1-жүргізуші: Армысыздар,жыр сүйер қауым 2-жүргізуші: «Ереуіл атқа ер салып,егеулі найза қолға алып», «Сары баланың қамы»



бет3/7
Дата26.03.2023
өлшемі55,21 Kb.
#173056
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Жырдың алмас қылышы»атты әдеби кеш.
64. ?àçà?òàðäû? ?ëòòû? ì?äåíèåò³í³? åðåêøåë³êòåð³ 68. Òàóåëñ³çä³
А. Айнұр2-жүргізуші: Жәңгір хан мен Махамбет ылғи да сөзге келіспейтін еді.Сол оқиғалардан бір көрініс.Алдарыңызда 8 класс оқушылары.
Автор: Бір жиында Жәңгір хан мен Махамбет кездесіп қалады.Өзінің байлығын халыққа таныстыру үшін мақтанып Махамбетке былай дейді:- Әй, Махамбет осы сені елдің ақыны ,суырып салма жырау дейді ғой.Олай болса қане мені халқыма бір мақтап жіберші.
Автор: Бұған зығырданы қайнап тұрған Махамбет,қылышын жерге қадап:
Абылай - Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың!
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің ылансың,
Ысқырынған жылансың,
Хан емессің аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!
1-жүргізуші: 1838 жылы көтерілісте апатқа ұшырап,Исатайдың өлімінен кейін елді қайта ұйымдастыру мүмкін болмады. «Қызғыш құс» өлеңі оқитын
Дүйсенбі Асанали


Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен;
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып - айтпай немене,
Құсарлықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!

2-жүргізуші: Бір кездері жанына ерген халқы жауласудан шаршаған,жүрегі шайылған еді.Сол кезде Махамбет әскері азайып жалғыздық зардабын шекті. «Жалғыздық» өлеңі оқитын 7 «Ә" Несіпбаева Нұрай

Жалғыздық
Бұ дүниенің жүзінде
Айдан ару нәрсе жоқ,
Ол түнде бар да, күнде жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет көп бейнет,
Біреуде бар да, біреуде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ,
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды,
Тура билік биде жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қайран қарындас
Қазақта бар да, менде жоқ

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі оқитын 7 «ә»класс оқушысы Шахидани Сейдуәлі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет