1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,қонақтар,ата-аналар мен оқушылар! 1-жүргізуші



бет1/7
Дата05.10.2022
өлшемі93,5 Kb.
#151818
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Соңғы қоңырау-2019-20ж
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ, 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі, 6 кл ДО Рус яз 4 чет, 6 кл ДО Рус яз 4 чет, СОР,СОЧ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ, 4класс.Сор-1.(1-четверть), СОР 4 класс. (1), Бұйрық дебат

1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар,қонақтар,ата-аналар мен оқушылар!
1-жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Бұл күн-11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу күні.
Бұл мереке, дүрліктірген ел үшін.
Бұл мереке, жас түлектер сен үшін.
Кең болсыншы қанат жаяр кеңісің,
Қөрсін ұстаздар еңбегінің жемісін.
Алтын ұя мектептен үшты түлек,
Бүлдіршін бала күнде ғылым іздеп.
Он бip жыл білім берген ұстаздармен,
Қоштасар сәт те келді, бүгін міне-дей келе «Сәт сапар саған, жас түлек!» соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші:
- Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.
- Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
- Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
-Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
-Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн.
- Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
- Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
- Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
- Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық жар салайық.
Биылғы 11-ші жыл түлектерін,
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық.

Қарсы алыңыздар!


Оның көңілі кеңдігіндей даламның


Мен жансамда ұстазымша жанамын.
Үлкен дейді кейде мені басқалар
Ұстаздарға бәз баяғы баламын. -дей келе алтын ұя мектебінен ұшқандарына 30 жыл болған түлектерімізді салтанатпен ортаға шақырып қарсы алайық.

20-жыл болған түлектерімізді ортаға шақырамыз.


Мектеп қой Еліміздің қаны ,жаны.


Мектептен басталады бәрі –бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет