1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Қазақстанның ерте көшпелілері туралы жазба деректерге талдау



Pdf көрінісі
бет2/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
2. Қазақстанның ерте көшпелілері туралы жазба деректерге талдау 
жасаңыз 
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған 
дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе 
«скифтер дәуірі» деп атайды.
Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған 
тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба 
деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және 
Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия 
мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы 
атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) 
сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің 
«Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжы лдықта Орта Азия және 
Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты 
жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, 
каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.
Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, 
төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар 
садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш 
жауынгерлер болған».
Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, 
Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран 
жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда 
негізінен, әскери қоғам болды.
Сақ тайпалары үш топқа бөлінген:
1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, 
Сырдарьяның орта ағысын мекендеген


2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің
солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің
төменгі ағысын мекендеген.
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын 
мекендеген.
Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу 
жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша
үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен 
академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді 
пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу 
тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды.
Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: “Үйсін 
мемлекеті дегеніміз – үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан 
аумағында б.з.д. ІІ – ҮІ ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің 
бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының 
орысша аудармасы арқылы “Усунь” деген атпен белгілі болған. Үйсін 
мемлекеті жөнінде жазылған тарихи деректер мол, қазылған 
археологиялық мұралар көп, зерттеу еңбектері де аз емес”... Аталмыш 
“Үйсін” деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма 
Цянь) жазған “Тарихнама - Ши цзы. Хұндар тарауында” хатталған”, - деп 
көрсетеді.
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, 
археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, 
зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. 
Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан 
бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық 
құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, 
үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген 
қорытындыға келді.
Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы 
уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, 
сары шашты» болып бейнеленеді.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, 
екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше 
сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі 
тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.


Қаңлылар – қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі. 
Олар туралы деректерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. 
Шығыстанушы Н. Аристов «қаңлылар – ежелгі түркі руы» деп көрсетеді. 
В.Востров олардың ежелгі тайпа және түркі тілдес екенін нақтылап берді. 
А.М. Бернштамның пікірінше де қаңлылар түрік тілді халық болған.
Қаңлы мемлекеті (б.з.д. ІІ ғ. – б.з. Ү ғ.) – Оңтүстік Қазақстанда құрылған 
алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытай деректері бойынша
астанасы Битянь қаласы болған. Қаңлының билеушісіне 5 иелік 
бағынышты болды. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу 
мәселелерінің тарихы И.Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін 
Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» 
мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй 
иелігі қазіргі қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі көшіп жүрген 
Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап 
өткен. «Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы былай делінген: «Кангюй 
Даванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. 
Бұл - әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқайтын көшпелі иелік. 
Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте 
юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды».
Б.з.д. ІІ-І ғғ. қаңлылар батыс өңірдегі белді мемлекеттердің бірі болды. 
Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге 
орналасуды суреттеу» деген тарауында кангюйге арналған бөлім бар, онда 
сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, 
Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке 
тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде 
жетуге болады... Халқы 120 000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер 
саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Кангюй шығыс 
жағында ғұндарға бағынады...». Осы ғасырдың ортасына қарай олардың 
орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Кангюйлер 
Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ 
жерді алып жатты; 2. Кангюй иелігі Сырдария өзенінің сағасынан 
Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу 
өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін 
орналасқан деген көзқарастар қалыптасты. Алайда кангюйлердің байырғы 
жерлері Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлер болған. 
А.Н.Бернштамның пікірі бойынша, неғұрлым ертедегі тарихи 
ескерткіштер – Авестада, Махабхаратада, Пехлевилердің бундахишні мен 
эпикалық Шахнамада аңызғы айналдырылған Кангха нақ осында 
орналасқан. Ол ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерінің 


Кенгутарбант елін де осында орналасқан деп көрсетуді ұсынған еді. 
Кейіннен бұл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі Орта Азия 
тарихының саласындағы басқа да мамандар негізге алды. С. Г. 
Кляшторный мен Л. М. Левинаның еңбектері кангюйлердің орналасу 
мәселелерін зерттеуге қосылған елеулі үлес болды. Біріншісі кангюйлер 
туралы жазбаша деректердегі хабарларды қорытып, кангюй жерлерінің 
орналасуы жөніндегі негізгі пікірлерге сын көзбен талдау жасады. 
Л.М.Левина сол кезге қарай жинақталған археологиялық деректерді 
жүйеге келтіру мен қорытуда көп еңбек етті. Ол кангюйлер заманындағы 
Сырдария алқабының негізгі үш мәдениетін сипаттап, оларды кезеңдерге 
бөлуді ұсынды. Жан-жақты талдау негізінде автор өзі қарастырған 
жетіасар, отырар-қаратау, қауыншы мәдениеті кангюй мемлекеті 
тұрғындары мәдениетінің нұсқалары болып табылады деген қорытындыға 
келді.
Сонымен, Кангюйлер Сырдария өзенінің орта ағысының солтүстік жағын 
мекендеген және Кангха мемлекетінің ұйтқысы болған тайпалар одағы деп 
айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет