1. Етістіктің өзіне тән белгілері қандай? Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?



бет10/35
Дата29.01.2020
өлшемі10,44 Mb.
#56790
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1

\


Күні: 24.10.2019

Мұғалім: Н. Жантаева

Сынып: 6 «Г»

Сабақтың тақырыбы:

Антитеза. Аллегория.Гипербола. литота. Доспамбет жырау. «Айналайын, Ақ Жайық»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.3.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;

6.3.4.1 - көркем шығарма лардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту



Сабақ мақсаты:

Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге үйренеді.Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл нақышын таныйды.

Өз заманында жақсы тәрбие алып, көргені, білгені көп болған, парасатына білімі сай білгір адам Доспамбет жыраудың өмірі , шығармашылығы туралы түсінік алады; Доспамбет жыраудың өмір жолы туралы кеңірек түсінік алады;


Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Драматургия

Тілдік мақсаттар:

Оқушы:

Өлеңнің идесян нақтың қолдануын дағдыға айналдырады.



Пән лексикасы және терминология:

.Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.

Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.



Осыған дейін меңгерілген білім

«Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар»» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Тапсырмаларды мағыналарына сай қолданды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин



Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.


«Миға шабуыл»

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Ақынның жырларында көбірек айтылыатын туған жері туралы деректер іздеп, табу;


Үлестірме қағаз;

Слайд 1-4



Сабақ ортасы

10 мин

15 мин

5 мин

Айналайын Ақ Жайық


Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн кайда?!
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
Күмбір, күмбір кісінетіп,
Күренді мінер күн қайда?!
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?!
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?!
Садақ толған сайгез оқ
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?!
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?!
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!
Озушылар, озмаңыз,
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз!
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай - екі ұл
Алдыңызға жыр құшақлай
Жылай шықса, не айтарсыз?!
Оларға айтарыңыз сол болсын:
Жәмішіден қос айтып,
Жараға мамық тосатып,
Келе жата дегейсіз.
Ол айтқанға тимесе,
Бұрынғылар түскен жүрі жол
Бұрылып оңға түсті дегейсіз!..

Диалогтық оқыту. Жас ерекшелітеріне қарай оқыту.Доспанбет жырау кім ?


«Айналайын Ақ Жайық» деген өлеңнің мазмұнын қалай түсінесіңдер?


Өлеңнің негізгі идеясы қандай?

Осы тақырыпқа байланысты әрқайсысы жеке-жеке сұрақ дайындайды, сол сұрақтарды бір-біріне беріп, оған жауап алады

Әр топ өздеріне берген бөлімдерді оқып, оған тақырып қойып, мазмұндайды.

Формативті бағалау


Тапсырма № 2

Топта еркін тақырыптағы сахналанған көріністі дайындап, қойыңыз;



Сахналық көрініс талаптары:

Берілген тұрақты тіркестерді мағынасына сай қолдануы;

Айтылым нормаларын сақтау;

Көрініс уақыты - 2 минут.



Кері байланыс.

Тыңдаған топтардың кері байланысы.



Слайд 5

Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Таймер


Сабақ соңы

5 мин



«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыға таратылады.


  1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?

  2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?

  3. Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

  4. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?

  5. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша



Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау



Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?



Үлестірме қағаз

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Күні:

06. 11. 19ж

Мұғалімнің аты-жөні:


Н.Жантаева

Сынып:

6 «В» үйден оқыту

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлының шығармаларының зерттелуі

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;

6.2.2.1 эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау



Сабақ мақсаты:

Абай Құнанбаев шығармаларының зерттелуі туралы мәлімет алады, ақынды әр қырынан ашады, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдетеді.

Көркем туындыны түсінеді, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйренеді.

Сөздік қорын, сөз байлығын дамыта отырып, сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттырады


Бағалау критерийі

Көркем шығарма тілін түсінеді;

Тілдік құралдарды дұрыс анықтайды.



Абай Құнанбаевтің аудармалары туралы біледі.
Абайдың нақыл сөздерін сөз арасына пайдаланып, мысал келтіре алады.

Тілдік мақсаттар

Жанр, фабула, сюжет,тақырып, идея

Құндылықтар

Ынтымақтастық, шыдамдылық. Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет теориясы

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаев өмірі, өскен ортасы туралы біледі, өлеңдерінің тақырыптарын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздер

Ой шақыру

Мағынаны тану кезеңі

Рефлексия


Ұйымдастыру кезеңі

Ой шақыру.

Сұрақ- жауап

1. Абай өлеңдерінің тақырыптары қандай?

2. Табиғат тақырыбына жазылған өлеңдерін ата.

3. Абайдың оқу ,білімге шақырған өлеңдерін ата

4. Кімнің шығармаларын аударды?

5.Қандай әндері бар?

6.Қанша күйі бар?

Жаттап келген өлеңдерін жатқа айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.

Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.

Абайдың өмірбаянын жазған тарауда Абай 70-80 жылдардан бастап орыс мәдениетіне түгелдей бет бұрды, орыстың ол кездегі алдыңғы қатардағы идеясымен танысып, оларға Сарыарқадан үн қосушы бірінші ақын да Абай еді дедік. . Крылов жазған «Қасқыр мен қозы», «Қарға мен түлкі» оқиғалары ол кездегі қазақта да аз емес болатын. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының жалпы адамгершілікке үндеген әртүрлі мысалдары мен үлгілі өлеңдері, өз елінің басшысы, ұстазы боламын деген кемеңгер ақынға осы жағынан да дәл келді. Екінші, Пушкин, Лермонтовтардың шын мәніндегі искусство иелері екендігін Абай жақсы ұғынды. Абайдың аудармаларының характеріне жалпы шолу жасасақ, жоғарғы ақындардың кез келген өлеңдерін аудара бермей, таңдап, талғап аударғанын көреміз. Абайдың аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не философиялық терең ой, не үздік көркем өлеңдер



болып келеді. Крыловтың мысалдары, «Теректің сыйы», «Тұтқын», «Татьянаның Онегинге», «Онегиннің Татьянаға» жазған хаттары, тағы басқа осылар тәрізді атышулы өлеңдер. Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазақ өз ақындарындай сүйді. Абайдан кейін әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» («Кинжал»), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін адам аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны қолдаушы басқа елдердің ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы дәнекер болды. Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласына ортақ идеяны көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақын екендігін орыс жазушыларына көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Жастарға үлгі ал, өнеге үйрен дегенде қазақтан емес, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқтыларды мегзеді: Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой. Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды. Абай айналасындағы әлеумет өмірін, «ел еркесін» сынағанда, өмір уын ішіп, бүк түсе қайғырғанда сол халық үшін қайғырып, халық қамы үшін өмірден тыныштық көре алмайды. Бар өмір, бар асылын сол халық үшін жұмсады. Бірақ ол кезде қазақта Салтыков пен Толстой жоқ еді. Ендеше өмірге адамгершілік көзбен қараған, интернационалдық жүрегі бар Абай сияқты ақынның объективтік көзқарасы Салтыков, Толстойды қазаққа үлгі еткізді. Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастырып, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады. Қазақшасы: Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт дел-сал қып, Түн басады салбырап. Шаңдай алмас жол дағы Сыбдырламас жапырақ, Тыншығарсың сен дағы, Сабыр қылсаң азырақ...  Осы өлеңнің соңғы төрт жолы орысшасына дәлме-дәл. Әрине алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Бір тілден екінші тілге аударғанда, сөз орнының ауысуы, бір сөздің орнына басқа синонимдер алу - аударманың жалпы заңы. Оның бұдан басқа да бірнеше аудармалары - «Жалғыз жалау жалтылдап», «Қонады бір күн жас бұлт», т.б. дәлме-дәл аудармалар. Абайдың дәл аудармаларының және бір түрі деп «Онегиннің сипаты» (Пушкин), «Қанжар», «Жолға шықтым»

«Теректің сыйы», «Дұға», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» (Лермонтов) атты өлеңдерін айтуға болады. Мұнда өлеңнің буыны, ұйқасы сақталмайды. Орыс тіліндегі өлеңнің буындарының аз-көбіне қарамай, бәрін де қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқастарымен аударады. Лермонтовтан аударғандарының көпшілігі шалыс ұйқас (а-в-а-в-), Абайда (а-а-в-в-) көпшілігінде - қара өлең ұйқасы. «Онегиннен» аудармасында осылай тәрізді буын ұйқастары сақталмайды. Бірақ бұларды да дәл аудармалардың қатарына қосуға мүмкіндік беретін және бәріне тән бір нәрсе - түпнұсқадағы автордың айтайын деген ойын толық сақтап, ондағы образдарға дәл келетін қазақша баламасы бар образды  сөз табу. Жоғарғы аталған өлеңдердің қайсысын алсақ та, осы жүйені берік сақтайды

Дәптермен жұмыс
Бағалау критерийі:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеді

Дескрипторлар:

Абай Құнанбаевтың аудармалары туралы біледі.
Абайдың нақыл сөздерін сөз арасына пайдаланып, мысал келтіре алады.

Бес жолды өлең құрастырады «Абай»

Бағалау

Бағалау критерийлері бойынша



Үй жұмысы

Қалаған бір өлеңін жаттап келу



Рефлексия



https://www.youtube.com/user/kazbalalar.




Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау










Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?




Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:
2:
Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:
2:
Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет