1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Еуразияның темір дәуіріндегі көшпелілерінің қоғамдық



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
5. Еуразияның темір дәуіріндегі көшпелілерінің қоғамдық 
құрылысын атап көрсетіңіз 
Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, 
әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі. Бүкіл тайпа 
мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да 
басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен 
қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе 
келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа 
арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы 
жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын 
шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. 
Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге 
соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды 
Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар 
мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы 
халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды. Сайланып 
қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, 
әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа 
бірлестігің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан 
өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған 
жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды. Хан елбасы, ел 
мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа 
басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс 
атқарған. Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған 
әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен 
тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. 
Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл 
кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды. Сақ қоғамында өмір сүрген 


адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа 
қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың 
дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, 
өзгелердікі – сары және көк.
Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер 
басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те 
өскен. Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының 
жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолына 
жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын 
қыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген 
таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әртүрлі. 
Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам 
сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен 
қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның 
қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға 
ауысып отырған. Оған «бек» аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін 
бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне 
қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнан жасақ, көші-
қон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. 
Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен 
қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың 
қалыптаса бастағанын аңғартады.
Ғұн тайпаларында әлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Ауқатты 
отбасылардың немесе үстем тап өкілдерінің қабірлерінен қымбат бағалы 
заттар көп табылады. Кедей адамдардың қабірлерінде қарапайым жасалған 
арзан бұйымдар кездеседі, кейбір қабірлерден ешбір зат табылмайды. 
Ғүндардың билеушісі тобы ақсүйектер рудың мүддесін қорғап, көсем 
ретінде бар мәселені шешіп отырды. Патриархалды-рулық қарым-
қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. 
Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық 
жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да 
болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы 
мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар 
болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы
тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың 
болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет