1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Жоспар



бет5/10
Дата15.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#172615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
umkd po mikrob.i virusol.
smagulov, Сауалнама Назерке, Metod Klinicheskaya praktika po nevrologi Nevrologiya-001 2, Документ, DOC-20221124-WA0012., ТБК сессия жауаптары-1
1. Мочевинаның аммонификациялануы. Мочевина адам мен жануарлар денесінен бөлінетін құрамында азоты бар белоктық заттардың туындысы. Адам несебінде оның мөлшері 2%, ал сиыр несебінде — 5%-ке дейін барады. Ересек адам тәулігіне 30-дан 50 г-ға дейін мочевина бөліп шығарады. Ал жер шарындағы барлық адамдарға шаққанда тәулігіне бөлінетін мочевина мөлшері 15 000 тоннаға жететінін есептеп шығарған. Зат алмасуы кезінде мочевина едәуір мөлшерде саңырауқұлақтардан да бөлінеді. Мочевинаның құрамында 47%-тей азот болатынын ескерсек, ол азоттың өте бай қоры деп қарауымыз керек. Бірақ мочевина күйіндегі азотты жасыл өсімдіктер өздігінен сіңіре алмайды. Ол тек уробактериялар көмегімен ыдырап, сіңімді күйге айналады. Бұл бактериялар коккалар және сарциналар туысына жатады. Таяқша тәрізділерінің ішінен мочевинаны өте күшті ыдырататыны—бациллус проватус. Ол бір литр ерітіндідегі 140 г-ға дейінгі мочевинаны ыдыратады. Ал шар тәрізділерден планосардцина уреаны атап өтуге болады. Ол бір литр ерітіндідегі 30 г-ға дейінгі мочевинаны ыдыратады.
Бұлардан басқа ас тұзы бар ортадағы мочевинаны әжептәуір ыдырататын микроорганизмдер де кездеседі. Уробактериялар негізінен аэробты микробтар, егер ортаның реакциясы сілтілеу болса, оларға аса қолайлы болады. Көміртегі қосылыстарының ішінен олар әртүрлі органикалық қышқылдар және қанттармен қоректене алады. Олар азотты қоректік зат ретінде аммиак тұздары немесе мочевина ыдырағанда бөлінетін бос күйіндегі аммиакты пайдаланады. Мочевинаның ыдырауы аса күрделі емес. Негізінен ол бактериялар клеткасында кездесетін уреаза ферментінің әсерінен ыдырайды. Реакция барысында пайда болған көмір қышқыл аммиак тұзы бүдан әрі аммиак, көмірқышқыл газы және суға ажырайды.
2. Гумустың аммонификациялануы. Шымдыкүлгін топырақтың гектарында шамамен 70—90 тоннадай, ал қара топырақта ол 90-нан 300 тоннаға дейін барады. Егер гумуста орта есеппен 5%-тей азот бар десек, шымдыкүлгін топырақта — 15 тоннаға дейін жетеді. Топырақ гумусының құрамы түрліше. Олардың құрамындағы әр түрлі заттар микроорганизмдердің әсерінен түрліше жылдамдықпен ыдырайтыны тәжірибеде анықталған. Гумус өте баяу ыдырайды. Түрлі зерттеулер, қалыпты климат жағдайында бір жылда топырак гумусының жалпы қорының 1-ден 3%-ке дейінгі мөлшерінің ыдырайтынын көрсетті.
Агрономиялық ғылымның негізін қалаушы В. В. Докучаев тапырақтың гумусқа баюы ондағы өсімдіктерге байланысты екенін көрсеткен. Гумус топырақта өзгеріске ұшырап, нәтижесінде одан бірнеше қышқылдар (ульмин, гу
11 дәріс. Молекула күйіндегі азотты микроорганизмдердің сіңіруі.
Жоспар:
1.Атмосфера азоттың азотбактердің сіңіруі.
2.Молекула күйінде азотты клостридиум пастеурианумның сіңіруі.
3. Ауа азотын түйнек бактерияларының сіңіруі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет