№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет62/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі
10 сабақ. Жердің жасанды серігінің қозғалысы, реферат ХИМИЯ, 92443482, 2 лек Сұраныс пен ұсыныс талдауы (копия), Арал проблемасы ғылимй мақала Джолдасбаева (копия), Конститутция 3 сөж. Мелдебек Дана, Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
62 
себепті өз алдына жеке белгілі бір лексикалық мағынасы болмайды
екіншіден, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа 
түспегенімен, сөйлемден айтылатын жалпы ойға қатысты субъектінің 
түрлі көңіл-күй сезімін білдіреді.
С. Исаев «сөздерді сөз таптарына жіктеудің белгілі принциптері бар
бірақ олар негізінен атаушы сөздерге ғана қатысты болып келеді» деп 
/1,290/, шылау, модаль сөздердей одағайларды да жеке сөз табы ретінде 
тануға олардың ерекше қолданыстық-семантикалық қасиеттері негіз 
болатынын айтады. А. Байтұрсынов «одағайланып, оңаша айтылатын 
сөздерді» одағай деп атап, олардың ілездік, еліктеу, шақырыс одағай 
тәрізді үш түрін бөліп көрсетеді /2, 261/. Қ. Жұбанов жалпы сөздерді 
«таптасқан», «таптаспаған» сөздер деп бөліп, таптаспаған сөздер заттың 
өзін, ісін, сипатын, түйдегін жазбай атау үшін қажет. Олар хабарлауыш 
сөздер, жеке тұрып-ақ хабар беру үшін жасалған. Таптасқан сөзді 
сөйлемдерде бұлар одағайланып тұрады» деп /3,125/, одағайларды осы 
қатарда қарастырады.
Морфологиялық құрамы жағынан одағайлар негізгі және туынды болып 
бөлінеді.
Одағайларды мағыналық жағынан топтастыруда әр түрлі пікірлер 
кездеседі. Мәселен, А. Байтұрсынов олардың ілездік, еліктеу, шақырыс 
одағайлар тәрізді үш түрін көрсетсе /2, 261/, Қ. Жұбанов одағайларды 
шаруашылық одағайлары, қатынас одағайлары, көңіл одағайлары деп /3, 
125/ үш топқа бөліп, әр түрінің қалыптасу тарихына, ерекшелігіне 
тоқталады. Одағайларды мағыналық жағынан топтастыруда А. 
Ысқақовтың пікірі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Ғалым 
одағайларды көңіл күйі, ишарат, шақыру одағайлары деп үш топқа бөле 
отырып, оның ішінде шақыру одағайына қатысты төрт түлік малға, үй 
айуандарына арналып айтылатын одағайлардан басқа «... таңдайды 
тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға 
қиын болатын одағайлардың» /4, 377-378/ тек шақыру ғана емес, жекіру, 
ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды да білдіретіндігін ескертеді.
Ғ. Әбуханов одағайлардың төмендегідей үш түрін көрсетеді /5, 174/: 
көңіл-күй одағайлары, жекіру немесе ишарат одағайлары. «Қазақ 
грамматикасында» 
оларды 
мағыналық 
жағынан 
көңіл-күй, 
императивтік, тұрмыс-салт одағайлары деп үш топқа бөлген /6, 564/. Ал 
Н. Оралбай көңіл-күй одағайлары, бұйрық типтес (императив) 
одағайлар, тұрмыс-салт одағайлары тәрізді үш түрге бөледі /7, 374/.
Одағайларға тән басты белгілердің бірі – олардың ерекше бір әуезбен, 
ырғақпен айтылуы. Бұл ерекшелік одағай сөздерді семантикалық 
жағынан құбылтып, өзгертуге негіз болады. Жалпы одағайлар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет