1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Р. Нұрғали және қазақ әдебиеттану ғылымы



бет49/52
Дата25.02.2023
өлшемі233,12 Kb.
#170130
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
1. ?äåáèåò òåîðèÿñû ?ûëûìûíû? ?ä³ñíàìàëû? ?à?èäàëàðû ?äåáèåò òåî
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû Àäàì ???û?òàðûíû? æàëïû?à îðòà? äåêëàðàöèÿñû
52.Р. Нұрғали және қазақ әдебиеттану ғылымы
Филология ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғали қазақ әдебиеттану ғылымының күрделі міндеттері мен мәселелері төңірегінде сүбелі зерттеу еңбектер жазған, қазақ әдебиеттану ғылымына игілікті үлес қосқан ғалымдардың ішіндегі бірегейі. Р.Нұрғали тек әдебиет зерттеушісі ғана емес, көркем шығармалар жазған шебер жазушы, көркем шығармашылығынан әсте бөліп қарауға болмайтын белгілі журналист. Р.Нұрғали публицистикасының идеялық, бейнелеу, тақырыптық аясы көркем шығармаларымен астасып жататын, өзекті мәселелерді талдауда, сараптауда дәйектілігімен, фактілерінің шыншылдығымен, көркемдігімен ерекшеленеді. Сыншы, ғалым ұлттық театр өнеріндегі алғашқы арнаны халық шығармашылығынан із­дейді. Соны жүзеге асырушы, қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин жөнінде алғаш рет зерттеу жүргізіп, тың деректер жинаған Рымғали Нұрғали болғандығы белгілі. Оның 1969 жылы жарық көрген «Талант тағдыры» атты еңбегі де Жұмат Шанин творчествосына арналған тұңғыш зерттеу екенін де еске сала кеткенді жөн көреміз.Әде­­­би шығарманы теориялық ұғым­дарға сабақтастыра талдап түсіндіру Рымғали Нұрғали зерттеулерінің өнебойында тұ­тастық сипатын сақтап отырады. Әдебиеттану ғылымының құрамына кіретін эстетикалық категориялар мен анықтамалар кең тармақты сөз етіледі. Сыншы-ғалымның зерттеулерінде маз­мұн мен форма, тақырып пен идея, сюжет пен фабула, композиция, образ бен характер, әдеби әдіс, әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби стиль, әдеби жанр проблемалары ғылыми ойдың тарихи озық тәжірибелерін салыстыру, сұрыптау мен бүгінгі әдебиеттану ғылымының соны жетістіктерін игеру дәрежесінде, парасат биігінде әңгімеленеді.
54.Әдебиеттанудағы мектептер: Мәдени-тарихи мектеп
Тарихи-мәдени мектеп әдебиеттану ғылымдарының ең атышулы бағыттарының бірі болып табылады. Бұл ағымдағы оқымыстылар Дарвин теориясын әдебиет ғылымына әкеп қолданады және дәлелсіз түрде қолданады. «Ағылшын әдебиетінің тарихы» деген күрделі еңбектің авторы Ипполит Тен көркем шығарманы, қаламгерлікті тану үшін үш буынға назар аудару керек дейді. Олары: нәсіл, орта, сәт. Белгілі бір халықтың әдебиетінің туу, қалыптасу, даму кезеңдерін географиямен, климатпен, топырақпен байланыстырады.
Бұл мектепте бірқатар фактілер жинақталғанымен, метафизикалық, идеалистік әдіс әдеби дамуды, әдебиет пен қоғам арасындағы байланысты түсіндіруден шалғай жатты. Әдебиеттану ғылымында айтылмыш мектептер, бағыттар бірін-бірі ауыстырып, кейде қатар, қабат өмір сүрген. Оларда шашырандылық, әр нәрсенің басын шалу, эклецизм, түрлі идеялар бар.
Әдебиеттану ғылымының басты құралы, негізгі арқауы – эстетиканың айқын тұжырымдары мен принциптері болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет