1. Компьютерлік графикаға кіріспе Компьютерлік графиканың анықтамасы және негізгі міндеттері. Компьютерлік графиканың даму тарихы



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі134,87 Kb.
#118796
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 лекция
PhotoShop графикалық редакторы, ZOOM пайдалану, Сызықты емес программалау есебі, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» курстық жұмыс, Практикалық жұмыс 1, 2 лекция, Лекция 1, Лабораторная работа Ин дизайн, № 1, № 1, жаңа дәріс
Векторлық әдіс – бұл әдіс бейнені кесінділер мен доғалар жиыны түрінде бейнелейді. Бұл жағдайда вектор - бұл бір объектіні сипаттайтын деректер жиыны.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.


Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады

Растрлық және векторлық графиканың салыстырмалы сипаттамасы



Салыстыру критериясы

Растрлық графика

Векторлық графика

Бейнені құру тәсілдері

Растрлық

бейне

көптеген

Векторлық




бейне










нүктелер жиынынан тұрады

командалар

тізбегі

түрінде



















сипатталады







Дүниедегі

шынайы

объек-

Растрлық суреттер шынайы

Векторлық




графика

тілерді бейнелеу




объектілерді бейнелеу үшін

фотография сияқты

сапалы










тиімді







бейнелерді алуға мүмкіндік



















бермейді







Бейнені редакциялау сапасы

Растрлық

суреттердің

Векторлық

бейнелерді










масштабын

өзгерткенде

сапасын

төмендетпей










және

айналдырғанда

түрлендіруге болады










қисайып кетеді













Бейнені

баспаға

басу

Растрлық




суреттер

Векторлық

суреттер кейде

ерекшеліктері




принтерлерде оңай

баспаға

баспаға

басыл-майды










басылады







немесеқағазда

үлгіден



















басқаша болып шығады



Фрактальдық графика бейнені математикалық есептеулер арқылы шығаруға арналған. Фрактальды көркем композицияны құру оның суретін салуда немесе әшекейлеуде емес, оны программалауда.
Фрактальдық графика, векторлық сияқты – есептеу арқылы пайда болады, бірақ одан айырмашылығы компьютер жадында ешқандай объект сақталмайды. Бейне формула арқылы құрылады, сондықтан компьютер жадында тек формула сақталады. Теңдеу коэффициенттерін өзгерту арқылы, тіпті басқа суретті алуға болады. Фрактальдық графиканың табиғаттың тірі үлгілерін есептеу арқылы модельдеу қабілетін, ерекше бейнелерді автоматты көбейту үшін пайдаланады.
Бақылау сұрақтары:
1.Кескіндерді тану немесе техникалық көру жүйесі дегеніміз не?
2.Бейнелерді і өңдеу жұмыстарына қандай жұмыстар жатады?
3.Компьютерлік графика нені зерттейді?
4.Автоматтандырылған жобалау жүйелері дегеніміз не?
5.Компьютерлік графиканың даму тарихы.
6.Компьютерлік графиканың негізгі қолданылатын облыстарын атаңыз.
7.Компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?
8.Векторлық графика деп қандай графиканы айтамыз?
9.Растрліқ графика деп қандай графиканы айтамыз?
10.Фрактальдық графика мысалдарын келтіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет