1 Ұлттық спорт түрлеріне қЫСҚаша шолу, шығу тарихы, дамуы



бет4/4
Дата18.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#9804
1   2   3   4

Ат жарыс - көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі, қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламан бәйгемен бірге тайқұнанжорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала жүретін болған.

Қалыптасқан дағды бойынша, әрбір үлкен жарыс, той, астарда оны ұйымдастыратын арнайы топ алдын ала сайланады және оған әр рудан, атадан өкілдер енгізілген. Бәйге кезінде қарақұрық болмауы үшін білікті бірнеше адам жарыстың әділ өтуін қадағалайды. Сайыстың билігі сыйлы деген екі ақсақалға жүктеледі және оның бірі көмбеге, екіншісі мәреде міндетті жауапкершілігін атқарады. Тағайындалған адамдардың басшысы - кіреші бас төрешінің рөлін атқарған. Бәйге атын мінетін баланыатшабар бала немесе шабандоз, сәйгүліктерді айдап, реттілікті сақтатып, мәреден жердей біркелкі жіберушіні aт айдауыш, ұстаушыларды даяғашы дейді. Жарыстың басталатын межесін aт жіберетін жер немесе мәре, ал жарыс аяқталатын, яғни ат ұсталатын межені көмбе деп атайды. Көмбеге ат тосуға ыңғайлы, айнала толық көрінетін биіктеу төбе, қырат, төскей жер таңдалады. Ат жарыс басталар алдында қолдарына, басына қызыл орамал байланған, бақан ұстаған, ат айдаушылар айқайлап, жар салады және мұны ат шығару деп атайды. Бәйгеге қосылатын аттар келіп тізіліп өткеннен кейін, бәйгеге жауап беруші төреші ақсақал қанша ат жиналғанын, бәйгеге тігілген сыйлық мөлшерін, бәйге қашықтығын т.б. хабарлайды. Сол жер көмбе, сөре деп белгіленіп оған қарақшы тәрізді етіп қарауыл тігіледі. Ат жиналып, есепке алынған кейін ат айдаушы барлық сәйгүлік аттарды жиналғандардың алдынан бастап ертіп өтеді. Бәйгенің басталар орнына аттарды шашау шығармай жайлап айдап апарады. Бұл үрдісті ат айдау деп атайды. Аламан бәйгелерде шабандоздар мәреге бәйгеден бір күн бұрын кешкі салқынмен жіберіледі. Олар жол-жөнекей аяқ суытып түстеніп, асықпай жетеді. Аттарды мәреге жеткен сон ат айдаушы шабандоздарды бір сызықтың бойына қатарластырады. Берілген белгіден кейін олар көмбеге қарай лап қойып, шаба жөнеледі. XIX ғасырда орыс зерттеушілерінің жазуына ден қойсақ, аттар көмбеге шауып келгенше, күрес және т.б. ойын-сауық өткізіледі. Әлбетте, алыстан шаң көтерілген соң ат көмбеге жақындайтын шақта қауымның үлкендері арбада, қалғандары атты-жаяулы көмбеге жақын жиналып тамашалайды. Шауып келе жатқан аттың атшабар шабандозын руластары мен бапкерлері қиқулап дем беріп, ұран тастап айқайлап, егер алдын ала келісілген ережеде рұқсат етілсе атының жеңіске жетуіне жәрдемдеседі, яғни басып жетектеп, атпен тартып, мәреге сүйрейді. Н.И.Гродековтың жазуына қарағанда, көмбеге жеткен бала басындағы бөрігін, орамалын көмбеде тұрган төрешіге лақтырады. Ат үстіндегі бала қарауылдан еткенде әрқашан рудың ұранын шақырып атойлап өткен.


10 ЖОРҒА ЖАРЫС


Жорға жарыс, жорға салу – жорға мінген шабандоздар жарысы; ұлттық ат спорты түрлерінің бірі. Жақсы жорғалар жарыс кезінде ешқашан да шоқыраққа, желіске не шабысқа көшпейді.[1]

Жорға жарысы спортының да өзіне тән ерекшелігі бар. Жорға өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі. Жорға оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын, сол жақтағы артқы аяғымен, сол жаңтағы аяңтарын бір мезгілде алады. Жарыс кезінде нағыз жорғалар жорғасынан танбайды. Ондай жорғаларды су жорға дейді. Өйткені ондай жорғалармен алып жүрген су шайқалмайды да, төгілмейді. Ондай жорғалар жарыс кезінде басынан аяғына дейін жорғасынан бір танбайды. Егерде жорға жарысына қосқан жорға жорғасынан жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, оны жарысқа қосушы иесіне айып салынады. Ал ол тәртіпті төртке дейін бұзатын болса, онда жарыстан шығарылып тасталатын болады.

Жорға жарысы тек қысқа, жол ыңғайына қарай 2—3 шақырым аралықта өткізіледі. Мұның өзі аттың шаршап, жорғадан шабысқа түспеуі үшін қолданатын тәртіп екені түсінікті. Жарысқа түсетін аттар — көбінесе жол жорғалар мен шаппа жорғалар болады.

Жорға аттарды мұқият іріктеп, саралап алу қажет. Жорға түрін араластырмау — басты шарт.

Жарысқа қолданылып жүрген қазіргі тәртіп бойынша жорға жарыстарына әйелдер мен қыздар да қатынаса алады.

Жорға жарысы, сөз жоқ, спорттың пайдалы түрі, спортшының күші мен моральдық сапасын жетілдіреді және жалпы спортқа оның ішінде ат спортына сүйіспеншілігін арттырады. Оның тағы бір бағалылығы — қазақ әйелдері мен қыздарының арасында физкультура мен спортты дамыта түсетіндігінде. 


11 ҚҰНАН БӘЙГЕ, ДӨНЕН БӘЙГЕ, ТАЙ ЖАРЫС.



Құнан бәйге - қазақтың ұлттық ат спорты түрлерінің бірі,қысқа қашықтықтарға құнан шыққан (3 жасқа дейін) құнандармен балалардың жарысуы. Қазақта тай жарыс (2 жасқа дейін), дөнен бәйге (төрт жасқа дейін) атшабыс түрлері де бар. Мұнда да қашықтықтар әртүрлі болады. Тісіне қарап жасын төрешілер алқасы анықтайтын үш жастағы құнандар арасындағы қысқа қашықтыққа шабатын бәйге.

Дөнен жарыс — халықтық көне спорттық ойындарының бірі. Дөнен жарысына әзірлік жарыс болардан әлдеқайда ерте басталады. Жарысқа төрт жасар аттар әзірленеді. Жарысқа қатынасатын дөнендер мұқият іріктеледі және ат жарысына жасалатын әзірліктің барлық тәртіптері мұқият сақталады. Дөнен жарысы үлкен жиын-тойларда, алысқа шабатын сақа аттардың алдында, құнан жарысының соңынан басталады. Дөнен жарысына да жас мөлшері 9-10 шамасындағы немесе одан ересек балалар қатынасады. Дөнендерді қай қашықтықтан жіберу керектігін алдын ала белгіленген төрешілер алқасы келісіп шешеді.

Ертеде дөнендер 25—30 шаңырым тіпті одан да алыс қашықтыққа жіберілген. Озып бәйге алған дөнендер келесі жылдары бәйгенің ең жоғары сатылары — ат жарысы мен аламан бәйгеге қосыла алады.

Дөнен жарысын әзірлеуге қатынасқан бала мал шаруашылығы саласынан көп мағлұмат алып, жылқы малын танып, біліп өседі.

Тай жарыс — көне заманнан бері келе жатқан, балалардың жазда сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Үлкендердің ақыл-кеңесімен жарысты балалардың өздері әзірлеп, өздері өткізген. Тай жарысқа тек бір жасқа келген жылқы ғана қатынастырылған. Тайға мініп шабатын балалардың жасы 7—8 жас мөлшерінде болады. Халықтың дәстүрі бойынша әр баланың өзіне арналған бәсіре жылқысы болған. Ол жаңа туған құлын күннен бастап баланың қамқорлығына көшеді.

Жазда қатар қонып отырған ауыл балалары жиылып тайларын үйретіп, үйретілген тайларын жарыстыруға келіседі. Тай жарысы жақын қашықтықта өткізіледі. Тайға ер-тоқым салынбайды, бала жайдақ мініп шабады. Ойынды ересек балалар басқарады. Оны ат айдаушы деп атайды. Белгіленген жерге жеткенде, ат айдаушы жарысқа қатынасушыларды қатар тұрғызады да, жарыстың басталғандығы туралы белгі береді. Озып келген тай иесі жеңімпаз атанады.

Бұл тек ойын ғана емес, баланы жастайынан қоғамдық өмірге, еңбекке тартып, шаруашылық жағдайымен ерте танысуға, жылқы малын танып, білуге баулиды. Жарысқа қатынасу арқылы жастайынан шабысңа жаттыға береді. Сөйтіп, тай болашаң үлкен жарыстың сынағынан өтеді. Бала өзінің жеңіске деген ерік-қайратын шыңдай береді.

Тай шабыс – әр түрлі басқосулар мен той-мерекелерде жиі өткізілетін,  әсіресе, бозбалалар ерекше қызығып өткізетін көңіл ашар іс-шарасы. Сондай-ақ, болашақ аламан бәйгелерде шабатын тұлпарлар мен дүлдүлдерді анықтау, оларды байқау, сынау жарысы.



Бұл жарыс өз ішінен «қара жарыс» және «аламан» деп екі түрге бөлінеді. «Қара жарыс», әдетте, «аламанға» тай таңдау, тай іріктеу жарысы есептеледі. Бұл жарысқа кім де кімнің «осы тайым жүйрік болады-ау» деп үміттеніп жүрген тайларын түгел қатыстырып сынап көруіне болады. Тайлары сыннан өтсе «аламанға» қатыстырып, озып келсе бәйге алады.

Ал, «аламан» бәйге болса, ол ресми түрде өткізілетін өзіндік заң-ережесі бар, жүлдесі бар жарыс. Бәйгеге қатыстырылатын тайлар жарыс алдында міндетті түрде ұйымдастырушылардың тізіміне еніп, төрешілер мен ат айдаушылардың бақылауынан өткізіліп, озып келгендерге ресми бәйге беріледі.



Тай шабыс әдетте 10-15 км аралыққа шаптырылады. Сөренің алдында тай иесі белгілі, өң-түсі анықталған тізім бойынша ат айдаушылар оларды алдарына салып, жарыс басталады деп белгіленген жерге қатарлап тізіп қойып түгендейді. Осыдан соң ғана бір уақытта барлығына жарыс бастау бұйрығын беріп қоя береді. Жолда бақылаушылар оларды жол бойы бақылап отырады. Қайсы тай мәреге бұрын келсе, сол жүлдегер болып, бәйге алады. Егер жолда әлдекім жарыс тәртібіне қайшы келетін қаралық істеген болса, жүлдегерлігінің күші жойылып, екінші келген шабандоз жүлдегер болып есептелінеді.
11 БҮРКІТ САЛУ

Бүркіт салу Бүркітші Еліміздің туындағы бүркіттің бейнесі азаттықттың, тәуелсіздіктің, тектіліктің, қайраттылықтың айбыны ретінде бейнеленген. Қазақ халқы бүркітті киелі құс санаған. «Бүркіт бір сілкінсе мың пәле кетеді» деп есептейді және бүркіттің бір қауырсынын үзіп алып қасиетті зат санап биікке іліп қояды. Тарихи деректерге қарағанда бүркітті қолға үйретіп, аңшылыққа пайдаланғанына 3 мың жыл болыпты. Италиян жихангері Марко Полоның естелігінде, Құбылай ханның саятшылыққа пайдаланған 500 бүркіті және басқа да құстарының болғандығы жазлылады. Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітшісі болғандығы туралы деректер бар. Орта Азия хандарының да бүркіт ұстап, құсбегілердің қызметін пайдаланғанды белгілі. Қазақ халқы құсбегілікке: бүркіт, қаршыға, лашын, сұңқар, тұйғын, тұрымтайды пайдаланған. Қазақтың әйгілі құсбегісі Жалайыр Шора туралы «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады» деген сөз тараған. Қазір Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра ауылында «Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі» мен Республикалық құсбегілер мұражайы жұмыс істейді. 2004 жылы «Бүркітші» федерациясы құрылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді. Содан бері Күнтізбелік жоспарға сәйкес «Салбурын», «Саят», «Қансонар», «Бүркітшілердің Республикалық чемпионаты» жарыстары мен әр түрлі турнирлер өтіп келеді. Бұл жарыстарға 30-дан 90-ға дейін бүркіттер мен қаршығаларын алып саятшылар келеді. Атақты бүркітшілердің арасында Бүркіт жарысының спорт шебері Әбдірзақова Мақпал да бар. Барлық жарыстар құзырлы органдар бекіткен ережеге сәйкес өткізілуде. Қазақстан бүркітшілері шетел қалалары: Лондон, Дубайға сапар шегіп жарыстарына қатысты. Елімізде бүркітшілер қатары жылдан-жылға өсіп келеді. «Құсбегілік» 1. Жалпы ережелер: 1.1. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар жұртшылықты қазақтың ұлттық ойындарына жататын осы жарыс түрімен ұдайы айналысуға тарту, сондай-ақ халық арасында осы спорт түрінің салауатты өмір салты принцптерін дәріптеу құралы ретінде кең насихаттау әрі жандыру, спортшылардың шеберлігін арттыру, өмірлік маңызы бар қолданбалы дағдылар мен жасөспірімдердің батылдық, епшілдік секілді жеке қасиеттерін жетілдіру мақсатында өткізіледі. 1.2. Жарысты өткізу ережелері мен олардың есебін жүргізу регламентпен әрбір жеке жағдайда белгіленеді, оны осы жарыстарда өткізетін ұйым әзірлейді. 1.3. Жарыс регламенті мынадай тараулардан тұрады: — Мақсаттар мен міндеттер; — Өткізілетін орны мен уақыты; — Қатысатын ұйымдар мен жарысқа қатысушылар; — Жарыстың бағдарламасы; — Қаржы шығындары; — Өтінім беру мерзімі мен тәртібі. 1.4. Жарыс регламенті жарысқа қатысушыға шақырылған ұйымдарға мына мерзімде жолдануға тиіс. — Дене шынықтыру және спорт ұжымдарының жарыстары үшін кемінде 2 ай бұрын; — Аудандық және қалалық жарыстар үшін кемінде 3 ай бұрын; — Облыстық жарыстар үшін кемінде 4 ай бұрын; — Республиклық және халықаралық жарыстар үшін кемінде 6 ай бұрын. 2. Жарысқа қатысушылар 2.1. Жарысқа арнайы өтінім тапсырған дәрігердің рұқсаты мен сақтандыру полисі бар құсбегі спортшылар қатыстырылады. 2.2. Жарысқа қатысушы құсбегі спотшылар: — Жарыс ережелері мен регламентін білуге және орындауға; — Жеке басын растайтын құжаттары, дәрігерлік анықтамасы, сондай-ақ регламентте көзделген басқа да құжаттары болуға және олады жарыс өткізуші тұлғалардың бірінші талабы бойынша ұсынуға; — Барлық қатысушыларға, төрешілерге, жарыс өткізуші мен қызмет көрсетуші тұлғаларға, сондай- ақ көрермендерге қатысты сыпайы, биязы болуға; — Жарысқа белгіленген уақытта келуі қажет; — Төрешілердің нұсқауларын мүлтіксіз орындауға, белгіленген жұмыс тәртібін сақтауға, қатысушыларға белгіленген орында болуға міндетті. 2.3. Жарысқа қатысушы құсбегі спортшыларға берілетін құқықтар: — Жаттығу орындауға қатысты шұғыл мәселелер бойынша тікелей төрешілерге, жарыс өткізуге байланысты қалған басқа жағдайларда өкілдеріне өтініш жасауға; — Жаттығуды осы мақсаттар үшін бөлінген орындарда төрешілер алқасы белгілеген уақыттарда жүргізуге құқылы. 2.4. Қатысушы құсбегі спортшыларға берілмейтін құқықтар: — Төрешілердің жұмысына арасауға және төрешілік етуге бет-әлпетімен өзінің наразылығын белгілуге; — Төрешілерге қатысты қандай да болмасын дөрекілікке баруға тыйым салынады. 2.5. Кез-келген масштабтағы жарыстырға қатысушының өкілі тағайындалады, ол тәртіптің жай-күйі, оның мүшелерінің киім нысаны мен күн тәртібін сақтауы үшін жауап береді. 2.6. Жетекші — Жарыс өткізілетін жерге келгеннен кейін спортшыларды мандат комиссиясына таныстыруға: — Қатысушы спортшылардың жарыс өткізілетін жерге уақытылы келуін қамтамасыз етуге, олардың осы ереже мен жарыс туралы ережені қатаң қадағалауға; — Төрешілер алқасының отырысына қатысуға, жеребе тартуға қатысуға өз спортшыларына төрешілер алқаптарының талаптары мен шешімдері, жарыс бағдарламасының немесе күн тәртібінің өзгергені туралы хабарлауға; — Спортшылары көрсеткен нәтижелерді білуге, олардың қорытындыларын уақытылы шығаруға; — Бас төрешілер алқасына сақтандыру полистері, дәрігерлік анықтама мен өтінімдерін табыс етуге; — Спортшыларды орналастыру мен тамақтандыруға, қамқорлық жасауға міндетті; — Төрешілерге олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініш жасауға міндетті; — Төрешілер алқасына өтініштер (наразылықтар) беруге құқылы. 2.7. Команда жетекшісі — Төрешілердің шешімін бұзуға немесе олардың іс-қимылдарына араласуға; — Жарыс барысында спортшыларға жәрдем көрсетуге; — Жарыстың бас төрешісінің немесе оның орынбасарларының рұқсатынсыз жарыс өтіп жатқан немесе спортшылар орналасқан жерден кетуге тыйым салынады. 1. 3. Құсбегі спортшыларға қойылатын талаптар 3.1. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстарға әлемдік және Қазақстандағы құсбегілер федерацияларының командалары мен жекелеген спортшылар, шет елдердің командалары мен жеке спортшылары өздерінің ұйымдастыру алқасына тапсырған өтінімдеріне сай қатыстырылады. 3.2. Жарысқа қатысушы әрбір команда жеке спортшының тәжірибелі өкілінің болуы шарт. 3.3. Өтінімде мынадай деректер көрсетілуге тиіс: спортшының аты-жөні, туған жылы, келген жері, жетістігі, құсына дәрігердің жарысқа қатысуға берген рұқсаты және сақтандыру полисі болмаса жарысқа қатыстырылмайды. 4. Төрешілер алқасы 4.1. Төрешілер алқасын жарысты өткізуші ұйым тағайындайды. 4.2. Төрешілер алқасына жарысты осы ережеге және жарыс регламентіне сәйкес дайындау мен өткізу, жарыс нәтижелерін айқындау және жалпы қорытынды шығару жүтеледі. 4.3. Төрешілер алқасына: бас төрешілер алқасы мен төрешілер алқалары кіреді. 4.4. Төрешілер алқасының құрамына: мандат комиссиясы, бас төреші, оның 1–2 орынбасары, бас хатшы, аға төрешілер, жарыс дәрігері, ақпаратшы төрешілер, хатшылар, сондай-ақ алаңдағы төрешілер кіреді. 4.5. Мандат комиссиясын жарысты ұйымдастырушылар тағайындайды. Мандат комиссиясы жарысқа қатысатын спортшылардың құжаттарының сәйкестігін, аты-жөні, туған жылы, келген жері, жетістігі, құсының төл құжаты, дәрігердің жарысқа қатысуға берген рұқсаты және сақтандыру полисін тексеріп жарысқа қабылдайды. 4.5. Алаңда ойын үшін жауапты бас төреші тағайындалады. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Бас төреші шақырылады, ол төрешілер алқасын шақырып, дауды дауыс көпшілігімен шешуге құқылы. 4.6. Бас төреші жарыс жетекшісі болып табылады және оның осы ереже мен жарыстар туралы ережеге сәйкес өткізілуін қамтамсыз етеді. 4.7. Бас төреші: — жарыстар өткізілетін орындардың, жабдықтар мен құралдардың әзірлігін, олардың жарамдылығын және осы ережеге сәйкестігін алдын-ала тексеруге; — төрешілерді іріктеуге қатысуға, төрешілер бригадаларының жетекшілерін тағайындауға, осы бригадалардың құрамын белгілеуге және олардың нұсқаулығын өткізуге; — төрешілер алқасының жұмысына жетекшілік етуге; — Хатшылықтың бүкіл алдын-ала жұмысын(жеребе өткізу және т.б) тексеруге, бекітуге; — жарыс басталғанға дейін төрешілер алқасы мен жетекшінің ұйымдастыру кеңесін өткізуге, оларды жарыстар туралы ережемен таныстыруға және төрешілерді жұмыс учаскелері бойынша орналастыруға; — келіп түскен наразылықтарды төрешілер алқасының қарауына енгізуге және олар бойынша шешім қабылдауға; — жарыс аяқталғаннан кейін жарыс қорытындылары бекітілген және төрешілер жұмысының бағасы жарияланатын төрешілер алқасының қорытынды отырысын өткізуге; — жарыстың салтанатты түрде ашылу, жабылу және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілеуге; — жарыс аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірмей жарыстың есебі мен хаттамаларын жарыс өткізуші ұйымға табыс етуге міндетті. 4.8 Жарыстың бас хатшысы: — қатысушы ұйымдардың өтініштерін қабылдайды, жарыс хаттамаларын дайындайды, қатысушы командалар жеребес өткізеді, жеребенің негізінде жұптар құрайды, бас төреші біткеннен кейін қатысушылардың танысуы үшін хаттамаларды іледі; — хатшылықтың жұмысына басшылық жасайды, өткізуші ұйымнан кеңсе тауарларын, құралдарды, марапаттау материалдарын және т.б алады; — жарыс хаттамаларын өңдеуді жүргізеді, ұпайлар есебін жүргізеді және қорытынды шығарады; — жарыс нәтижелері бойынша жалпы техникалық есеп жасайды және жарыстың басқа материалдарымен бірге бас төрешіге табыс етеді; — төрешілер жұмысының табелін жүргізеді; — спортшылардың біліктілік кітапшаларына нәтижелерін, алған орындарын жазады, сондай-ақ қол жеткізген жеңістері туралы анықтамалар береді. 4.9. Төреші хатшылар бас хатшының басшылығымен жұмыс істейді. Олар жарыс өтіп жатқан жерден жедел, ақпарат жинауға, оны уақытылы өңдеуге және бас хатшыға бекітуге табыс етуге міндетті. 4.10. Аға төрешілер алаңда төрешілік ұйымдыстырып, оның дұрыстығына жауап береді. 4.11. Төреші қатысушы спортшылардың тектерінің сәйкестігін, олардың киімдерінің сәйкестігін тексеруге міндетті. Қажет жағдайда қатысушы спортшылардың жеке басын растайтын құжаттарын тексереді. 4.12. Алаң таңдайды, жабдықталған алаңның схемасы мен актісін жасап, оны бас төрешіге бекітуге табыс етеді. Жарыс басталар алдында алаңды тексеріп, таңбалайды. 4.13. Аға төрешілер төрешілерді, олар жарыс ережесін бұзатын болса, міндеттерін атқарудан шеттетуге немесе жарыстан алып тастауға құқылы. Бұл туралы олар бас төрешіге немесе оның орынбасарларының біріне дереу хабарлайды. 4.14. Алаңдағы төрешілер жарыс басталғанға дейін құс салатын, аңдардың жарақаты жоқтығын, санының жеткілікті екенін, олардың алаңдағы арнайы даярланған жерде тұруын қадағалайды және, аңдарды уақытылы құс салатын жерге шығарып отырады. 4.15. Ақпаратшы-төреші қатысушыларды, көрермендерді, баспасөз, радио, теледидар өкілдерін жарыс ережелері барысы, туралы білікті, ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті және жарысты мүлтіксіз ұйымдастырып өткізуге жәрдемдесуге тиіс. 4.16. Ақпаратшы-төреші жарыс басталғанға дейін жарыстар туралы ережені, жарыс бағдарламасын зерделейді, команда қатысушыларын сипаттайтын деректерді дайындайды. 4.17. Ақпарат-төреші бас хатшыдан, хатшылардан, ақпарат алу тәртібін белгілейді, оны жарыстың бас төрешісіне бекіттіреді. 4.18. Республика чемпионаттары мен спартакиадаларында, халықаралық жарыстарда, ағақпаратшы-төреші тағайындалады, ол, ақпаратшы төрешілер мен дикторлардың жұмысына басшылық жасайды. 4.19. Жарыс дәрігері жарыста жан-жақты медициналық қызмет корсетуді қамтамасыз етеді. Ол: — Жарыс өткізілетін жерде медициналық жәрдем пунктерінің жұмысын, санитарлық машиналардың болуын ұйымдастыруға және жарыс бағдарламасында белгіленген жер мен уақытқа медициналық қызметкерлердің уақытылы келуін қамтамсыз етуге; — Жарыстың бас төрешісіне медициналық қызметтердің жұмысқа даярлығы туралы хабарлауға; — Мандат комиссиясының жұмысына қатысуға, қатысушылардың өтініштерін, оларда дәрігерлік денетәрбиесі диспансерлерінің, спортшыларды жіберілетіндігі туралы рұқсаттарының болуын қарауға; — Бас төрешілер алқасының отырысына қатысуға; — Қатысушы спортшы ауру немесе жарақаттану себебінен жарысты жылғастыра алмайтын жағдайда, белгіленген үлгідегі анықтама беріп, жарыстың бас хатшысына осы туралы хабарлауға; — Жарыс аяқталғаннан кейін бас төрешіге орын алған ауруларды, жарақаттарды көрсете отырып, медициналық қызмет көрсету нәтижелері туралы есепті табыс етуге; 5. Жарыс өткізу орны мен тәртібі 5.1. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар жарыс ұйымдастырушылардың байқауына қарай құс ұшыратын қырлы және, аң жіберетін етегі арнайы таңдап алған жерде өткізіледі. — алаңның кеңдігі 1000–1500 метрден кем болмауы тиіс; — құстың ұшуына кедергі келтіретін электр сымдары, жасанды құрылыс заттары, тау, өзен, батпақ жерлер болмауы тиіс. 5.2. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар бүркітшілер мен қаршыға тектес кіші құстар болып екі түрінен-де ересектер арасында, жастар арасында және жас өспірімдер арасында өтеді. 5.3. Жарыс алдында жеребе тасталып, спортшыларға нөмер беріледі. Әр спортшы өзіне және құсына берілген нөмірімен жарысқа қатыстырылады. 5.4. Бүркітшілер жарысы: қолға шақыру, қоянға салу, кептерге салу бойынша өткізіледі. 5.5. Жеңімпаздар алған ұпайларына қарай анықталады. Спортшыларға ұпай беру тәтрібі. Бүркітшілер жарысы: 1. Құсбегі спортшылардың киім үлгісі: — ұлттық нақшта өрнектелген шалбар — ұлттық нақшта өрнектелген кеудеше шапан; — ұлттық нақшта өрнектелген бас киім; — биялай; — жем қалта — кездік — түтік; — тұғыр; — томаға; — балдақ; — жемаяқ; — балақбау; Осы құрал жабдықтардың барлығы түгел болса 7 ұпай, ал әрбір кем болған құрал-жабдығы үшін 1 ұпайдан кемтіліп отырады. 2. Бүркіттің иесімен ара қатынасы, бүркіттің еркін ұшуы; — Құс ұшпаса 0 ұпай; — Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай; — Құс айналып самғап иесінің қолына келіп қонса 7 ұпай; — құс басқа жерге бір рет қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі; — Құс басқа жерге 2 рет қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 2 ұпай шегеріледі; — Әр құсқа берілетін уақыт 3 минут. 3. Бүркітті қолға шақыру: — 50 метрге дейінгі шеңберден 3 ұпай; — 50 ден 75 метрге дейінгі шеңберден 5 ұпай; — 75 тен 100 метрге дейінгі шеңберден 7 ұпай; — 100 метрден жоғары 10 ұпай; — Құс ұшпаса 0 ұпай; — Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай; — құс басқа жерге қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі; 4. Бүркітті шыршаға, қоянға түлкі немесе қарсаққа салу; — құс шырғаға, аңға түссе жоғары 7 ұпай; — құс жерге бір қонып барып түссе 1 ұпай шегеріледі; — құс жерге екі қонып барып түссе 2 ұпай шегеріледі; — құс шырғаға, аңға түсуге әрекет жасап ұстай алмаса 1 ұпай; — құс басқа жаққа ұшып кетсе 0 ұпай. 5. Қаршығаның иесімен ара қатынасы, құстың еркін ұшуы; — Құс ұшпаса 0 ұпай; — Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай; — Құс айналып самғап иесінің қолына келіп қонса 7 ұпай; — құс басқа жерге бір рет қонып шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі; — Құс басқа жерге 2 рет қонып, шақырумен оралып келсе алған ұпайдан 2 ұпай шегеріледі; — Әр құсқа берілетін уақыт 10 минут. 6. Қаршығаны қолға шақыру: — 50 метрге дейінгі 3 ұпай; — 50 ден 75 метрге дейінгі 5 ұпай; — 75 тен 100 метрге дейінгі 7 ұпай; -100 метрден жоғары 10 ұпай; — Құс ұшпаса 0 ұпай; — Құс басқа жаққа ұшып кетіп, иесіне келмесе 0 ұпай; — құс басқа жерге бір рет қонып шақырумен оралып келсе, алған ұпайдан 1 ұпай шегеріледі; 7. Қаршығаны қоянға салу: — құс қоянға түссе жоғары 7 ұпай; — құс жерге бір қонып барып түссе 1 ұпай шегеріледі; — құс жерге бір қонып барып түссе 2 ұпай шегеріледі; — құс қоянға түсуге әрекет жасап, ұстай алмаса 1 ұпай; — Құс басқа жаққа ұшып кетсе 0 ұпай. 8. Қаршығаны кептерге салу: -құс кептерді бірден іліп алса жоғары 7 ұпай; -құс кептерді бір жіберіп алып қайта ілсе, бір ұпай шегеріледі; -құс кептерді 2 бір жіберіп алып қайта ілсе, 2 ұпай шегеріледі; — құс кептерді ілуге әрекет жасап, ұстай алмаса 1 ұпай; — Құс басқа жаққа ұшпаса 0 ұпай; 5.4. Спортшыларға рұқсат етілмейтін әдістер: — құстарын алмастыруға; — жарыстан 10 мин. кешігуге; — құсты иесінен басқа адам алып қашуға. 5.5. Спортшыларға саятшылық өнеріндегі рұқсат етілген барлық тәсілдерді қолдануға болады. 5.6. Төрешіден 2 рет ескерту алған спортшы үшінші рет ереже бұзса жеңілген болып есептеледі. 5.7.Егер спортшының құсы жарыс барысында жарақат алып, дәрігер құсқа жарысты жалғастыра алмайды деген шешім шығарса, құсы жараланған спортшы жеңіліс табады. 5.8. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар ұйым біріншілік, қалалық біріншілік, облыстық біріншілік, республикалық біріншілік, халықаралық біріншілік болып өткізіледі. 5.9. Жарыстың қауіпсіздік шаралары ішкі істер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен қамтамасыз етіледі.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет