1-жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, дарынды тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Нарынқол ауданы



бет2/4
Дата22.01.2023
өлшемі19,59 Kb.
#166098
1   2   3   4
Байланысты:
Кеш

1-жүргізуші:
Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суының!
2-жүргізуші:
Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!–деп тереңнен толғайды.
«Менің анкетам» өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.
Дәрігер: №17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.
Дәрігер: Туған жеріңіз?
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Дәрігер: Туған жылыңыз?
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Дәрігер: Шыққан тегіңіз?
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Дәрігер: Білімің ше?
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.
Дәрігер: Ана тілің?
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Дәрігер: Қайда істейсің?
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жайыммен, осы отырған орнымда - ақ.
Дәрігер: Мекенжайың?
Ақын: Мекенжайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек.
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің.
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі-ақ жазылып кетесіз (тыңдап, дәрі жазып береді.)
«Өзімнің есебімше» атты өлеңін оқып сахнадан шығып кетеді.


Ән: Есіңе мені алғайсың


1-жүргізуші:
Бүгін ереулі атқа ер салып жүріп, егеулі найза қолға алып жүріп, еңку-еңку жер салып жүріп, ойраны шыққан ғасырлардан көріп, Патша құдай сыйындым, Тура басса өзіңе. Жау жағадан алғанда, Жан көрінбес көзіме - деп, күңірене толқыған
2-жүргізуші:
Ескі мен жаңаны, батыс пен шығысты жалғаған, ғаламдық биікке көтерілген мәңгілік сарындардың шалқар кеңістігіне шыққан қазақ жыры Мұқағали үні болып, сана атаулыны қозғауда. Мұқағали мұңы болып жүректерге сапар шегуде.
1-жүргізуші:
Бүгін естір құлақ пен ескі үнді қайрап бір сілкініп ұлы музаның сиқырлы сырлы сазына шомылары меңіреу шыңдарға тіл бітіп бедеу қырларға үн қосары қошқар мүйізді қазақтың қай-қайдағысы еске түсері жазғыны тұлпары тулап көгінде қыраны қалықтары жаны жадырап, көңіл толқыры ақиқат. «Атырау, Алтай» поэмасынан үзінді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет