1 Жұмыс Тас көмірді флотация әдісімен байыту


Отынның құрамындағы ұшқыш заттардың мөлшерін анықтау



бет8/13
Дата15.11.2022
өлшемі3,56 Mb.
#158275
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лабораториялық жұмыстар мазмұны-1
ЭПИТЕЛИЙЬ, Инклюзивті білім берудің қағидалары, treatise192903, 104,105 сұрақтар
Отынның құрамындағы ұшқыш заттардың мөлшерін анықтау

Отынды ауасыз қыздырған кезде бөлінетін ұшқыш заттардың мөлшері анализдің жүру жағдайына,қыздыру температурасына,жылдамдығына,отынның ұнтақтауына және анализ жүргізілетін ыдысқа байланысты болады.Сондықтан анализдің салыстырмалы қорытындысын алу үшін бірдей жағдайда жүргізу керек.


Жұмыстың мақсаты:Қатты отынның құрамындағы ұшқыш заттардың мөлшерін анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар:
1)қатты отын (тас көмір,антрацит,тақта тас)
2)қақпақты фосфорлы тигель (биіктігі 40 мм, диаметрі 30 мм)
3)жоғары термопаралы муфельді пеш (900 градус)
4)аналитикалық таразы
5)эксикатор
6)тигельге арналған қысқыш
Жұмыстың жүргізу реті.
Ұнтақталған құрғақ қатты отынның 1 грамын өлшеп,алдын-ала жуылып,кептірілген тигельге салады.Тигельдің қақпағын жауып,электр пешке салып, 850 градус температураға дейін қыздырады.Бұлткезде тигельдің қақпағы жабылуы қажет.Содан кейін тигельді электр пешке 850 градус температураға қояды.Тигель ыстыққа төзімді төсегішке орналастырып қояды (мысалы,балшықтан жасалған),себебі оның түбі муфель пешінің түбінен 10-20 мм арақашықтықта тұруы қажет.Тигельді пеште 7 минут уақыттай ұстайды.Бұл кезде ұшқыш органикалық заттардың және ылғалдың жойылуы жүреді.Содан кейін тигельді шығарып,салқындатады(қақпағын ашпай).Ең алдымен ауада 5 минут,содан кейін бөлме температурасына дейін эксикаторда ұстайды.Ыстық муфель пештегі тигель сымның көмегімен қоюға болады.Оның ұшына тигельді ұстап тұратын сақина жасалады.Салқындатылаған тигель өлшенеді.Ұшқыш заттардың мөлшері мына формула бойынша есептелінеді.
W=M.100/m1

Мұндағы: құрыштаған кездегі отынның жоғалтқан салмағы, г


m - отынның бастапқы салмағы, г
H2O - отынның ылғалдылығы, г

Ылғалдылықтың мөлшері көмірдің ылғалдылығының пайыздық мөлшерімен есептелінеді.Сондықтан ұшқыш заттардың мөлшерін анықтамас отынның ылғалдылығын анықтау қажет (алдыңғы жұмысқа қараңыз).Мысалы,ұшқыш заттардың мөлшерін анықтау үшін көмірден 1,3468 г алынды.Құрышталған соң салмағы 1,1122 г болды.Көмірдің ылғалдылығы 1,2% тең болады.Сондай-ақ 1,3468 г отынның ылғалдылығы мынаған тең болады:


(1,3468*1,2)/100=0,0161


Ұшқыш заттардың мөлшері мынаған тең:


ҰЗ,%=((0,2346-0,0161)*100)/1,3468=16,3%


Осы нәтижені мына формула бойынша алуға болады:


Мұндағы: M - құрыштаған кездегі отынның жоғалтқан салмағы, г;


W-отынның ылғалдылығының пайыздық мөлшері
Жұмыстың нәтижелерін қорытындылау:
Жұмыстың әдістемесін қысқаша сипаттап жазу және алынған сандық мәліметтерді 18 кестеге толтыру



Отынның салмағы, г

Азайған салмағы, г

Ылғалдылығы

Ұшқыш заттың мөлшері, г

Ұшқыш заттың мөлшері, %

8 Жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет