1. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк) жайында түсінік


Квант сандарына сипаттама беріңіз (бас квант саны, орбиталь квант саны, магнит квант саны, спин квант саны)



бет3/18
Дата04.06.2023
өлшемі10,15 Mb.
#178211
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
4. Квант сандарына сипаттама беріңіз (бас квант саны, орбиталь квант саны, магнит квант саны, спин квант саны).
Бас квант саны n. Электронның мүмкін болатын арақашықтығын, яғни электрон бұлтының орташа көлемін және электрон энергиясын анықтайды. Белгілі бір квант санының мәніне сәйкес келетін электрондардың саны атомда электрондық деңгей түзеді, ал электрондар орналасқан деңгейді электрондық қабат дейді.
Бас квант санының мәндері бірден басталатын бүтін сандармен, ал бұларға сәйкес келетін электрондық деңгейлер немесе қабаттар латынша бас әріптермен көрсетіледі.
Бас квант саны 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 ...
Энергетикалық деңгей немесе қабат K, L, M, N, O, P, Q …
Бас квант санының мәні, энергетикалық деңгейдің нөмірін көрсетеді. Электронның энергиясы оның ядродан қашықтығына байланысты болады. Сондықтан электрон ядроға жақын жатса, энергиясы да көбейе береді. Сол себепті бас квант санының мәні өскен сайын оның энергиясы артады. Мысалы, бірінші деңгейде орналасқан электрондарға қарағанда бас квант санының мәні n= 2 болатын екінші деңгейде немесе L қабатында орналасқан электрондардың энергиясы көп болады.
Орбиталь квант саны L.Бас квант санына тәуелді болады және ол электрондардың пішіндерін анықтайды, сондай–ақ электронның энергиясының бас квант санының мәніне сәйкес келетін орта энергиядан айырмашылығын көрсетеді. Орбиталь квант санының 0 – ден 1 – ге дейін болатын бүтін сандармен көрсетілген мәндері болады, ал ол мәндерге латынның кіші әріптерімен бейнелейтін деңгейшелер немесе қабатшалар сәйкес келеді.
[16:45, 26.05.2023] ~Bakdary: Бас квант санының мәні қанша болса, оған сәйкес келетін деңгейде электрон бұлттарының пішіні және деңгейде электрон бұлттарының пішіні және деңгейлер сонша болады. Бас квант саны n = 1 сәйкес келетін бірінші деңгейде s деңгейшесі болады, оның электроны ядроны айналғанда l = 0 сәйкес пішіні шар тәрізді электрон бұлтын немесе орбиталь түзеді. Бас квант саны n = 2 сәйкес келетін екінші деңгейде екі деңгейше болады және оларға орбитальдардың екі пішіні сәйкес келеді. Өйткені 2р деңгейшесіндегі электрон ядроны айналғанда шар пішінді электрон бұлты немесе орбиталь, ал 2р деңгейшедегі электрондар гантель пішінді орбитальдар түзеді.
Магнит квант саны m. Электрон бұлттары немесе орбитальдар кеңістікте белгілі бір бағытта орналасады. Орбитальдардың кеңістікте орналасу бағытын магнит квант саны m анықтайды.
s, p, d – орбитальдарының пішіндері және кеңістікте орналасуы
Магнит квант саны орбиталь квант санына тәуелді және оның – 1, 0, + 1 мен өрнектелетін бүтін сандарға тең мәндері болады. Осыған байланысты магнит квант санының сандық мәні m = 2l + 1 тең. Осы формула арқылы табылған магнит квант санының сандық мәні осы деңгейшедегі немесе қабатшадағы орбитальдар санын және олардың кеңістікте қанша бағытта орналасатынын да көрсетеді.
Спин квант саны – ms электронның өз осінен қай бағытта қозғалатынын көрсетеді.Электрон өз осінен сағат тілінің бағыты бойынша немесе оған қарсы бағытта қозғалуы мүмкін. Спинді кванттық саны. Спин - ол электронның өзінің осінің айналасында өзінің айналуы. Спин квант саны (mg) электронның із осінің бойында айналу бағытын кірсетеді.
m = + 1/2 Спинді сипаттау үшін төртінші ms кванттық санын m енгізеді, оны спиндік кванттық саны деп атайды. Ол тек екі мәнді +1/2 және -1/2 кабылдай алады. Сонымен атомдағы электронның күйі төрт кванттық санының көмегімен өрнектеле алады: n, 1, m. Олар электронның энергиясын, оның формасын, түрі мен пішінін, орбитальдар мен спиннің қаныққандығын сипаттайды.
5. Периодтық жүйе және атомдардың электрондық құрылымын түсіндіріңіз
6. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесушi заттардың табиғатының және концентрациясының әсерi. Әсер етушi массалар заңының тұжырымдасын түсіндіріңіз



Әсер етуші массалар заңы: Тұрақты температурада химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы затардың концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал. Мысалы: А+B=C+D реакциясы үшін:
ʋ=k[A][B]
Мұнда [A], [B] – заттардың молярлық концентрациялары, k− жылдамдықтың константасы.
Егер реакцияға заттың бірнеше молекуласы түссе, олардың санын концентрациясының дәрежесі арқылы көрсетеді. Мысалы: мынадай реакция үшін: 2A+B=A2B жылдамдықтың өрнегі былай жазылады ʋ=k[A]2[B] .
Химиялық реакция жүрген кезде әрекеттесетін молекулалар санын реакцияның молекулалығы деп атайды. Егер қарапайым актіге бір ғана молекула қатысса, реакцияны мономолекулалық деп атайды, сол сияқты екі молекула қатысса, реакция − бимолекулалық, ал үш молекула қатысатын реакциялар тримолекулалық деп аталады. Әсер ету массалар заңы тек газдар мен сұйық заттарға (біртекті жүйелер) қатысты және қатты заттар (гетерогенді жүйелер) қатысатын реакциялар үшін орындалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет