1. Етістіктің өзіне тән белгілері қандай? Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?



бет13/35
Дата29.01.2020
өлшемі10,44 Mb.
#56790
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1



Күні: 14.11.2019ж

Мұғалім: Жантаева Н

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Абай өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды меңгерту



Оқушылардың көпшілігі

шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.



Оқушылардың кейбірі

Эстетикалық , экологиялық тәрбие беру, ғылым мен білімге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру арқылы Абай ұлылығын терең сезінеді



Бағалау критерийлері

әңгіменің мазмұнымен танысады.

«Атымтай жомарт» мәтінінің мазмұнын біліп, түсінеді.
Мәтін мазмұнын талдап, тірек сөздерге мәтін құрайды.
Мәтін мазмұнындағы кейіпкердің еңбекқорлық қасиетіне баға береді.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Философия

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудио мәтін.

Дискриптор

  • І деңгей

Болжамы мен тыңдаған үзіндідегі ақпарат 1 рет сәйкес келді.

  • ІІ деңгей

Болжамы мен тыңдаған үзіндідегі ақпарат 2 рет сәйкес келді.

  • ІІІ деңгей

Болжамы мен тыңдаған үзіндідегі ақпарат 3 рет сәйкес келді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Абайдың өлеңдерін қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.



Пән лексикасы және терминология:

Уақыт тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен терминология.



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауым бойынша келесі үзіндіде ………………………….. баяндалады.

Менің пайымым бойынша келесі үзіндіде ………………………….. баяндалады.


Осыған дейін меңгерілген білім

Абай құнанбаев тараудың алғашқы сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин



Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Сәлемдесу, түгендеу.

Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру,назарын сабаққа аудару.

-«Ақ тілек » (тренинг). Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.Қорытынды: Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын білдіреді. Осы өз ойларын жеткізуде қатысушылардың сол сәттегі көңіл-күйін танып, алдағы сабаққа қалыпты жай қалыптастырылады.



«Мозайка» әдісі арқылы сыныпты 4 топқа бөлу. (Топқа бөлу үшін түрлі түсті суреттерді пайдалану. Әрбір топ ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады). /2 мин/

Оқушымен бірлесе отырып табыс критерийін құру.

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.



Үй жұмысы: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жаттауға берілген. Сонымен бірге Абай жайлы білгендерін еске түсіру мақсатында зымыран сұрақтар беремін. Оқушы тез – тез айтып отырады.
Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев кім? -..................(ақын, ойшыл, ғұлама, философ)
2. Қай жерде дүниеге келген?.................(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)
3. Туған жылы?..................(1845 жылы)
4. Алғаш қалай хат таныған?....................... (ауыл молдасынан)
5. Абай оқыған Семейдегі медресе?....................(Семейдегі Ахмет Риза)
6. Абайдың шын есімі?...................(Ибраһим)
7. Абайдың арғы атасы?.....................(Өскенбай)
8. Өз әкесі?...............................(Құнанбай)
9. Абайдың анасы?...............,(Ұлжан) әжесі....................(Зере)
10. Абайдың әкесі Абайды неге үйретеді?.........................(ел билеуге үйретеді))
11. Абай мен әкесі арасындағы келіспеушілік неден?................(ел билеушілердің халыққа жасаған қиянатын көргенде басталады)
12. Абай оқыған орыс жазушылары мен ақындары кімдер?..........(Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков - Щедрин, Добролюбов, Чернышевский)
13. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем өлеңі.................. («Қансонарда бүркітші шығады аңға»)
14. Ол өлеңі қай жылы жазылған?..................(1882 жылы), халық ауыз әдебиеті)
15. Ақын қай жылы дүниеден озды?............... (1904 жылы)



Сабақ ортасы

10 мин

5 мин


Ой қозғау» /4 мин/

  • Балалар, адам бойында қандай қасиеттер болады?

  • Ендеше, адам бойынан табылатын 5 жақсы, 5 жаман қасиеттерді атай қойыңдаршы.

  • Абай атамыз да: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», - деп бекер айтпаған. Бүгін біз сіздермен Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.

  • Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңыздар.

1.Білім – адам өміріне өте қажет. Тіпті оны ұлылардың өзі де мойындайды. Өлеңнің тақырыбы - «білімсіз, ғылымсыз болады ақыл тұл» дегенге саяды. Ақын бұл өлеңі арқылы жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға шақырады.

Ең алдымен осы өлеңде кездесетін түсініксіз сөздермен танысып, дәптерлеріңе жазып қойыңдар.

а) Сөздікпен жұмысы:

Нәфрәтлі - жиіркенішті.

Ғибрәтлі – үлгілі,өнегелі.

(Өлеңді үнтаспадан тыңдату) /3 мин/.

ә) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа білетін оқушылар бар ма? (жатқа білетін оқушының бірінен сұрау) /2 мин/

б) Осы өлеңі арқылы Абай атамыз бізге қандай өсиет қалдырды? (5 асыл іс пен 5 жамандықты оқушыларға айтқыздыру). /3 мин/

в) топтық жұмыс: /10 мин/.

1-топ: Өлең мазмұнын постер арқылы жеткізу.

2-топ: Өлеңді қарасөзбен жазу

3-топ: Өлеңді құрылысына талдау

4-топ: Білім-ғылымға шақыратын басқа ақынның өлеңімен салыстыру («Венн диаграммасы»: А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі мен Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін салыстыру)

Әр топ өздерінің орындаған тапсырмаларын қорғайды /5 мин/

Insert картасы.

1.Не білемін?

2. Білгім келеді

3. Не білдім?










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет