1. Компьютерлік графикаға кіріспе Компьютерлік графиканың анықтамасы және негізгі міндеттері. Компьютерлік графиканың даму тарихы



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі134,87 Kb.
#118796
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 лекция
PhotoShop графикалық редакторы, ZOOM пайдалану, Сызықты емес программалау есебі, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» курстық жұмыс, Практикалық жұмыс 1, 2 лекция, Лекция 1, Лабораторная работа Ин дизайн, № 1, № 1, жаңа дәріс

1. Компьютерлік графикаға кіріспе

Компьютерлік графиканың анықтамасы және негізгі міндеттері.


Компьютерлік графиканың даму тарихы.
Компьютерлік графиканың негізгі қолданылатын облыстары.
Компьютерлік графиканың түрлері.


Компьютерлік графиканың анықтамасы және негізгі міндеттері. Монитор экранындағы бейнелер түріндегі ақпараттарды өңдеу үш негізгі бағытты қамтиды: кескіндерді тану, бейнелерді өңдеу және машиналық графика.
Кескіндерді танудың негізгі есептеріне алдын ала берілген бейнелерді таңбалық формальды түсінікті тілге түрлендіру. Кескіндерді тану немесе техникалық көру жүйесі (COMPUTER VISION) – енгізілуге дайындалған бейнелердің сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін, әдістердің жиыны. COMPUTER VISION жүйесінің көп есептерінің бірі, объектілерді скелеттеу, яғни объектінің негізін, оның «скелетін» қалыптастыру болып табылады. Бейнелерді өңдеу (IMAGE PROCESSING) енгізілетін де және нәтижелік те деректердің бейне түріндегі өзгеруін қарастырады. Мысалы, бейнелерді олардың шуын жойып, деректерін сығып тасымалдау, бейненің бір түрінен екінші түріне ауысу (түрлі түстіден ақ-қара түске ауысу) және т.с.с. Сонымен бейнелерді өңдеу деп, оларды түрлендіруге жасалынатын іс-әрекеттер жиынын айтамыз. Бейнелерді өңдеу жұмыстарына белгілі бір критерияға байланысты олардың сапасын жақсартумен қатар (реставрация, қалпына келтіру) бейнені түп өзгертіп жіберетін арнайы түрлендірулер жатады.

Бейнелерді өңдеу келесі есептер топтарына (1-сурет) бөлінеді:


1-сурет. Бейнелерді өңдеу топтары.


Цифрлық бейнемен жұмыс істеуді қарастырайық. Цифрлық түрлендіруді түрлендіру мақсатына байланысты екі түрге бөлуге болады:


Бейнені қалпына келтіру (реставрация)  көрініп тұрған кемшіліктерді жою
(суретке түсіру кезіндегі қолайсыз жағдайлар әсерін);
Бейне сапасын жақсарту  бейнені ары қарай өңдеуге ыңғайлы формаға келтіру немесе көзбен жақсы қабылданатындай етіп өзгерту.
Компьютерлік (машиналық) графика (COMPUTER GRAPHICS) Бейнелік емес ақпараттан бейне шығарады. Мысалы, эксперименттік деректерді графика, гистограмма немесе диаграмма түрлерінде көрнекі етіп шығару, ақпараттарды компьютерлік ойындар экранына шығару т.с.с. Компьютерлік графика — бұл аналитикалық геометрия комплексі, алгоритмдік бағдарламалау және бейнелеу өнерінің базалық түсініктері. Ол қарапайым сызбадан бастап, табиғи объектілердің күрделі түрін алуға мүмкіндік береді. Компьютерлік графика барлық инженерлік және ғылыми пәндерді оқытуда ақпаратты тасымалдау үшін, көрнекілік және жақсы қабылдау мүмкіндіктерін арттыру үшін қолданылады. Қазіргі кездегі бірде бір программа компьютерлік графикасыз құрылмайды. Көпшілікке арналып шығарылатын программаларды дйындауда графикамен жұмыс программалау ұжымдарының жұмыс уақытының 90% алады. Компьютерлік графикамен жұмыстың нәтижесі бейне. Бұл бейнелер бірнеше салада қолданылуы мүмкін, мысалы, ол техникалық сызба, бір тетіктің суреті, қарапайым диаграмма, ғимарат жобасының архитектуралық болашақ түрі, мультфильм кадры болуы мүмкін. Машиналық графика бизнесте, медицинада, рекламада, компьютерде ойын ойнап, көңіл көтеру салаларында жиі қолданылады. Қазіргі таңда компаниялардың отырыстарында, есеп беру жұмыстарында демонстрациялық слайдтар арқылы компьютерлік графика көмегімен баяндама жасау қалыптағы күй деп саналады. Компьютерлік графика – бұл моделдер мен олардың бейнелерін ЭВМ көмегімен құруды, сақтауды және өңдеуді зерттейтін ғылым саласы, яғни әртүрлі бейнелерді (суреттерді, сызбаларды) компьютерде құру жұмыстарының қиыншылықтарымен айналысатын информатиканың бір бөлімі. Компьютерлік графика келесі мәселелерді қарастырады:
–бейнені компьютерлік графикамен өрнектеу;
–бейнелерді көзбен қарауға дайындау;
–бейнелерді құру;
–бейнені түрлендіру, өңдеу.
Көбінесе компьютерлік графиканы графикалық ақпаратты компьютердің көмегімен дайындау, түрлендіру, сақтау және оны көрсету жұмыстарын автоматтандыру деп түсінеміз. Графикалық ақпарат деп объект моделдерін және олардың бейнелерін айтады. Под графической информацией понимаются модели объектов и их изображения.
Егер компьютерде жұмыс істеуші графикалық объект сипаттамаларын басқара алатын болса, онда оны интерактивті компьютерлік графика деп айтуға болады, яғни компьютердің адамдарға графиканы құруына және оны өзгертуіне мүмкіндік беруі деп түсінуімізге болады. Қазіргі кездегі кез келген программаны интерактивті компьютерлік графика жүйесі деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет