1. Әдеби тектің түрлері. Әдеби жанр түрлері


Әңгіме – қысқа жазылатын, жинақы, икемді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі. Очерк



бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі18,42 Kb.
#196611
1   2   3
Байланысты:
Тек пен түр
Қысқамерзімді жоспар (копия)
Әңгіме – қысқа жазылатын, жинақы, икемді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі.
Очерк жаңаның жаршысы, оқиғасы да, кейіпкері де шындық оқиғадан алынатын газет жанрының түрі. Фельетон ( фр.- парақ) - шағын көлемді, публицистикалық үнді, көркем тілді, сын-сықаққа бай, күлкі шақыратын әдеби шығарма.

  1. Повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық бас қаһармандікі.

Поэма – (грекше - туынды) - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен күрделі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
3.Кең көлемді эпикалық түр.
Романның жанрлық үлгілері: плуттық романдар, авантюралық роман, тарихи роман, психологиялық роман, фантастикалық роман, публицистикалық роман, философиялық роман.
Роман-эпопея – эпостың шыңы, оның негізгі қаһарманы – халық, суреткер шындығы - халық басынан өткен кезеңдік құбылыстар.
Лирика –(ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) - шындықты адамның ішкі көңіл күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі.
Ақынның жалт еткен нұрлы ойы, жарқ етіп көрінген ішкі дүниесі лирикадан көрініс береді. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Лирикада мінез болады. Әр халықтың лирикалық өлеңі ауыз әдебиетінде жатыр.
Баллада – (итальянша - билеу) – лиро-зпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл күйімен қатар, толқытқан оқиғс себептерін оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді. Мысалы, Қ. Жармағамбетовтың «Мұғалима» балладасы.
Идиллия – (грекше – суреттеу, сурет) - әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз қызық, қайғысыз өмір жайлы жыр. Мал баққан, егін еккен т.б. табиғат аясында өмір сүріп жатқан адамдардың той-думанын, сауығын жырлайды. Феокрит, Вергилий, Сумароков, Жуковский сияқты ақындардың әр дәуірдегі идиллиялары.
Мадригал – 14 – ғасырда француз әдебиетінде идиллия мадри-галға ауысты.Малшы сазы деген ұғымдағы бұл өлең о баста тыныштықтағы рақат тіршілікті әспеттесе, кейін әйелдерге арналған альбомдық сипатқа көшті, кейін күлкі, сықақ араласты.
Ода – (грекше - ән) – есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған, ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аск көтеріңкі, көңілді жырлар. Мысалы, Гораций, Овидий, Лермонтов пен Державин... Байтоқ т.б.
Сонет – (итальянша – сылдырау, сыңғырау) – арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сырлы өлең. Сицилияда он үшінші ғасырда пайда болып, Данте, Петрарка-лар көп қолданған, Шекспир классикалық үлгілерін жасаған лириканың түрі. Көлемі он төрт жол болады, алғашқы 8 жолы бірінші бөлім - катрен, ақырғы алты жолы – терцет, мазмұны ұқсас болады.
Лириканың бұдан өзге түрлері көп. Мысалы, ой (әр тақырыптағы философиялық ойлар), канцонетта (баяғының серілік әуендерін мадақтайды), романс (жалт еткен бір жақсы сезімді, көбінесе сүюді жырлау), пастораль (малшы сазының бір түрі), эклога (идиллия сияқты селодағы сауық жырының бір түрі), элегия (бір мұң, бір сыр аралас өлең), эпиталама (жаңа қосылған жас жұбайлардың жарастығын құттықтайтын көне өлеңдердің бір түрі), эпитафия (дүниеден өткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау), эпиграмма (жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сынақ өлең.
Ақыннның шығармашылық өсу жолын, көзқарасын айқындауға қолайлы болғандықтан,,қазірде лириканы тақырыбына қарай жіктеу басым.
Драма (грекше – қимыл, әрекет) - әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр. Горькийше айтсақ, ең қиын жанр.
Драматургиялық дүниеге алдымен көлем жағынан шек қойылады. Көлемі жетпіс-сексен беттен аспауы керек. Ежелгі гректерде көлемі шектелмесе, қазір сахнада екі-үш сағаттан артық болмайды. Драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек диалог, монолог арқылы айқындалады. Автор сахнадан бөлек қалады. Драмадағы ең басты, ең шешуші нәрсе – тіл. Драма тілі тұжырымды, қысқа болады. Үшіншіден, драма тартысқа құрылады. Маңызды қақтығыс, тартыс, әрекет көрерменге актерлар ойыны арқылы жетуі шарт. Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін тек сахнадан ғана табады, сондықтан пьеса сахнада ойналуы керек. Оған режиссер, актер, суретші, композитор, т.б. жұмысшылардың еңбегі қосылады.
Экспозиция пьесаның кіріспесі сияқты, ол көрерменді персонаждармен таныстырады, (жағдай және мінезбен), байланыс көрерменге қаһармандар арасындағы болашақ қақты-ғыстардың себебін аңғартып, сахнадағы біртұтас қимылды бастайды. Біртұтас қимыл – тартыстың арқауы. Драмадағы хал-жайдың ақыры – пьесаның шешімі. Драматургияға тағы бір қажеттісі - тәсіл. Тартысқа адамдарды еселеп кіргізу (посте-пенный ввод), оқыс танысу (неожиданное узнание), лирикалық тәсіл т.б. Драманың түрлері.
Трагедия –(гр. – текенің әні) – қайғылы, қатерлі жағдайларға құрылатын, бас қаһарманнның жан азасымен, өлімімен бітетін драма түрі. Эсхил, Софокл, Эврипид трагедииялары қазіргі сахнада әлі ойналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет