызын, арнайы негізін құрау.
Түйінді сөздер: эмбриология, экосистема, биосфера, гетеротрофты, автотрофты, атмосфера, фотосинтез, спора, литосфера.


Дəрісте қарастырылатын сұрақтар:


  1. Орман ботаникасы өсімдіктер туралы ғылым.

  2. Орман ботаникасының табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы.

  3. Өсімдік дүниесін қорғау
    1. Орман ботаникасы өсімдіктер туралы ғылым.


Орман ботаникасы-ағаштар мен бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, олар- дың сыртқы құрылысын, биологиялық ерекшеліктерін, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, таралуын жəне өсімдіктер түзіліміндегі маңызын оқытатын биологиялық ғылым. Ағаштардың əртүрлі жағдайындағы күйін: жапырағымен, жапырақсыз, гүлі, жемісі, тұқымы жəне өскіні бойынша айыра аламыз. Түрлік құрамы мен сапасы жақсы орманның тез өсуін қамтамасыз ететін əртүрлі орман шаруашылық шараларды жүргізу үшін ағаш өсімдіктерінің жəне олардың сыртқы ортаға қатынасының биологиялық ерекшеліктерін үйрететін білім. Өсімдіктердің түрлік заңдылықтарын ұғындыратын филогенетикалық жүйені білу керек. Тірі организм мен өсімдік экосистемаларының даму деңгейіне байланысты (жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық) морфологиялық жəне құрылымдық ерекшеліктерін білу қажет. Қазіргі Орман ботаникасының əдістері: салыстырмалы-анатомиялық, салыстырмалы-эмбриологиялық; эколого -генетикалық, онтогенетикалық т.б.

    1. Орман ботаникасының табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы өте зор. Біздің ғаламшарымызда өсімдіктердің кездеспейтін жері жоқ, олар Африка мен Антрактиданың суық шөлдерінде, сол сияқты температурасы 70°С-ге жететін ыстық бұлақтарында, жер қыртысының 100 м-ге (2-3 км тереңдікте кездеседі) дейінгі терең қабаттарында жəне атмосферада 10-12 км-ге дейінгі биіктікте, ал суларының 200-250 м-ге дейінгі тереңдігінде өте кең таралған, сондықтан олар биосфераның шекарасын анықтайды.

Өсімдіктерді жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы үлкен. Олардың бірі органикалық заттар түзсе (автотрофты өсімдіктер), екіншілері оларды ыдыратып (гетеротрофты өсімдіктер), жер қойнауына минералдық заттарды, ауаға СО2 газын қайтарады. Жасыл өсімдіктер жапырақтан тамырлары арқылы суда еріген минералдық заттарды, жер беті бөліміндегі (өркен) (устьице) лептесік арқылы СО2 газын фотосинтездің ішкі заты ретінде қайтадан қабылдайды. Осы ретпен табиғатта заттар айналымы жүзеге асады.
Жасыл өсімдіктердің анорганикалық заттардан күн сəулесінің тікелей əсері арқылы органикалық заттар түзу процесі фотосинтез деп аталады.
Қарапайым реакция ретінде оны былай жазады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет