1. Әдеби тектің түрлері. Әдеби жанр түрлері



бет1/3
Дата12.12.2023
өлшемі18,42 Kb.
#196611
  1   2   3
Байланысты:
Тек пен түр
Қысқамерзімді жоспар (копия)

1. Әдеби тектің түрлері.
2. Әдеби жанр түрлері.
Әдеби жанр (фр. – тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма. 2) Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, комедия, ода т.б.
Әр жанрдың әдеби түр ретінде тууы мен дамуының негізінде мазмұнның ұлан-ғайыр құбылулары – пайда болуы, өзгеруі, өсуі, өшуі жатыр. Әрбір әдеби шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Өмірдің даму заңдылығы өнерге де тән. Әр халықтың әдебиеті ол өмір сүрген тарихи дәуірлердің әр кезеңінде әр халде, әр қалыпта болып отырады. Әдеби процесс дегеніміз – осы.
Жанр – даму үстіндегі. Жанрлық дамудың өзі – тірі процесс. Жанр – нақты тарихи түр. Көркем шығармашылық жанрларға бөлінбей тұрған көне дәуірде әдеби туындыға тән бірден –бір сипат атам заманғы поэтикалық синкретизм болған. Ән де, өлең де, би де аралас түсіп жатты.
Эпос (грекше – баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Эпостық шығарманың арқауы ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық, - жекелеген адамдардың көңіл күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдыры, ұлттық даму заңдылықтары.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндік-теріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді.
1) Шағын көлемді эпикалық түр.
2). Орта көлемді эпикалық түр.
3). Кең көлемді эпикалық түр.
1. Шағын көлемді эпикалық шығармаларда өмір шындығы бір не бірнеше ықшам оқиға көлемінде алынып көрсетіледі. Түрлері:
а) Мифтабиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.
Мифологиялық эпос – жалпы эпос атаулының басы.
ә) Аңыз - әсіре қиял аралас фантастикалық хикая. Мифтен айырмасы аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне өмірде болған оқшау оқиға жатады. Тарихи адамдарға қатысты да шығарылады. Мысалы, Асан қайғы, Қорқыт туралы аңыздар.
б) Ертегі – адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға тиіс, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая. Өз ішінен қиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері болып бөлінеді.
в) Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Көбіне сатиралық сипатта, аң, хайуанат, зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті сынайды. Мысалы, Эзоп, Лафонтен, Крылов, Д.Бабатайұлы т.б.
Новелла – (итальянша – жаңалық, соны сөз) – «бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме»(Гете). Новелла шағын эпикалық түр ретінде қайта өрлеу дәуірінде қалыптасты. Боккаччоның «Дека-мероны», Чехов пен Гоголь, П.Мериме мен Г.Мопассан новеллаларын әлем сүйіп оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет