1. Философия дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде



бет7/11
Дата19.10.2023
өлшемі4,24 Mb.
#186604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 рк философия 209

ЭМПИРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ – ғылыми танымның негізгі формаларын,
сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын
категориялар.
Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен
байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары
тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған.
Теоретикалық зерттеу математикалық әдістерді қолданылу кезінде нақты нысанды
ауыстыратын математикалық модельмен өткізілетін сынақ.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:


1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

50. Ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері.


Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. 
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі,  басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның  екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
51. Ғылым әлеуметтік институт ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет