Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп Көкдала бастауыш мектебімен



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,79 Mb.
түріСабақ
  1   2   3
Өтілген сабаққа рефлексивті есеп.

Саламатова Куралай Мархабатовна. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, "Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп Көкдала бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің үшінші (базалық) деңгей мұғалімі

Мектебімізде өткізілген "КВАНТ" әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде «Сындарлы оқыту» семинары барысында математика пәнінен 7 модульді кіріктіре отырып, 4 мамыр күні өзімнің 5«Б» сыныбымда ашық сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, "Проценттерге есептер" тақырыбында қайталау сабағын өттім. Сынып оқушыларын топқа бөлмес бұрын, оқушыларды сабаққа дайындадым. Мен әрбір сабағымда ең бірінші сабаққа қойылатын мақсатқа аса үлкен мән беремін. Дұрыс қойылған мақсат қана, сабағыңыздан күтілетін нәтижеге апарар ең нәтижелі жол болып табылады. Мен сабағымды «Тамаша екен» тренингімен бастадым. Оқушыларға стикерге өз бойларындағы жағымсыз ұнамсыз қасиеттерді жазып, оларды бүктеп, жыртып қоқыс жәшігіне тастаттым. Келесі әрқайсысы өздерін мақтап мадақтау арқылы яғни, өз бастарынан сипау, иықтарынан қағу жарайсың, мен ақылдымын деген жақсы сөздерді айтты. Осы сәтте мен оқушылардың жүздерінен қуаныш сезімін байқадым.

Сосын оқушыларды тақта алдына шақырып Жетістік жолына тұрғыздым.

Сабақ басында оқушылардың даму деңгейінің қай сатысында тұрғанын анықтадым, және қайтара сабақ соңында осы жолға қайта тұратынымыздым оқушыларға айтып өттім.

Оқушылар фигура түрлерін таңдап алу арқылы топқа бөлдім.

Үшбұрын «Процент», шаршы «Процент бойынша санды табу», ромб «Саны бойынша процентті табу» деп 3 топқа бөлдім. Жалпы топтың «Алтын ережесі» болды. Сынып оқушыларының мақсаты болды.

Оқушыларымның алға қойған мақсаты: Үйренсем, білсем, қолдансам.

Мақсатқа жету жолындағы оқушыларымның ұраны:

Білім терең теңіз бе? Білім еңбек егіз бе? Рухани азығым – Осы екеуі деңіз де, – дейді атам, – білімді Еңбекпен сен ізде!-деп, оқушылар еңбектенуге дайын болды.

Сабаққа деген құлшыныстарын жүздеріндегі қуаныштан оқушыларымның келешекте экстраберт, метатанымы дамыған, креативті, яғни жаңа идеялар жасауға дайын, қандай да бір жағдаяттан шыға алатын оқушы қалыптасатынына көз жеткізгендей болдым. Содан кейін, интерактивті тақтаның көмегімен презентация арқылы қайталау сабағының рубрикасымен яғни, ондағы критерий бойынша бағалау парақшасымен таныстырып өттім. Мағынаны тану кезеңінде үй тапсырмасын тексеріп оқушыларға өзара бағалаттым.



Ойын – үйренудің ең тиімді әдісі, адамзаттың ұлы ұстазы деп, бекер айтпаса керек. Дегенмен, мен қайталау сабағымдағы тапсырмаларды орындау барысында ойын түрлерін алып отырдым. Логикалық ойлауға негізделген ойсергек кезеңінде Ойын «Ойша сана, байқампаз бол!» Ойын оқушылардан өз назарларын басқаға аудармай, ойша санап отыруды талап етеді.

Мысалы бірінші оқушы сан айтады, екінші оқушы амалды айтады, үшінші оқушы сан айтады, төртінші оқушы тең деп нәтижесін айтады. Осылайша бірнеше рет қайталап айтып соңында оқушылар қайталанды деп жауап берді. Жақсы олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы – деп оқушылар өздері тапты.


Келесі презентация арқылы Кел ойнайық! «Сөз құрастыр» Берілген

амалдарды орындап, тиісті әріптерді орнына қою арқылы қажетті сөзді тапты «Дәптер» сөзі шықты яғни, дәптермен жұмыс жүргіздім. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар орындау барысында


Топтар өздеріне берілген тапсырмалар мен сұрақтарға толық жауап беруге дайын болды. Мен тек сырттай бақылап, бағыттап отырдым. Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде Асель, Рамазан, Ақбота, Сабина болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Яғни бұл оқушылардың дұрыс жауап беру жеткіліксіз, оны дәлелдеп беру керек деген ұстанымдары болды. Өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогқа ықпал етті. Мұғалімнің үш негізгі көмекшісіне сүйене отырып, сынып ішіндегі климаттың, тақырыптың барынша оқушыларға қолжетімді, сапалы өтуіне барынша тырыстым. Мағынаны тану кезеңінде математикалық диктант орындалды. Нәтижесінде оқушылар бір-бірінің яғни өзара бағалап, бағалау парақшаларындағы ұпай сандарын белгіледі.

«Жалын – мұз» жаттығуы арқылы сергіту сәтін жүргіздім. Яғни жаттығу музыкалық ырғақпен орындалады. Музыканың оқытуда ықпалы өте зор. Бастысы музыкада математикалық бастау бар. Музыка – мықты якорь.



Оқушыларға есептерді шығаруда «Ойлан – Жұптас – Бөліс» әдісін және дауыстап ойлауды қолдандым. Яғни оқушылар білгендерін ортаға салып бір – бірімен ой бөлісті.


Оқушылар есепті шығарып постер мен деңгейлік тапсырмалар жасау

Каталог: uploads -> doc -> 08e7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08e7 -> Сабақ жоспары сабақ: 7 Мектеп: Бабыр атындағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет