1. Еңбек қорғаудың нормативтік-құқықтық құжаттары


Өндірістік жазатайым оқиғалар түрлері және оларды тергеп-тексеру реті



бет2/3
Дата04.03.2020
өлшемі63,53 Kb.
#59595
1   2   3
Байланысты:
Охрана ответ
44487

12. Өндірістік жазатайым оқиғалар түрлері және оларды тергеп-тексеру реті

Өндірістегі жазатайым оқиға- өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, Қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұраҚты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі.

Еңбектің, қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары; кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе Қатты ауру; Қауіпсіздік нормалары – Қызметкерлердің еңбек қызметі процесінте олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық - сне өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлердің, сондай-ақ мына тұлғалардың еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не қайтыс болуына әкеліп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары тергеп-тексерілуі тиіс: Жұмыскерлердің, сондай-ақ: 1) кәсіптік практикадан өтіп жүрген кезде оқу орындарында оқитын адамдардың; 2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің; 3) бас бостандығынан айыру орындарында және сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың; 4) азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, әскерилендірілген күзеттің жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не қайтыс болуына әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексерілуге жатады. Өндірістегі жазатайым

тергеп-тексеру тәртібі

1. Арнайы тергеп -тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқи оларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:

төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;

мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің әкілі.

Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енді келмейді.

2. Арнайы тергеп-тексеруге:

1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;

2) зардап шеккен адамдар жарақаттарыныауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;

3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады

13. Өндірістік жарақаттану түсінігі. Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу шаралары.

Өңдірістік жарақат дегеніміз – қауіпсіздік техникасының талаптарын ескермегендіктен болатын жарақат.

Кәсіби ауру – қызметкердің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы.

Жаракат (гр. Trauma жара, булшу) - қоршаган орта турлі факторларының әсерінен болған мушелерінің немесе улпаның анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы.

Зақымдану деп мынандай жаракаттарды айтамыз, мысалы, механикалық, химиялық, термиялық, акустикалық, психиатрлық және т.б. Дене закымдалуы ауыр, аса ауыр және жәй зақымдалу болып бөлінеді. Адам өміріне қауіпті зақымдалуға жататындар: 1 - бас суйегіне, омыртқаға, ішкі, кеуде ұлпанына енетін жарақат; 2 - бас суйек күмбезімен тубінің ашык және жабык, сыныктары; 3 - ауыр дәрежедегі ми жаракаты; 4- адам өміріне қауіпті бас суйегіне ішкі қан құйылу; 5 - омыртка жотасының мойын белінің закымдалуы және т.б. Ауыр дене жаракатына адам өміріне барлык қауіпті дене жаракаттары жатады, оларға ауыр залалдар тигізген мынандай зардаптар жатады: көздің көрмей қалуы, саңырау болып қалу, немесе кез-келген мүшенің закымдалуы, психикалық ауру, денсаулыктын бұзылуына байланысты жұмыс кабілетінің үштен 6ip бөлігінің жарамсыз болып калуы.

Аса ауыр емес дене жаракаттарына, денсаулыктын бұзылу ұзақтығы үш аптадан жоғары (21 куннен аса) немесе жұмыс істеу кабілеттілігінің 10-нан 33% дейін төмендейтін өміріне аса қауіпті емес жаракаттар жатады.

Жеңіл дене жаракаттарына, денсаулыктың бұзылуы қысқа мерзімде (узактыгы 6 куннен астам, 6ipaK 3 аптадан артык емес) немесе сәл ғана еңбек кабілеттілігінен 10% дейін айырылатын жаракат турін айтады.



14. Еңбек гигиенасы ғылымы туралы түсінік. Жұмыс уақыты, демалыс уақыты

Еібек гигиенасы , кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Е. г-ның Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғыл. зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Е. г. мәселесімен Қазақ эпидемиол., микробиол. және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) айналысты. Е. г-ның негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физ., хим., биол. (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Е. г. физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Е. г-ның тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиол. стансалар қадағалап отырады. Сондай-ақ, санитарлық ережелер, мемл. стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т.б. нормативтік құжаттар дайындалады. Қазақстанда Е. г. жөніндегі мәселелермен ҚР Білім және ұылым мин-нің Қарағандыдағы Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғыл.-зерт. ин-ты, Бат. Қазақстан (Ақтөбе), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) мемл. медицина академиялары мен Қазақ ұлттық медицина ун-тінің (Алматы) гигиеналық кафедралары шұғылданады.

Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі.

Дeмалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт. 

Демалыс уақытының түрлері  

  1. жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) - демалыс және тамақтану үзілісі;

  2. ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;

  3. күнделікті демалыс (ауысымаралық);

  4. демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);

  5. мейрам күндері;

  6. еңбек демалыстары.

Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер

Күнделікті жұмыстың (жұмыс аусуының) ішінде жұмыскерге ас ішуге және демалуға жарты сағаттан аз емес үзіліс берілуі қажет.

Демалуға және түскі асқа арналған үзіліс уақыты жұмыс тәртібмен, және еңбек әрі ұжым шарттарымен орнатылады.

Демалуға және түскі ас ішуге арналған уақыт жұмыс тәртібіне қосылмайды. Еңбек шарттары бойынша үзіліс берілуі мүмкін емес жұмыс орынадарда, жұмыс беруші жұмыскерге демалуға әрі ас ішуге арнайы жабдықталған жерде мүмкіндік беруі тиіс. Осындай жұмыс тізбесі, ас ішу әрі демалуға арналған орындары ұжым шартымен немесе жұмыс берушінің әрекетімен орнатылады.



15. Еңбек жағдайларын сараптау тәсілдері.
16. Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану құралдары,

заттарымен қамтамасыз ету мәселелері.
17. Өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурудың себептері

Тәжірибе жазатайым оқиғаның себептерін немесе шынайы себебін айқындау үшін осы әдісті қолданудың мақсатқа сәйкестігін көрсетті. Жазатайым оқиғалардығаларды талдау үшін оның себептері бойынша классификацияланады. Қазіргі кезде ортақ қабылданған өндірістік жарақаттанудың себептерінің классификациясы жоқ, бірақ көптеген авторлар бірнеше топтарға бөлген.

Техникалық себептер - еңбектің өндірістегі ұйымдастырылу дәрежесіне тәуелесіз деп сипаттауға болатын себептер.

Өндірістік жаракаттану себептері: ұйымдастырушылық; техникалық;Санитарлык-гигиеналық; Табиғи факторлар; Экономикалық; психо-физиологиялық; Технологиялық-Конструкторлық; Артық шу,діріл, газ; Табиғи апаттар; Өндірістік-экономикалық; Психологиялық; Машиналарды күту; Иондаушы сәулелер; жаппай індеттер;Әлеуметтік экономикалык; физиологиялық;

Атап айтқанда: құрал-жабдықтардың, аспаптардың, тетіктердің конструктивті жетіспеушілігі, технологиялық процестердің жетілмегендігі; механикалық ауыр жұмыстардың жетілмегендігі; қоршаулардың, сақтану құрылғыларының, дабыл қағу жүйелерінің және блокировкалау шектеу құралдарының жетілмегендігі; материалдардың ақаулары; өңдеу ортасының бұрын белгісіз болған қауіпті қасиеттері және тсс. бұл себептер кейде инженерлік немесе конструкторлы себептер деп аталады.

18. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:



Монографиялық(моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Статистикалық(салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.

19. Жұмыс орнының микроклиматы. Оның түрлері

Бұл стандарт микроклиматтың көрсеткіштеріне жалпы санитарлы-гигиеналық талаптарды және жұмыс зонасының ауаның құрамында қауіпті заттардың болуын белгілейді. Жұмыс зонасының ауаның құрамында қауіпті заттардың болуына талаптар жұмыс орнының орналасуынан тәуелсіз болады.

Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер, келесілер:

1. Ауаның температурасы:

2. Ауаның шартты ылғалдылық:

3. Ауа қозғалысының жылдамдығы:

4. Жылулық таратудың интенсивтілігі.

Бөлмедегі микроклиматтың жағдайы еңбек өнімділігіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады

Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді

1.Қолайлы (комфортный)

2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехы, бояу цехі)

3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)

4.Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)

5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі,

салқындатқыш камера)
20. Микроклиматтың көрсеткіштері, олардың адам организіміне әсері

Қауіпсіз, жоғары өнімді және сау еңбектің бірден бір қажетті шарты болып өндірістік ғимараттардағы жұмыс зонасының қалыпты микроклиматын қамтамассыз ету табылады.Жұмыс анасы - жұмыскерлердің тұрақты немесе уақытша жұмыс орындары орналасқан, деңгейі еденнен 2 метрге биік кеңістік немесе алаң (МемСТ 12.1.005- 88). Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологияық шарттар 12. 1. 005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы температура, салыстырмалылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен қоршаушы беттердің температурасы (жылулық сәулеленулер). ¹Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы абсолютті ылғалдылықтың максималдыға қатынасы.

Аламның тіршілік етуіне жұмыс зонасындағы ауаның барометрлік қысымы да әсер етеді. Бірақ оның айтарлықтай әсері тек кейбір еңбек түрлері кезінде, қысымның гез өзгеруі байқалғанда білінеді. МикроклиматтыңМикроклиматтың аталмыш параметрлері жекелей немесе кешенді түрде бірінші кезекте адам мен өндірістік ғимараттың қоршаған ортасы арасындағы жылу алмасу шарттарын анықтайды.

Организмнің жылу реттегіші - орындап жатқан жұмыстың сыртқы ауырлық шарттарынан тәуелсіз дене температурасының тұрақтылығын қамтамассыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы.



21. Жарықтың негізгі өлшем бірліктері. Жарықтандыруды мөлшерлеу.

Жарық өз тұрғысынан физикалық құбылыс. Ол сыртқы қоршаған заттарды көруге, яғни тікелей көру сезімталдығын тудыруға мүмкіндік жасайды.

Табиғаты бойынша бұл ұзындығы 360 нм-ден 780 нм-ге дейінгі көрінетін жарықтық сәулелену деп аталатын электромагниттік толқындар. Адам көзінің сезімталдығы сары, жасыл сәулелерге, яғни ұзындығы 556 нм толқындарға барынша жоғары.

1. Жарықтану сезімталдығымен бағаланатын сәулелі энергияның қуаттылығы (Ф) жарық ағымы деп аталады. Өлшем бірлігі люмен (лм), ол кандельдің стерадианға қатынасының көлеміне тең, яғни бұл стерадиандағы тұлғалық бұрыштағы жарық күші 1 кандел нүктеліккөзден шыққан жарық ағымы.

2. Жарық күші (І) – жарық ағымының тұлғалық бұрышқа қатынасы, өлшем бірлігі канделл. Жарық күші СИ жүйесіндегі ең негізгі шама болып табылады.

 I = ;



dW

3. Тұлғалық бұрыш (W ) – конустық жазықтықтың ішіндегі орналасқан кеңістік бөлігі. Өлшем бірлігі стерадиан.

S

 W = ;


Ч2 

4. Жарықтану (Е) – жарық ағымының (Ф) жарық таралатын ауданға қатынасы. Өлшем бірлігі люкс (лк). Өндірісте және басқа да объектілерде көрумен қабылдау тұрғысынан беткейге түсетін жарық ағымына қарағанда, жарық түскен беткейден көз бағытында шағылысқан жарық бөлігінің маңызы зор. Осы себептен жарықтық деген түсінік енгізілген.

 Е = ;


dS

5. Жарықтық (L) – жарықтанған немесе жылтыр беттерден көзге бағытталған жарық ағымының көлемі. Өлшем бірлігі нит (нт) және стильб (сб). 1 нит – бетінен перпендикуляр бағытта жарық 1 шырақ күшпен 1 м2 ауданға таралатын жалпақ жылтыр беткейдің жарықтығы. Стильб – 10000 нит-ке тең.

Жарықтық көру сезімталдығын анықтайды, көзге бағытталған арық күші неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым көру сезімталдығы жоғары болады. Аса жоғары жарықтану, яғни жылтылдақтық құбылыс көру қабілеттілігін қиындатады. Жылтылдақтылық – көздің қажуына және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне себеп болады.

dI

 L = ;



ds х cos

6. Жарқыраулық (М) – жарық ағымының жарық шығатын бет ауданына қатынасы. Өлшем бірлігі лм (люмен) /м2

 M = ;


dS

Денеге түскен жарық ағымының бір бөлігі шағылыады, бір бөлігі жұтылады, ал белгілі бір бөлігі денеден өтеді.

Сандық шағылысу, жұтылу немесе өткізілу сәйкес коэфициенттермен белгіленеді.

7. шағылысу коэффициенті (Р) – шағылысқан жарық ағымының (Фр) түскен жарыққа (Фт) қатынасының пайыздық көрсеткіші.

Мысалы: ашық түсті ағаш беткейдің шағылысу коэффициент 35-40%-ке тең, ал таза әктелген төбенікі 75-80% және т.б.

Фp

 P = ;



Ф

8. Жұтылу коэффициенті (альфа) – денеге жұтылған жарық ағымының түскен жарық ағымына қатынасы.

Ф2

 альфа = ;

Фп

9. Өткізу коэфициенті (г) –орта арқылы өткен жарық ағымының түскен жарық ағымына қатынасы

Фч

 Ч = ;


Ф 

10. Жарық климаты (световой климат) – көп жылдар бойындағы бақылау негізінде анықталған сыртқы табиғи жарықтанудың орташа жағдайы.

Табиғи жарық өзінің жарықтандыруының өте кең шекарада өзгеруімен сипатталады. Бұл өзгерістер күннің жыл мезгілімен, метеорологиялық факторлармен: күннің бұлттануы, жер бетінің шағылыстыру қасиетімен т. б. шартталынады.Сондықтан табиғи жарықтың жарықтылық шамасын сандық көрсеткішпен беруте болмайды. Табиғи жарықты мөлшерлеу шамасы ретінде салыстырмалы шама - табиғи жарықтылық коэффициенті (ТЖк) қабылданған.

Өндірістік жарықты жобалау құжаттарында СНжЕ II 4—79 сандық (ең аз жарық шамасы) және сапалық (көздің шағылысу көрсеткіші және дискомфорт, жарық жыпылықтауының тереңдігі т.б.)көрсеткіштері келтірілген.

Өндірістік жарықты жарық көзі мен жарыктандыру жүйесіне байланысты бөлек мөлшерлеу қарастырылған.

Жарыктандыру мөлшерін анықтағанда көру жұмысының дәлдігіне қарай жарықгандыру деңгейін көтеретін бірқатар шарттарды ескеруге тура келеді.



22. Жұмыс орны ауасының ластануы, оны тазарту әдістері

Зиянды өндірістік фактор ол кәсіптік патологияның пайда болуын, жұмысқа кабілеттіліктін уақытша немесе тұракты төмендеуін, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігінің өсуін, ұрпақтардың денсаулығының нашарлауын туындата алатын өндірістік орта мен

еңбек процесінің факторы.

1.ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ:



  • Психофизиологиялық фактор;

  • Физикалық фактор;

  • Химиялык фактор:

  • Биологиялык фактор;

  • Өндірістің жарақаттанудың қауіптілігі

1. Психофизикалық факторлар:

A) Физикалық(шахтерлердің және кеншілердің жұмысы;;

Б)Физиологиялық жылжу(оймен істейтін жұмыстар);

B)Физиологиялық зорығу(ауыр жұмыс түрлері);

Г)Жүйке психикасының

зорығуы(операторлардың диспечерлер т. б)

Физикалык факторлар:

A)Ауа жылдамдығы(машина жасауметаллургия)

Б)Инфрақызыл сәулелердің жоғарғы деңгейі(аспан астында жұмыс істейтін

құрылысшылар)

B)Ультрасәулелердің жоғарғы деңгейі(дәнекерлеу жұмыстары)

Г)Лазерлі сәулелердің жоғарғы деңгейі(зерттеу жұмыстары, медицина)

Д)Ионды сәулелердің жоғарғы деңгейі(атомды электростанциялар)

E)Электромагнитті сәулелер(радиолокация)

М)Статистикалық элек рдің жоғарғы деңгейі(жасанды тері өндірісі)

H)Жұмыс орнының жоғары деңгейде шандануы(машина жасайтын зауыттар);

K)Жұмыс орнының жеткіліксіз немесе жүйелі емес жарықтануы;

Химиялық факторлар:

Ағзаға жалпы токсикалық тітіркендіргіш;

Биологиялық факторлар:

A) Микро және микроорганизмдер(ауру малға қараушылар);

Б)Виаминдер,гармондар(формацевтикалық зауыттар);

Өндірістік жарақаттанудың қауіптілігі.

A)жылжу элементтері қорғалмаған өндірістік факторлар(машина жасау және химия зауытгары)

2) Еңбектену іс-эрекетінің организмне ерекше әсерін еңбек физиологиясы зерттейді. Организмнің

бейімделуін зерттеу; жайсыз өндірістік факторлардың адам организміне тигізетін әсерін анықтау, еңбек ісәрекеттерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу; кәсіби ауруларды диагностикалау, алдын алу, емдеуді оңтайландырудың клиникалық-физиологиялық негіздерін зерттеу.

3)Еңбек үрдісіне байланысты кәсіптік зияндылықтар жұмысшылар организімінде арнайы және арнайы емес өзгерістер туғызуы мүмкін.

АРНАЙЫ ӨЗГЕРІСТЕР:

1. Кәсіптік аурулар

2. Желеп


3. уланулар

4. Жекелеген асқынулар (отдаленные последствия) (мутагенді, тератогенді, канцерогенді, аллергенді)

АРНАЙЫ ЕМЕС ӨЗГЕРІСТЕР:

1 Кажу


2. Зорығу

3. Стресс

4. Арнайы емес сыркаттанулар

5. асқынулар (мутагенді, канцерогенді, эмбриотронны, аллергенді)

Кәсіптік аурулардың алдын-алу ең маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады, Осы мақсатта барлық өнеркәсіптік өндірістерде жұмысшыларға қолайсыз әсер ететін өндірістік орындардың зиянды факторларын шектеуге бағытталған шаралар жиынтығы жүргізіледі.

1. Әкімшілік шаралар

2. Технологиялык

3. қауіпсіздіктің орындалуы

4.Санитарлық

5. Емдеу


4. Физикалық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары-микроклимат, өндірістік шан, шу, діріл,

ультрадыбыс, инфрадыбыс, иондалмайтын сәулелену иондаушы сәулелену.

Шу қатты ортаның механикалық тербелістері. Шу дегеніміз, кез - келген жағымсыз немесе ретсіз

жиынтықтағы, түрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстар, олар адам ағзасына жағымсыз жұмыс пен демалысқа әсер етеді. Шу әсерінен адамда кәсіптік кереңділік пайда болады және ағзаның басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері болады.

Діріл - қатты байланыстары бар жүйелердің тербеліс қозғалыстары, Дірілдің таралуына байланысты – жалпы және локальді дірілді ажыратылады. Діріл көзі -ұрмалы

аспаптар ( барабан ), ұрмалы - айналмалы әсері бар машиналар, механизацияланған айналмалы машиналар.



23. Микроклиматты нормативтік көрсеткішке келтіру, реттеу әдістері
24. Электр тоғының адам организміне әсері. Электр тоғы зақымына ұшыраған

адамға алғашқы көмек көрсету реті.

Электр тоғының адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайларда адам денесінің басиы мүшелерінің (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін.

Термиялық әсер – денеден өткен тоқтың әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдарын қызуынан және дененің кей жерлерінің күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тоғының, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ірітіп, бұзуымен байланысты болады. Биологиялық әсер – дегеніміз электр тоғының нерв жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды тканьдарын қоздырып, бұлшық еттерінің еріксіз дірілдеп, тартылуы блады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері де тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеті тоқтатылады. Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып тағы басқадай жараланудан болады.

Сонымен адам денесінен өткен электр тоғының әсерінен организмде әртүрлі ауыр бұзылыстар болып, адам қатты зақымданып, өлім қауіпі тууы мүмкін.

Бұл көрсетілген электр тоғының организмге тигізетін әртүрлі әсерін біріктіріп негізгі екі топқа бөлуге болады: электр зақымдары (жарақаттары) және электр соққысы.

1. Білінетін тоқ – адам денесінен өткенде білінетіндей тітіркену тудырады.

2. Жібермейтін тоқ – қолда қалған өткізгіш, қолдың бұлшық етін тартылтып дірілдетеді.

3. Фибриляциялық тоқ – жүректі, жүрек талшығын тәртіпсіз бейберекет тартылады.

Реакция білдіретін тоқтың ең кіші мәнін, табалдырықтың мәні деп атаймыз.

Егер зардап шегуші ессіз жатса оның тыныс алуы бақыланады және тілінің артқа кетуіне байланысты тыныс алуы бұзылса саусақтармен төменгі жақты алдыға қарай жылжытып және тілдің артқа кетуі орнына келгенге дейін осы қалыпта ұсталады.

Электр жарақаты – үлкен күштегі электр тогының немесе атмосфералық электр разрядының (найзағайдың) әсер етуінен туындайтын зақымдану.

Дәрігерге дейінгі көмек 1. Электр тогының әсерін шұғыл тоқтау: токты ажырату, зардап шегушіден электр сымын аулақ әкету. 2. Жеңіл жалпы құбылыстармен (қысқа мерзімді естен тану, бас айналу, бас ауру, жүрек тұсының ауыруы) бірге жүретін зақымдануларда баланы тезірек ауруханаға жеткізу. 3. Ауыр құбылыстарда, тыныс алу бұзылғанда немесе тоқтағанда жасанды тыныс алдыру (ЖТА). 4. Зардап шеккен бала есін жиғанда оған су, шәй, кофе беріледі және жылы қымталады. 5. Жүрек тоқтағанда жүректің жанама массажын (ЖЖМ) алғашқы 5 минутте жүзеге асыру керек. 6. Науқас баланы жатқан күйде тасымалдайды. Бұл кезде жүрек қызметі мен тыныс алуын жіті қадағалау қажет.

1. Егер зардап шеккен есін жоғалтса, тыныс алмаса, тамыры соқпаса, тері қабаты көгерген, қарашықтары (диаметрінде 0,5 см) жалпақ болса оны өлім аузында жатыр деп есептеуге болады және дереу «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілімен қолдан дем алдырудың және жүректі сыртынан массаждаудың көмегімен ағзаны тірілтуге кіріседі. Зардап шеккенді шешіндіріп, уақытты жоғалтудың керегі жоқ.

2. Есін жоғалту дәрежесін, тері қабатының түсін және тыныс алу жағдайын 1 минуттан аспайтын уақытты алатын тамырды ұстау арқылы бір мезгілде анықтауға болады. Қарашықтарды бірнеше секунд ішінде қарауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет