1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік



бет1/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê
8кл геом 2 ток, 5 сынып, 5 сынып

Анықтамалар, жалпы түсініктер, қызметтер және жіктеулер
1)Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік Иммунология (иммунитет және грек.logos – ілім) – организмнің әртүрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы.Иммунология организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммунология бөлімдері:Жалпы иммунология—иммундық жауаптардың жасушалық және молекулалық негіздерін, олардың реттелуін, генетикалық бақылауын және жеке даму процестеріндегі иммундық механизмдердің рөлін зерттейді. Жұқпалы иммунология - адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларындағы иммундық жауапты зерттейтін иммунология бөлімшесі және осы аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің әдістерін әзірлейді. Жұқпалы емес иммунология - инфекциялық және инвазиялық патогендермен байланысты емес антигендерге организмнің иммундық жауаптарын зерттейтін иммунология секцияларының жиынтығы, мысалы изоантигендер, ісік антигендері. Клиникалық иммунология немесе иммунопатология - бұл клиникалық және зертханалық тәртіп, иммундық бұзылулардың нәтижесінде туындайтын ауру немесе патологиялық үдерістерді зерттейтін, диагноз қойған және емдейтін, сондай-ақ иммунологиялық манипуляция терапия мен алдын алудың маңызды бөлігі болып табылады. Молекулярлық иммунология - иммундық жауаптың молекулалық механизмдерін зерттейтін иммунология бөлімі.Радиациялық иммунология - иондаушы сәулеленудің әсерінен иммундық жауапты өзгертуді зерттейтін иммунология бөлімі. Иммуноморфология - иммунитеттің клеткалық негіздерін зерттейтін иммунология бөлімі.Иммунохимия - бұл иммундық жауаптың химиялық негіздерін зерттейтін иммунология бөлімі.Трансплантация иммунологиясы тіндердің иммундық сәйкес келмейтіндігін, трансплантациядан бас тартуды, үйлесімсіздікті жеңу жолдары мен жағдайларын зерттейді. Репродуктивті иммунология - эмбрионалдық даму кезінде тіндердің және органдардың антигендік құрылымын қалыптастыру үдерістерін зерттейді, сондай-ақ ана мен ұрықтың арасындағы иммунологиялық қарым-қатынасты зерттейтін иммунология бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет