1. Философия дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде


Қоғамдық идеология және қоғамдық психология



бет5/11
Дата19.10.2023
өлшемі4,24 Mb.
#186604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 рк философия 209

23. Қоғамдық идеология және қоғамдық психология


24. Саяси сана
.Саяси сана дегеніміз — саяси субъектілердің (индивидтердің, топтардың, таптардың және т.б.) саясат саласын (саяси құбылыстарды, үдерістерді) ой-сана жүзінде бейнелеуі. Саяси сана, жалпы алғанда, қоғамдық сананың ерекше бір формасы ретінде оның басқа формаларымен (философиялық ілімдермен, адамгершілік тұғырнамалармен, құқықтық теориялармен, эстетикалык көзқарастармен және т.б.) тығыз өзара байланыста болады, олармен өзара әсерлесіп, түрленіп отырады. Саяси санаға, бір жағынан, рационалдық (әр түрлі нормалар, құндылықтар және т.б.) та, екінші жағынан, иррационалдық (эмоциялар, бейсаналық үдерістер және т.б.) та элементтер жиынтығы жатады, яғни ол саяси үдерістерді қабылдаудың, түсіну мен түсіндірмелеудің барлық деңгейлерін камтиды. Солардың негізінде саяси субъектілердің саяси бағдарлары мен мінез-құлқы, олардың мемлекеттік билікке, оның институттарына деген қарым-қатынасы калыптасады.
Саяси сананың атқаратын қызметтері. Саяси сананың коғам өмірінде атқаратын рөлі оның кызметтеріне байланысты сан килы болып келеді. Адамдардың, саяси топтардың өз мүдделерін түсінуі, басқалардың мүмкіндіктерімен салыстыра қарастыруы, мемлекеттік билік институттарымен қарым-қатынастарын сана-сезім елегінен өткізуі, саяси іс-әрекеттерге белсене қатысуға жұмылдырылуы осы саяси санаға тәуелді. Саяси сананың қызметтерін былай деп жіктеуге болады:
а) танымдық (когнитивтік): саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;
ә) идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;
б) коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;
в) болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;
г) тәрбиелік: белгілі мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.
Саяси сана деңгейлері. Жүйелі құрылым ретіндегі саяси
сананың өз деңгейлері бар. Ең төменгісі — оның қарапайым
деңгейі, яғни адамдардың күнделікті өмірде туындайтын
саяси көзқарастары, пікірлері, соларға байланысты сезімдері, жай-күйлері. Саяси ахуалға орай ол тез өзгеріп, құбылып
отырады. Одан кейінгісі — субъектілердің саяси үдерістерге
тікелей қатынасынан, саяси-тәжірибелік іс-әрекетінен туындайтын эмпириялық деңгей; бұған саяси құбылыстарды
қабылдаудан туатын сезімдер, елестер, күйзелулермен қатар
индуктивтік қорытындылар жатады. Саяси сананың жоғары
деңгейі — саяси идеяларға, тұғырнамаларға негізделген
көзқарастарды құрастыратын теориялық деңгей. Теориялық
деңгейдегі саяси сана саяси мақсаттар мен міндеттерді,
оларға қол жеткізудің әдістері мен құралдарын анықтауға,
саяси шешімдер мен бағдарламаларды қалыптастырып,
олардың іске асуын бақылауға жол ашады.
Саяси сананың негізгі екі түрі бар. Біріншісі — арнайыланған саяси сана, оның басты мақсаты белгілі бір бағдарлар мен қағидаларды қалыптастыру, дамыту және оларды қоғамдық таптың, әлеуметтік топтың немесе партиялар мен козғалыстардың қатардағы мүшелерінің санасына енгізу болып табылады. Саяси партиялар, өзге де саяси ұйымдар мен бірлестіктер арнайыланған саяси сананың иегерлеріне жатады. Екіншісі — бұқаралық саяси сана, ол қоғам мұқтаждықтарының мазмұны мен деңгейін айқындап, саяси шындық жөніндегі қоғамдық білімнің тұрпатына, нақтылы тарихи ахуалдың мазмұнына сай, үнемі өзгеріп отырады. Бұқаралық саяси сананың субъектілері — күнделікті өмірдің барлық қайталанбас оқиғаларына белсене араласып жүрген өз мінез-құлқы, қадір-қасиеті бар нақтылы адамдар, бұқара халықтың өкілдері. Әрине, біріншісіне қарағанда бұқаралық сана әлдеқайда тайыз, ол көбіне саяси құбылыстардың ішкі мәнінен гөрі сыртқы сипатына ғана тоқталады.

Арнайыланған саяси сана саяси идеологияға жетелейді, ал бұқаралық саяси сана саяси психологиямен шендес. Саяси идеология шындықты саналы түрде бейнелеп, ұғымдар мен принциптер негізінде жүйелі түрде құрылады. Саяси психология болса, ол саяси нақтылықтың сезімдермен, әр түрлі көңіл-күй жағдайларымен (қуаныш, реніш, үрей және т.б.) байланысты бейнеленуін білдіреді. Саяси идеологиясыз ешқандай мемлекеттік билік болмайды, өйткені ол билікті қолдап, қорғап, оған дем беріп отыруға арналған. Идеологияның, егер ол дұрыс құрылған болса, әлеуметтік топтардың әр түрлі, кейде тіпті бір-біріне қарама-карсы мүдделері болғанына қарамастан, олардың белгілі бір деңгейде ортақ тіл табысуына жағдай жасап, қоғамды алға бастыруға өз септігін тигізетіні белгілі.


25. Құқықтық сана


Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.
Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеядар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:

1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.


2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б.ғ.дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ.дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер). Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.


3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.


4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.


26. Адамгершіліктік сана


27. Діни сана


Діни сана құрылымы – діни сенім, діни ілім және діни идеология. Діни сана күнделіті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады. Бірінші сатыға діни түсініктер, дағдылар, қағидалар мен діни дәстүрлер жатады. Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп, дін ілім сипатына ие болады, оның теориялық негізі жасалады, ақиқаттығы дәлелденеді. Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.

Діни сана, әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырады. Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы – діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бұл үрдіс (процесс) сакрализация (латын тілінде sakra - қасиетті) дап аталады.


Екіншісі – діни сана қоғамдық санада басымдықпен көрінбейді, одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады; діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарыла береді; қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланады; бірақ, діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.


Үшіншісі – діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды, діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады, діни ортақтастық этникалық, мемлекеттік тұтастық


мәселесімен сәйкестігін жояды, діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады. Бұл үрдіс секуляризация үрдісі (латынша secularis - зайырлы) деп аталады.

28. Эстетикалық сана


Эстетикалық сана-бұл құндылық сананың нысаны, болмыстың көрінісі және эстетикалық идеал тұрғысынан оны бағалау. Қоғамдық сананың барлық басқа түрлері сияқты эстетикалық сананың бейнелеу объектісі адамзаттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі игерілген табиғи және әлеуметтік шындық болып табылады. Жалпы қоғам нақты индивидтер, әлеуметтік топтар арқылы көрініс субъектісі болып табылады.[1]
Гносеологиялық табиғаты бойынша эстетикалық ақиқатқа ұқсас, бірақ мәні жағынан ерекшеленеді. Егер ақиқат рационалды білім болса, онда эстетикалық білім емес, объектіні қабылдау кезінде эмоциялық уайымдану. Сондықтан эстетикалық психикалық эквивалент-уайым деп айтуға болады. Уайымдау әрқашан эмоционалдық, бірақ олар эмоцияға түспейді. Тәжірибе әрдайым өнім, субъективті-объективті қарым-қатынастардың нәтижесі болып табылады. Органикалық құрылымы мен мазмұны бойынша — » бұл өз құрамы бойынша күрделі Білім; ол әрқашанда қарама – қарсы екі компоненттің-білім мен қарым-қатынас, зияткерлік және аффектілік тұтастығына енгізілген».[2] эстетикалық тәжірибе ретінде міндетті түрде зияткерлік білімге негізделмейді. Аффективтің себебі интуитивті және бейсаналық болуы мүмкін, бірақ әрқашан бір нәрсе туралы. Эстетикалық уайымның ерекше сипаты екі себеппен түсіндіріледі: эстетикалық қарым-қатынас объектісінің ерекшелігі және объектінің эстетикалық талғамымен, көзқарастарымен, адамның идеалдарымен арақатынасы, «эстетикалық сана»деп белгіленген. Мысалы, түстің өзі эстетикалық уайымның көзі ретінде осы уайымның мағынасын анықтамайды.
Адамзаттың рухани өмірінің басқа түрлерімен салыстырғандағы эстетикалық сананың ерекшелігі мынада::
— сезімдер, көзқарастар, идеялар кешені;

— бұл адамның немесе қоғамның шынайылыққа эстетикалық қатынасын сипаттайтын ерекше рухани білім: мәні деңгейінде эстетикалық сана түрінде, эстетикалық деңгейін көрсететін қоғамдық сана түрінде, жеке тұлға деңгейінде — бір адамның жеке сипаттамасы түрінде;


— практика негізінде ғана қалыптасады (тұлғаның немесе қоғамның эстетикалық практикасы бай, олардың эстетикалық санасы да бай және күрделі).[3]


1.1 эстетикалық сананың құрылымы


Қоғамдық сананың әр түрі сияқты эстетикалық сана әртүрлі құрылымдалған. Зерттеушілер келесі деңгейлерді бөледі:


— кәдімгі эстетикалық сана;

— мамандандырылған эстетикалық сана.


Әдеттегі эстетикалық деңгей жалпыланған эмпирикалық тәжірибеге негізделеді: эстетикалық тәжірибе, сезім және т. б.


Бұл деңгейлер арасындағы шекаралар шартты екенін есте сақтау керек, өйткені эстетикалық сананың ерекшелігі әр деңгейде көрінеді — біз барлық жерде сезімтал және ұтымды элементтерді табамыз. Ең айқын бұл ерекшелік эстетикалық қажеттілік және эстетикалық талғам ретінде көрінеді, онда бірдей дәрежеде маңызды, эмоциялық, және ұтымды, өйткені эстетикалық идеалға сәйкес түсініледі.





  1. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыру аясындағы ұлттық сана.




  1. Онтология - болмыс туралы ілім ретінде.

Онтология термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: ontos – болмыс, logos – ілім. Онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда болу деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы болмыс болып табылады. Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатынастар мен байланыстар.
"Табиғат туралы" деген поэмасында). Парменид болмыс дегеніміз
– бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.
Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.Атомдардың бір – біріне тартылуынан немесе бір – бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда
болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік,
тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді. (Әулие Августин, Фома Аквинский, Дж. Бруно, Гегель нағыз болмыс – деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты – табиғат деп қарастырған, Шеллинг)

  1. Философия тарихындағы болмыс мәселесінің зерттелу тарихы мен ерекшеліктері: Платон, Аристотель, Ибн Рушд, Р.Декарт, М. Хайдеггер

  2. Болмыс және оның негізгі формалары.

Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады:
Реалды болмыс - кеңістіктікуақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс - мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді.
Біріншіден, табиғат болмысы – оның күллі заттары, құбылыстары,
процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз, мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар. Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан – жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін немесе мәдениетті тудырды. Мәдениет – адам іс – әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі.

Екіншіден, бұл тәні бар ерекше тірі жан – адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам – өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі.Гетенің «әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге


бүкіл адамзат тарихы да өледі» дегенінің мәні осыда.
Үшіншіден, бұл – адамдардың рухани іс - әрекетінің өзара қарым – қатынасының әлемі болып табылатын әлеуметтік болмыс. Қоғам
адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.).
Төртіншіден, бұл – руханилық әлемі. Руханилық - өзіндік ерекшілігі бар реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс - әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл – адамдардың практикалық іс - әрекетінде орын
тапқан сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі.
Рухани болмыс екіге бөлінеді:
Индивидуальдық – жеке адаммен байланысты болмыс. Бұл адамның сезімі, ойы, өнер, дін және ғылым саласында ісәрекеттері. Обьективтіленген рухани болмыс – бұл адамнан тыс өмір сүретін кітаптар, ғылыми жаңалықтар, өнердің шығармалары.

Кеңістік және уақыт — материяның маңызды атрибуттары. - Кеңістік — материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды. Уақыт — әр түрлі жүйелердің


жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және занды формасы.


  1. Материя туралы ғылыми-философиялық ұғымның қалыптасуы.

Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Дүниенің бірлігін, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп үғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни – идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған. Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара – пар деп санады. Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай – ақ, философиялық ой – жүйенің даму деңгеймен байланысты еді.


  1. Материя және қозғалыс. Қозғалыстың түрлері.

Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс – материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.
Материаның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материлдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын.
Кез келген материалдық обектінің өмір сұруі оны құрайтын элементтердің қарым – қатынасына байланысты. Философияда өзгерісті қозғалыс деген түсінікпен байланыстырамыз материя қозғалыс дегенді бұл тек механикалық деп түсінбеу керек бұл кез келген объектінің кеңістіктегі өзгеуі қарым қатынасына байланысты. Материя қозғалыссыз өмір сұре алмайды қозғалыз материяның басты атрибуты. Қозғалыстың негізгі 2 түрін ажыратамыз 1 заттың сапасын сақтау. 2 бір сападан келесі бір сапалық өзгеріске ауысу.
Материя қозғалысының 5 формасын ажырытамыз.
1. Механикалық.
2. Физикалық.
3. Химиялық.
4. Биологиялық.
Осы қозғалыс формаларын 3 блокқа біріктіреміз. 1 Физикалық, химиялық қозғалыс формаларын бұл өлі табиғатпен байланыста. 2 Биологиялық қозғалысы тірі табиғатпен байланысты. 3 Қозғалыстың әлеуметтік формасы бұл қоғаммен байланысты.

35.Материяның негізгі формалары (бейорганикалық, органикалық, әлеуметтік)


Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі.


Ұзақ тарихи замандарынан бері адамзат ойы материяны зат деп түсінді, яғни материя дегеніміз - зат . Бірақ заттардың сан алуан түрлері бар. Жансыз зат, жанды зат, т.т.
«Материя дегеніміз - адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік шынайылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория».
Материя үшін заттық форма оның негізі емес, негізгі форма - қозгалыс. Бұл қорытынды тек адамның дүние де болу формасына ғана емес, ол жалпы болмыстың барлық формаларына қатысты.
Материя үнемі қозғалыста болады. Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс, Сондықтан да бұрынғы материалистер де мұны белгілі бір дәрежеде болжаған. Философияда көпойшылдар қозғалыссыз материя жоқ деген пікірге ойыстаған. Бірақ қозғалысты әртүрлі түсінген. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек, оған бөгде нәрсе емес. Тыныштық - қозғалыстың белгілі өткінші қалпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық - қозғалыстың біршама, бір сәткі тұрақтылығы.
.Материя қозғалысының негізгі формалары: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік. Механикалық қозғалысқа әртүрлі денелердің кеңістіктегі орын ауыстыруы: аса ұсақ бөлшектердің қозғалысы, атомдар мен молекулалардың орын ауыстыруы кіреді. Физикалық өзгерістерге жылу процестері, ядро мен атомның ішінде болатын өзгерістер, «элементарлық» бөлшектердің өзара әрекеттері, т.б. кіреді.
Қозғалыстың химиялық формасына атомдардын молекулалар болып қосылу және молекулалардың ыдырау процестері, заттардың органикалық және органикалық емес табиғатта болып жататын құралу және бұзылу процестері кіреді.
Қозғалыстың биологиялық формасы дегеніміз - тіршіліктің алуан түрлі көріністері, тірі организмдердің өзара және өлі табиғатпен арадағы қарым-қатынастары.
Қозғалыстың әлеуметтік (қоғамдық) формасы өндіріс саласындағы өзгерістерді, таптық және ұлттық қатынастарды қоса алғанда қоғамда болып жататын алуан түрлі процестердің материалдық және рухани мәдениеттің даму процестерін, қоғам мен табиғаттың өзара жасайтын әрекеттерін қамтиды.

36.Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүру формалары ретінде.


Материяның қозғалыстан шығатын келесі негізгі формалары - кеңістік пен уақыт. Қозғалыс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Олар қозғалыстың көріну формалары деуге болады немесе оның сыртқы өлшемдігі. Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы өлшей аламыз. Кеңістік – қозғалыстың әр сәттегі орналасу қалпы. Кеңістік пен уақыт материя қозғалысының сандық айқындығы. Кеңістік деген ұғым материялық объектілердің қатар өмір сүруін және олардың өзара орналасуын білдіреді. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, процестерге де тән.


Уақыт - қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің (не элементтердің) бір бірінен туындап ұласу формасы. Уақыт деген ұғым материялық процестердің бірінен соң бірінің кезектесіп келуін, заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді. Уақыт заттың емес, тек процестің сипаты. Уақыттың айнымайтын белгілі бір бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды және оның қайтып оралмаушылық қасиеті бар. Өткенді өзгертуге болмайды, өткенге қайта оралуға болмайды. Уақыт бір өлшемді.
Кеңістік пен уақыт адамдардың санасынан тәуелсіз өмір сүреді және материялық заттар мен құбылыстардың объективті қасиеттері мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Ғылым мен материализмнің тарихында қалыптасқан қағидалардың бірі: материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни материяның аяқталатын немесе таусылатын шегі жоқ. Материя таусылмайды. Адамдардың кеңістік және уақыт туралы түйсіктері мен сезімдері әлеуметтік-тарихи процестердің, тарихи дамудың ағымы, оның ішкі ырғақтарын әрі жасайды, әрі бейнелейді. Сондықтан кеңістік пен уақытты тек физикалық кеңістік және уақыт деп түсіну қате. Жеке адам санасы болсын, қоғамдық сана болсын ондағы кеңістік және уақыт туралы категория (ойлаудың формасы) әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік уақыттың нәтижесі, Маркс экономикалық еңбектерінде әлеуметтік кеңістік жөнінде көп айтқан. Мысалы, тауарайналымының өрістеуі, оған сәйкес нарықтың кеңеюі туралы ұғымдар бар. Нарықтың кеңеюі ол географиялық, не территориялық кеңею емес. Сол бір территорияның ауқымында айырбас қатынастары жан-жақты өрістейді. Яғни физикалық кеңістік өзгермейді, бірақ соның көлемінде адамдар қатынастарының шеңбері кеңиді. Түпкі табиғаты бір болғандықтан, кеңістік пен уақыт бірінің функциясын екіншісі атқара алады. Бұл әсіресе даму процесінде, соның ішінде қоғамдық дамуда көзге түседі. Яғни, уақыт дамуда түрған кейбір құбылыстар үшін кеңістіктің рөлін атқарады. Адамның дамуы кеңістіктен гөрі уақыттың шеңберінде өрістейді. Адамдар, әрине, өздеріне дейінгі қалыптасқан табиғаттағы физикалық, т.б. кеңістік пен уақытты өз тәжірибесінде игереді әрі дамытады. Соның негізінде кеңістік пен уақыттың әлеуметтік формасын жасайды. Ол формалар да тарихи өзгеріп отырады.
Қазіргі жинақталған этнографиялық деректер, адамдар ойлауының әр замандағы ерекшеліктері туралы зерттеулер олардың кеңістік пен уақыт туралы ұғымдарының соншалықты сан алуан екендігін көрсетеді. Себебі әр заманда олардың әлеуметтік тәжірибесінің өзі бір-біріне ұқсамайды және соған сәйкес келетін кеңістік баскаша үйымдастырылып, уақыт та басқаша өтеді. Мысалы, көшпелі халықтарға киіз үй әлемнің моделі болған. Уақыттың өлшемі «көш» , «мүшелі» болған. Қазақ тіршілігінің негізгі түп қазығы кең дала, жазық жер. Ұлы Даланы Алтай, Тянь-Шань, Орал, Кавказ таулары қоршап тұр. Бұл шекара тауларда және одан әрі қарай жау бар деген түсінік халық санасына терең ұялаған. Алайда, эпостық кеңістіктегі тау, өзен сияқты кедергілерді, даланың шекараларын «басқанікі» деп түсіну өзгермелі болды. Әртүрлі тарихи қозғалыстар, этностардың белгілі бір территорияда қалыптасуы, олардың мекен-жайларын өзгертуі, басқа этностардың бұл территорияға енуі, т.б. осы сияқты процестер, «біздікі- өзгенікі» оппозициясын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Биік таулар этностың киелі жеріне, жаудан сақтанып, қуат алатын қасиетті мекендеріне, ал қала көшпелілердің туысқандары тұратын, тіршілік үшін қажетті заттар алатын тұрақ-жайға айналуы әбден мүмкін.

37.Диалектика - байланыс пен даму туралы теория ретінде. Диалектика туралы идеялардың дамуының негізгі кезеңдері.


XVIII ғасырда француз ағартушылары Вольтер мен Руссо тарихтың даму идеясын ұсынды. Қоғамды дамытушы рухани күш немесе рухани фактор - мораль, дін және идеялар болады деп есептеді. ХІХ ғ Маркс пен Энгельс: «Идеяны тудыратын данышпандар, қозғаушы күш – халық», – деп түсіндірді.


Диалектикалық әдіске қарама-қарсы метафизикалық ойлау әдісі бар. Бұл әдісті Софистика (софизм) мен эклектика ағымдары қолданды. Софизм бір нәрсені дәлелдеп, пікір айтуға логика қағидасын бұзатын теріс тәсілдер қолданады және бұл дәлелі дұрыс секілді болып көрінетін әртүрлі айла-шараны пайдаланды. Әрине, бұл кезде объектінің ішкі болмысын, табиғатын шынайы ашпай, сыңаржақтылыққа ұрынады. Ал, эклектика(гр. Eklego- таңдаймын) - әртүрлі бағыттар немесе шындықтардың негізгі шешуші жағын айқындап алмай, түрліше қарау жолдарын принципсіз, қалай болса солай біріктіре салу.
Софистика мен эклектика метафизиканың ерекше бір түрлері болып табылады. Өйткені, екеуіне тән нәрсе: сыңаржақтылық, құбылыстардың арасындағы нақты байланыстарды елемеушілік, негізгінi ажырата білмеушілік. Оларға төменгiлер де жақын.
Релятивизм (лат. Relativus - қатынастылық) танымның дайын жауаптарын интерпретациялау (түсіндіру, талдап беру). Релятивизм адам танымының шарттылығы мен субъектілігі туралы ілім. Релятивизм білімінің салыстырмалылығын мойындап, танымның объективтілігін жоққа шығарады, біздің білімімізде объективті дүние бейнеленбейдi деп есептейді.
Догматизм- ойлаудағы икемсіздікке сүйеніп, қабылданған қағиданы дәлелсіз, абсолюттік ақиқат деп санайды. Теориялық және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік әдіс.
Диалектика- ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан-жақты зерттеудің, яғни әртүрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама-қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процестердің негізін табу. Диалектика - ойлаудың объективтілігі, софистика - ойлаудың субъективтiлiгi.
Диалектика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тереңдей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика - дүниенің сезімде берілетін сырт бөлгінің мәңгі өзгерісіне сүйенеді; идеалистік диалектика - ақыл-ойдың жалпы ұғымдарының бір-біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік-тарихи диалектика - ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика - қайшылық пен даму санада ғана емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Осыны нақтылау үшін объективтік диалектика (санадан тыс дүниенің дамуы) және субъективтік диалектика (сана-сезімнің дамуы) деп бөлеміз. Жалпылай келгенде, диалектика бүкіл болмыстың (материя мен сананың) дамуы туралы ілім. Содықтан оны табиғаттың, қоғамның, адам санасының жалпы заңдылықтарын ашатын ілім деп санаймыз.
Жүйелік принцип және осымен байланысты жүйелік әдіс - қазіргі заманда, өзіне көптеген диалектика теориясының идеяларын енгізіп, ғылым мен практикадағы өте маңызды әдістемелік бағыт болды. Әрбір жүйелік зерттеудің негізі - зерттеу жүйесінің тұтастығы, туралы түсінік, жүйелік принцип. Жүйелік зерттеуде объектінің сыртқы ортамен арақатынасы мен өзінің ішкі құрылымын жіктеуі арқылы элементтерін, қасиетін, қызметін, олардың тұтастықтағы орнын бөлуде көп қолданылады. Жүйе тұтастығы байланыс түсінігі арқылы түсіндіріледі. Заттар арасындағы байланыс түрлі сипатта болады: бір-бірімен тікелей байланысты, бірқатар жанама буындар арқылы байланысы, әрдайым өзара тәуелдік, өзара әрекеттестік түрінде көрінеді.

38.Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.


Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі.


Диалектиканың негізгі принциптері:


- Жалпы байланыс принципі
– Жүйелік принципі
-Себеп – салдарлық байланыс принципі
- Тарихилық принципі
Жалпы байланыс қоршаған әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі мен заттардың, құбылыстардың, процестердің өзара бір – бірімен тығыз байланыстығын білдіреді. Байланыстар сыртқы және ішкі, тікелей және жанама, генетикалық және функционалдық, кеңістік және уақыттық, кездейсоқ және қажетті болуы мүмкін. Ең көп тараған байланыс – сыртқы және ішкі байланыстар. Мысалы, адамның ішкі байланыстары биологиялық түр ретіндегі ішкі ағзалық өзгерістер, сыртқы байланыстар адамның әлеуметтік жүйенің мүшесі ретіндегі байланыстары.
Жүйелілік айналадағы көп байланыстардың арасында реттілік, өзара бір – біріне бағынушылық бар екендігін көрсетеді. Осындай ретті өзара бағынгушылықтың арқасында дүние ішкі мақсатты бүтіндікте өмір сүреді.
Себеп – салдарлық байланыс біреуі екіншісін тудыратынына меңзейді. Заттар мен құбылыстар өзінен - өзі пайда болмайды, олардың әрқайсысының не ішкі не сыртқы себептері бар.

Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады.


Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз - әлемнің байланыстарын түсіндіретін білім жүйесі. Бұл ғылым заңдары. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.

39.Диалектиканың категориялары және олардың қолданылуы.


Диалектика категориялары - бұл даму процесінің әр түрлі, жалпы маңызды аспектілерін бейнелейтін іргелі ұғымдар.


ЖЕКЕ - жеке объектілердің (заттардың, құбылыстардың, процестердің) болуын сипаттайды.
ЖАЛПЫ - әр бірлікте басқа объектілерге де не тән екенін, олардың біртектілігін көрсетеді. Жалпыға ортақ нәрсе - жалпы.
ЕРЕКШЕ - жалпы және жекені бір құбылыста біріктірудің өлшемі мен әдісін білдіреді, белгілі бір объектіге тән жалпылықты жүзеге асырудағы ерекшеліктерді көрсетеді.
МӘНІ - объектілерге тән терең байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Бұл тақырыпты анықтайтын басты, негізгі нәрсе.
ҚҰБЫЛЫС - бұл субъектінің сыртқы ашылуы, оның көріну формасы. Құбылыс заттардың сыртқы, сезілетін жақтарын көрсетеді.
МАЗМҰНЫ - бұл объектіні құрайтын барлық элементтердің бірлігі, оның қасиеттері, байланыстары, ішкі процестері, қарама-қайшылықтары мен тенденциялары.
ФОРМА - мазмұнның көріну және бар болу жолын көрсетеді.
Пішін мен мазмұн біртұтас - формасыз мазмұн жоқ және мазмұнсыз форма болмайды.
Себеп-салдар.
СЕБЕБІ - белгілі бір жағдайларда әрекеті басқа құбылысты тудыратын (өзгертетін немесе тудыратын) құбылыс.
САЛДАР - бұл белгілі бір жағдайларда кез келген алдыңғы құбылыстардың (себептердің) әсерінен туындаған жаңа құбылыс.
ҚАЖЕТТІЛІК дегеніміз - заттар мен құбылыстардың олардың тіршілік етуін міндетті сипатын бейнелейтін ішкі, тұрақты, маңызды және табиғи байланысы.
КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ - негізінен заттар мен құбылыстардың сыртқы, елеусіз, тұрақсыз байланыстары. Кездейсоқ оқиғалар - бұл болуы немесе болмауы мүмкін оқиғалар.
МҮМКІНДІК - бұл қазіргі уақытта, нақты болмыста жоқ нәрсенің пайда болуының алғышарты.
ШЫНДЫҚ - бұл объектілердің нақты болмысы.
ЫҚТИМАЛДЫҚ - берілген жағдайда берілген оқиғаны мүмкін жүзеге асыру дәрежесі.

40.Эпистемология - таным теориясы ретінде.




Эпистемология (көне грекше: ἐπιστήμη — «ғылым» және көне грекше: λόγος — «сөз»).
Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейді.
• Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі.
41. Таным философиялық талдаудың пәні ретінде

Таным-адамның жаратылыс сырын, өмірдің мәнін, әлемді обьективті шындықта білу қаблеті. Таным-адамның жан құмары, білуге ұмтылыс.


Таным-теориясын зерттеумен, сынаумен айналысатын философиялық әдістемелік ғылым
Таным-қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процессі
(интернет) таным теориясы— философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс құрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гипотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.

42. Танымның сезімдік формасы.


Эмпиризм (грек., тәжірибе) – сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.
Идеалистік сенсуализм – түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).
Қарапайым реализм – адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Джон Локктың «Tabula rasa» - «таза тақтасы»; «Әуел баста сезім, түйсіктерде болмаған нәрсе, ақыл-парасатта да болмайды».
Сезімдік таным формалары:
түйсік – заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу;
қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;
елестету – бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту

43. Танымның рационалдық формасы.


Рационализм (лат., ақыл, парасат) – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).
Рационалдық таным формалары:
ұғым – заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.
Пікір дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы.

44. Дүниені тану мәселесі : гностицизм, скептицизм және агностицизм. Танымның мәнісі мен мағынасы.


Гностицизм- танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар.
Скептицизм -дүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді. Скептицизм (грек тілінен аударғанда skeptikos - қарастыру, тергеу) - теориялық ойлаудың басты қағидасы ретінде күмәнді алға тартатын философиялық ұстаным, атап айтқанда, шындық туралы абсолютті сенімді және шынайы білімге қол жеткізуге күмән. Бұл ұстаным ежелгі скептицизмнен бастау алады (Пирро, Энесидем, Секст Эмпирик), олар соңғы пайымдаулардан аулақ болу қажеттілігі туралы тезисті тұжырымдап, тек ақылға қонымды білімге қол жеткізу мүмкіндігін мойындады. Болашақта скептицизм алуан түрлі формаларға ие болады және негізінен белгілі бір нәрсені қабылдамауды, кез-келген берілгендік үшін сұрақ қоюды және сынақтан өткізбеуді белгілейтін білім жүйелері немесе күнделікті тәжірибенің ойдан шығарылған дәлелдері бола отырып, ойлаудың сыни көзқарасы түрінде көрінеді. Бұл тұрғыда П.Абелардтың, Кузанскийдің Николайының, М.Монтеньдің, Р.Декарттың, Д.Дидро, Д.Юм, И.Канттың және басқалардың скептицизмі туралы айтуға болады. Бұл жерде оқулықтың мысалы ретінде Декарттың «Мен ойлаймын, сондықтан мен бармын» формуласында көрсетілген сананың бар екендігінің абсолютті дәлелі деңгейіне жету үшін сыртқы әлемнің және тіпті өзінің денесінің бар екендігіне күмәнданған радикалды күмән техникасы келтірілген. Жалпы алғанда, скептицизмді догматизмнің кез-келген түріне қарсы «егу» ретінде қарастыруға болады және осы тұрғыдан әлемге философиялық және ғылыми көзқарастың ажырамас бөлігі ретінде қарауға болады.
Агностицизм - объективті әлемді, ақиқат объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілімі. Бұл ұғымды XIX діни сайыстарда ғылыми көзқарастар айқындаушы ретінде 1869 жылы Т.Гексиль енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептизм, Зенонның апориялары. ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.

45. Таным теориясындағы ақиқат мәселесі.


Таным теориясы немесе гносеология – таным табиғаты мен оның
мүмкіндіктері, шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін философия ғылымының
бір бөлігі.
Танымның теориялық нысаны болған ақиқатқа ғалымдар əртүрлі анықтамалар береді. Ақиқат дегеніміз – объектіге сəйкес біздің білімімізбен дəлелденген шындық туралы білім. Ақиқат ұғымының түп бастауы сонау ежелгі грекиядан бастау алады. Атақты грек философы Аристотель ақиқатқа мынадай анықтама берген: «Ақиқат - ол сананың, ойлау мен заттың, білім мен шындықтың болмыспен сейкестігі» (Истина - это соответствие мысли и предмета, знания и действительности). Яғни таным тұрғысынан обьект ақиқат деп танылуы үшін ол шындыққа сәйкес дәлелденген болуы тиіс.

Ақиқат біреу және ол объективті. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Обьективті ақиқат дегеніміз субьектіге, яғни адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ал осы адамзатқа түсініксіз ақиқат ұғымы бірден ұғынылмай, бірте-бірте танылып, гипозелар жасалып түсіндіріледі. Осы ақиқатты бірден-бір танушы, танытушы субьект болғандықтан субъектінің маңыздылығы үлкен. Олай болса, адамдар ақиқатқа жету үшін – тиімді әдістер іздейді, ал олар адамдар ақыл-ойының белсенділігін арттырады. Демек, ақиқатты танып-білу философияның міндеті деп толық айта аламыз.


Философиядағы жекелеген ақиқаттардың толығымен, тұтасымен танылуы – абсолютті ақиқат деп аталса, ал сол абсолютті ақиқатты тек шамамен ықтималды түрде салыстырылып танылатын ақиқат – салыстырмалы ақиқат деп аталады. Яғни салыстырмалы және абсолютті ақиқат бір бірінен бөлек, алыс тұрған ұғымдар емес, керісінше бірін-бірі толықтыратын біртұтас, өзектес ұғым.
Танымның даму процесін бейнелейтін категория – абсолютті және салыстырмалы ақиқат. Бұл ұғымдар бұрын танылған және болашақта танылатын құбылыстарды, не болмаса біздің болашақта таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырайтын ақиқаттардың арақатынасын айқындайды. Танымның үздіксіз процесс екеніне мынадай мысал келтіруге болады. Біздің, адамзат баласының, қол жеткізген түрлі техникалық, өндірістік жаңалықтары және т.б жаһандық үзіліссіз даму процесстерінің нәтижесі екені білеміз. Ал заман дамыған сайын болмыс туралы ұғымды адамзаттың тану процессі де үзіліссіз болатыны сөзсіз. Яғни ақиқат дамуға байланысты өзгеріп, түрленіп, толықтырылып отыратын салыстырмалы категория екен.

46. Практика - танымның негізі, ақиқаттың өлшемі.


Практика - таным негізі және қозғаушы күші Практика деген не? Таным теориясының орталық санаты болып есептелетін, адамдардың практикалық қызметінің қажетті және шешуші аясы — еңбек өндірісі. Соның арқасында адам өзінің өміріне қажетті материалдық игіліктерді — тамақты, киімді өндіреді. Алайда практиканы қоғамның басты ресурстарына қызмет еткенімен өзінің негізгі аясы — материалдық өндіріске қосуға болмайды. Қоғамдык катынастарды өзгертуге бағытталған адамның әлеуметтік күресі — қоғамдық қызметі мен практикалық қызметі деп аталады. Сонымен қоса ғылыми тәжірибелер де практикаға жатады. Практика адамдардың шынайы нағыздықты жаңғыртудағы белсенді, мақсатты, бағытталған, материалдық қызметі. Сонымен қоса практика адамдардың нағыздықты өзгертуге бағытталған материалдық әрекеті түрінде көрініс де береді. Практиканың құрылымы күрделі және көп деңгейлі. Практика дегеніміз—тек жекелеген адамдардың ғана емес, сонымен қоса ол миллиондаған адамдардың қызметін біріктіретін қоғамдық тарихи үдеріс. Практика мен таным өздерінің барлық деңгейлері бойынша өзара астасып, бір-біріне кіріктіріліп отырады. Мысалы, кез келген еңбек кызметін жүзеге асыру белгілі бір білімді, жоспарды, ойды қажет етеді. Өз колымен заттарды жасай отырып, адам танымнан практикаға қарай, сыртқы пөндік қызметке карай жылжиды. Өзінің максаттарын практика кезінде іске асыра отырып, адам өзі жасаған құралдарды объективті заңдылықтар бойынша сыртқы дүние заттарымен байланыстырады. Сонымен, қозғалыс таным субъектісінің білімін кеңейте отырып, оны жүзеге асырады. Таным адамдардың практикалық қызметінде алынған білімдерді одан былайғы уакытта пайдалану үшін жүзеге асырылады.

47. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет