1. Фармакологияның пәні, мақсаттары мен міндеттері, оның жалпы медициналық білім беру жүйесіндегі маңызы


Қатты дәрілік қалыптардың анықтамасы, жіктелуі, рецепт бойынша жазу ережелері



бет2/4
Дата04.10.2022
өлшемі21,78 Kb.
#151707
1   2   3   4
Байланысты:
рк (копия)

4. Қатты дәрілік қалыптардың анықтамасы, жіктелуі, рецепт бойынша жазу ережелері.
Қатты дәрілік қалыптар - қатты қасиетінің арқасында көлемі мен геометриялық формасы тұрақты болып табылатын дәрілік қалып түрі. Қатты дәрілік қалыптарға гранулалар, драже, капсулалар, қарындаштар, микрокапсулалар, ұнтақтар, таблеткалар жатады.
Дайындалу әдісіне баланысты таблеткалар екі түрге бөлінеді: пресстелген таблеткалар және тритурацияланған таблеткалар. Тритурацияланған таблеткалар дегеніміз ылғалданған массаны ысқылап жағу арқылы арнайы қалыпқа келтіре отырып, кептіріп дайындалатын таблеткалар.
Таблеткалардың жабынына байланысты қапталған немесе қапталмаған болып бөлінеді
Қатты дәрілік қалыптар өндірісінің процесін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады:
ұнтақтар дайындау кезеңі;дәрілік қалып массасын алу кезеңі;дайын дәрілік қалып алу кезеңі;
қаттау және орау кезеңі
Таблеткаларды рецеттерде жазу ережесі:
1. «Rp.:» Tabulettam дәрілік қалыптың аты жазылады,дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады D.t.d N…одан кейін S.
Мысалы: Rp.:Tabulettam Analgini 0,5
D.t.d N10
S.1 таблеткадан бас ауырғанда.


5. Жұмсақ дәрілік қалыптардың анықтамасы, жіктелуі, рецепт бойынша жазу ережелері.
Жұмсақ дәрілік формалар - теріге жағатын дәрінің бір түрі.
Жұмсақ дәрілік турлерінің классификациясы
Қолдану мақсатына және орны бойынша жұмсақ дәрілік турлерді келесі түрлерге бөледі:
1) дерматологиялық 2) шырышты қабықшаға жағылатын 3) хирургиялық жараларды және күйіктерді емдеуге.Әсер ету сипаттамасына қарай: резорбтивті орынды әсер ететін.
Дисперстік жүйенің типіне бойынша: гомогенді гетерогенді.
Консистенция бойынша: Пасталар Жақпа майлар Крем Гельдер Линименттер
Жақпамайлар-консистенциясы тұтқыр, сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрілік қалып.
Дерматологиялық,мұрынға арналған,көзге арналған,вагинальды,уретральды жақпа майлар.
Пасталар-жақпамайдан ұнтақ тәрізді заттардан тұратынымен ерекшеленеді. Дене температурасында пасталар жұмсарады. Пасталар адсорбциялаушы, кептіретін қасиетке ие. Қолданылуына байланысты стомтологиялық, дерматологиялық болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет