1-Жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын, Танытқан қазағымның азаттығын, Танытқан қазағымның ғажаптығын, Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім. Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары. 2-Жүргізуші



бет4/4
Дата30.08.2022
өлшемі161,33 Kb.
#148365
1   2   3   4
Байланысты:
тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры

1 - жүргізуші:
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Етілсін мемлекеттік әр істе үні!

2 - жүргізуші:
... Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін,
Тілің барда нұр шашып атар күнің.
Сөзімнің ұғар болсаң түп төркінін
Жүрек жырын жазар ем таппай тыным...
Жастарға айтар, бастарға айтар жырым бар,
Жоғалтпақ болды ұлтымның тілін залымдар.
Жаутаң қағып жетпіс жыл жүрдік боданда,
Содан да қалған тілімізде жұғын бар.
Қадір тұт өз тіліңді намыс болса,
Көзіңді сал көк аспан алыстарға.
Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын
Құрмет көрсет Мұхтардай арыстарға. Дей келе ендігі кезекті Тіл мәңгілік асыл мұрамыз атты көрініске береміз.

1 - жүргізуші:
Туған тіліңді қорғау - туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса - бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.
 
2-Жүргізуші
Туған тіл - ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы.
Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Ендігі езекті қортынды видео рликке берсек
(соңғы видео қосылады)

1 - жүргізуші:
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл - қыздары бізге ғасырлар бойы ата - бабаларымыздан жеткен аманат.

2 - жүргізуші
Осымен Тіл ғұмыры ұлт ғұмыры атты кешіміз! өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет