1 Жазық иінтіректі механизмдердің құрылымдық талдауы Жұмыс мақсаты


Қондырғының жұмыс істеу принципі және құрылысы



бет61/84
Дата12.03.2018
өлшемі7,97 Mb.
#38618
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84
Қондырғының жұмыс істеу принципі және құрылысы. ТММ-42 қондырғысы орапоту әдісімен тістерді орнықтыру, сонымен қатар технологиялық тәсілмен тістерді төрткілдешпен кесу, төрткілдештің ығысуы, тістің төменгі табанын кесуге арналған (7.4 - сурет) күрделі құрал.

Құрал қағаздан жасалған делегейден 4, оны қысып тұратын бинтті 6 қақпақтан 5, құралдың соңғы қарама болатын төрткілдештен 11 тұрады. Құралдың төрткілдеші табанда 8 винттармен 12, 15 бекітілген, оның екі жағынан «xm» ығысуын есептеуге арналған екі шкала 10, 16 орналасқан. Төрткілдештің жылжуы құралдың алдыңғы шегінде орналасқан рычагпен 13 іске асырылады. Оның оң жағында Г – тәрізді еркін қозғалатын (коретканың) күймешенің тұтқасы 14 орналасқан. Оң жағдайда ол клавиштердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Егер тұтқа сағат тіліне қарсы жағдайда болса, онда күймеше мен төрткілдеш бірге еркін қозғалады. Рейканың жылжуы мен делегейдің бұралуы 2 мен 9 бекітпелерінде бекітілген тартылған ішектің көмегімен 7 іске асырылады. Делегейді белгілі бір бағытқа бұру үшін ішекті босату қажет. Ол үшін құралдың тұтқасын 3 сағат тіліне қарсы бұру қерек. Ішекті тарту үшін тұтқаны 3 үстіңгі тірек жағдайына қояды. Делегей мен төрткілдешті табан негізде 1 бекітілген.

Жұмысты орындау реті.

  1. Қағаз дайындаманы үш секторға бөлу.

  2. Әр секторда 2-3 тістен сызу. Ол үшін рычаг 13 көиегімен үзілісті жылжу арқылы төрткілдешті “оң” жағдайдан “сол” жағдайға ауыстырып, керекті қармды сызып алуға болады. Басқа секторларда тістердің пішінін алу үшін тұтқа 13 арқылы ішекті аздап босату керек. Келесі кезекте қағаз делегей мен құралдың металды делегейін керекті бұрышқа бұрып, келесі секторларда тістердің пішінін сызуға болады.

Бірінші секторда нөлдік дөңгелектің тістерін сызып алу қажет; екінші секторда – модулдік төрткілдештің (рейканың) оң жылжуындағы дөңгелектің тістерін сызу; үшінші секторда – модульдік төрткілдештің теріс жылжуындағы дөңгелектің тістерін сызу.

  1. Білдекті саңылауда өлшеп C*’·m (7.3 - сурет), теңдік орынауыстырудың коэффициентін есептеу y=C*`-C*; x=0 y=0 болғанда.

  2. (1 ÷ 7) формулаларымен есептеулер жасау.

  3. Баяндама формасын толтыру (7.1 - кесте).

7.1 - кесте



Наименование параметра

Расчетная формула

Числовое значение

x=0

x>0

x<0

Число зубьев

z=d/m










Диаметр окружности вершин













Диаметр окружности впадин













Толщина зуба по делительной окружности
















  1. Дайындалған баяндамаға тістерінің пішіні тұрғызылған делегейді қосу.

Баяндаманы құрастыру. Жұмыс бойынша баяндама мынадан тұру керек.

  1. Жұмыс мақсаты.

  2. Негізгі теориялық жағдайлар.

  3. Берілген параметрлердің мәндері: төрткілдештің модулі m; дөңгелектің бөлгіш диаметрі d; басты пішін бұрышы α=20˚; тіс басы биіктігінің коэффициенті hα*=1,0; орынауыстыру коэффициентінің мәні x (0; оң; теріс); радиалды саңылау коэффициенті С*=0,25.

  4. Білдекті саңылау C*’·m мен теңдік ығысудың y мәндері.

  5. Дөңгелек параметрлерін есептеулері.

  6. Есептелген параметрлер кестесі (7.1 - кесте).


Қауіпсіздік ережесі.

Берілген зертханалық жұмысты орындау барысында ережелердің ортақ шарттарысақталу керек.


Бақылау сұрақтары.

1 Эвольвентті пішінді тісті дөңгелекті кесудегі орапоту әдісінің принципі.

2 Тісті дөңгелекті орапоту әдісімен кесуде төрткілдештің жылжуымен қатар бүйірден жабу коэффициенті неге өзгереді?

3 Кесудегі білдекті төрткілдештің жылжу мақсаты неде?

4 Тұрақты беріліс санды доңғалақтың салыстырмалы қозғалысындағы центриодтар қалай аталады?

5 Жетекші доңғалақтағы төрткілдешті іліністің беріліс саны нешеге тең?

6 Нөлдік дөңгелектің қай шеңбері бойынша ойымның ені тістің қалыңдығына тең болады?

7 Нөлдік тісті беріліс үшін радиалды саңылау коэффициентінің стандартты үлкндігін көрсет.

8 Пішіндердің соққысыз жұмыс шартын көрсет.

8 Цилиндрлік тісті берілістің

параметрлерін шартбелгісіздендіру
Жұмыс мақсаты:

Тісті беріліс пен дөңгелектің негізгі параметрлерін зерттеу.



Теориядан қысқаша мәліметтер. Цилиндрлік берілістердің арасында эвольвенттік берілістер кең таралған. Олар жасауда жеңіл, жақсы эксплуатациялық қасиетті болады. Эвольвенттік дөңгелек деп бүйір бетіндегі тіс пішіні шеңбер эволвентасы бойымен сызылған дөңгелекті айды.

Шеңбердің эвольвентасы деп шеңбер бойымен сырғанаусыз домалатудағы түзудің кез-келген нүктесімен сипатталатын қисық аталады (8.1 - сурет). Сонымен қатар түзу сызық құраушы түзу, ал шеңбер – негізгі деп аталады. 8.1 суретте құраушы түзудің t-t радиусы rb негізгі шеңбер бойымен домалатылуы көрсетілген. M0M қисығы шеңбердің эвольвентасы болып табылады, ал l - ағымдағы радиус – вектор. α бұрышы пішіндік бұрыш деп аталады. θ бүрышы эвольвентік бұрыш немесе бұрыштың инволютасы α (θ=inv α) деп, яғни бұрыштың эвольвенттік функциясы α деп аталады.

Тісті дөңгелектің параметрлері деп бүйір қимадағы дөңгелектің негізгі өлшемдерін анықтайтын есептеуші өлшемдерді атайды (8.2 - сурет):


ra – шыңдар шеңберінің радиусы,

rf – ойымдар шеңберінің радиусы,

rb – негізгі шеңберінің радиусы,

r – бөлгіш шеңбердің радиусы,

S – бөлгіш шеңбер бойынша тістің қалыңдығы,

P – бөлгіш шеңбер бойынша қадам.

Бөлгіш шеңбер деп пішіндік бұрышы ілінісудің сандартты бұрышына =20 тең нүктеде тістің пішінің қиып өтетін шеңберді айтады.


8.1- кесте

Число зубьев колеса - z

Число охватываемых зубьев - n

 18

19 - 30


2

3



Негізгі шеңбер бойынша қадам мына формуламен анықталады
Рb =ln+1 – ln. (8.1)
немесе
Рb= m∙cos , (8.2)
осыдан ілінісу модулі анықталады
, (8.3)
мұнда , cos =0,9396.

Модульдің алынған мәні СТ СЭВ 310-76 (8.2 - кесте) бойынша стандартты мәнге келтіріледі.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет