1 глоссарий



бет2/30
Дата06.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#26885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1,2,3-Сабақ. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Дауысты дыбыстардың емлесі. Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Мәтін: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ана тілі – асыл қазынаң. Тіл туралы заң.


Дауысты дыбыстар (Гласные звуки): а, э, о, ө, е, ү, ү, ы, і, и, (у)
Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.


Қазақ тіліне тән дауыстылар
(Специфические гласные казахского языка): ә, ө, ү, ү, і.



І.

Тілдің қатысына қарай
(по положению языка)

Жуан (твердые)

а, о, ү, ы, у

Жіңішке (мягкие)

ә, ө, ү, і, е, и

ІІ.

Еріннің қатысына қарай
(по участию губ)

Еріндік (губные)

о, ө, ү, ү, у

Езулік (негубные)

а, ә, ы, і, е, и

III.

Жақтың қатысына қарай
(по степени раскрытия рта)

Ашық (широкие)

а, э, о, е, е

Қысаң (узкие)

ү, ү, ы, і, и, у



Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки): б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, н, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, Һ, (у)
Сөйлегенде ауа кедергіленіп шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыс­тар дейміз.
Қазақ тіліне тән дауыссыздар
(Специфические для казахского языка согласные): қ, ғ, ң, һ.


I. Дауыстың (саддырдың) қатысына қарай
(По участию шума и голоса)



1. Қатан (глухие)

п, ф, к, к, т, с, ш, щ, х, ц, ч

2.Ұяң (звонкие)

б, В, Г, Ғ, Д, Ж, 3




3.Үнді
(сонорные)

1. Мұрын жолды
(носовые)

м, н, ң

2. Ауыз жолды
(плавные)

л, р, й, у

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпактан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Енді ол толық мағынасында Республикада білім-ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.
Бұл тілдердіңішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай.
Қазақ тілі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б. ТМД елдерінде, сондай-ақ Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Иран, Түркия т.б. шетел елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазір қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.


Ана тілі — асыл қазынаң
Тіл қай ұлтта, қай елде болсын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашағындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Тіпті, туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар.
Мұндайларды кездестіргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік»,- деп ашына айтқаны ойға келеді.
"Егер, ертең туған тіліміз жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!"- деп жазды Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Ғамзатов.
Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау, көңіл тұңығын лайлау.
Құрметгі ақынымыз Қадір Мырзалиевтің:
"Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!" деген тұжырымы - жастармен қатар үлкендерге де қойылатын талап.

1-тапсырма: Көп нүктенің орнына ы, і дыбыстарының тиістісін қойыңыздар:


ер...к, 6...л, хал...қ, к...ш..., ұлтт...қ, т...л, к...р, қ...з...қ.
2-тапсырма: Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жа-саңыздар:
Үлгі: тіл - т -дауыссыз, қатаң дыбыс; і - дауысты, жіңішке; л - дауыссыз, үнді
Тіл, ана, халық, құрмет, көрік
3-тапсырма: Сөздердің жуан дауыстыларын бір сызықпен жіңішке дауыстыларын екі сызықпен сызып көрсетіңіздер:
Кітап, білім, өлең, құдық, шаһар, аң.
4-тапсырма: Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, түрлеріне ажыратыңыз:
Үлгі: нарық - н - үнді, р - үнді, қ - қатаң
Нарық, есеп, салық, қаржы, кеден, несие, ақша, тексеру,
табыс.
5-тапсырма: Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:
Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, жел-то...саң, таби...ат, ...алым.

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыздар.

  2. Мәтінге жоспар құруға тырысыңыздар.

  3. Дүние жүзі, мекендеуші, жергілікті, сөйлеу, қолданылады
    сөздерінің синонимін табыңыздар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет