1. Мәтін бойынша жүйелік бағдарламашылар



Дата10.04.2024
өлшемі20,85 Kb.
#200681
Байланысты:
5-нұсқа оқу сауат жауапсыз
Коучинг Халилова Р.А., 10 сынып КГБ КТП дұрысы, ҚМЖ 9 сынып 2 тоқсан География, 5, КТП титул мектеп, Сыныптан тыс іс-шара.Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы, 399 приказ 5-9 кл с изменениями

1-мәтін
Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман. Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады. Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әртүрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қамтамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.
1.Мәтін бойынша жүйелік бағдарламашылар
A) Есептеу бағдарламасын жасайтындар
B) Көбінесе ойындарды жасайтындар
C) Сигнал жабдықтарын жасайтындар
D) Табысы жоғары адамдар
2. Мәтіннің түрі
A) Ғылыми сипаттағы аннотация
B) Ғылыми тұрғыдағы түжырымдар
C) Ғылыми көпшілікке арналған тезис
D) Ғылыми көпшілікке арналған мақала
2-мәтін
Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған, өз елінің беделді адамы. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, халықтың ауыз әдебиетімен таныстырып отырған. Молдадан 3-4 жыл оқығанда, зеректігі байқалып, әкесі оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді. Медреседе ол 4 жыл оқығанда, араб, иран, Орта Азия классиктерінің шығармаларымен танысқан.
Әкесі Абайды ел басқару ісіне бейімдеу үшін оқудан қайтарып алады. Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйрену үшін 3 ай орыс мектебінде оқиды. Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршы, әнші-күйшілерімен жиі кездесетін, өз халқының рухани мәдениетімен танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге жаттығады. Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен, бірыңғай өлең жазуды 40 жасында бастайды. Абай Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын аударған. Абай өзі аударған Пушкиннің «Татьянаның әні» және «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарған. Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» – қазір де халықтың сүйіп айтатын әндеріне жатады.
3. Мәтіннің бірінші азатжолындағы ақпарат
A) Абай халқымыздың халық ауыз әдебиетімен сусындаған.
B) Абай орыс тілін үйрену үшін үш ай орыс мектебінде оқыған.
C) Абайды әкесі ел басқару ісіне араластыру үшін қасына алады.
D) Абайдың мінезі жұмсақ, тілге бай, қайырымды адам болған.
4. Мәтін мазмұны бойынша жауабы бар сұрақ
A) Абайдың анасы қай рудың қызы болған?
B) Абай үш ай орыс мектебін қай жылдары оқыған?
C) Абайдың әндерін кімдер орындап жүр?
D) Абайды әкесінің елге қайтарып алуының себебі неде?

5. Мәтіннің негізгі мақсаты


A) Абайдың елі ісіне араласуының себептерін айқындап көрсету
B) Абайдың анасын таныстырып, қалың жұртшылыққа таныстыру
C) Абайдың әндерінен деректер беріп, аудармашылығын паш ету
D) Абай ақынның отбасы мен білімі, аудармашылығы туралы ақпарат беру

3-мәтін
1.Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.


2.Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған. Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұнилар жатады.
3.Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де – осы қала.
4. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атымен әлемге әйгілі болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған
6.Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Қаланың рухани тіршілігі
2. Ер жүрек, батыр қала
3. Көне қала туралы деректер
4. Қонақтарға толы киелі қала
A) 3,4,2,1
B) 1,2,4,3
C) 3,1,2,4
D) 2,4,1,3
7. Мәтінде Түркістанды ержүрек қала санауының себебі
A) Қазіргі кезде күллі түркі жұртының рухани астанасы болғандықтан
B) Түркістанда киелі, қасиетті адамдар, батырлар жерленгендіктен
C) Түркістанда Ясауи бабамыздың кесенесі салынып, әйгілі болғандықтан
D) Талай қиын соқпақтар мен шапқыншылықтардан өткендіктен
8. Мәтіндегі «қылует» деген
A) Табыт жататын бөлме
B) Жер астындағы бөлме
C) Ішінде монша бар бөлме
D) Сегіз бөлікті бөлме
9. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Түркістанда дәруіш ақындар да болған.
B) Кесене қырық төрт бөлмеден тұрады.
C) Қылуетте біздің хандар жерленген.
D) Қала солтүстікте орналасқан.
10. Берілген мәтін үзіндісі мен негізгі мәтін мазмұны арасындағы сәйкестік
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

A) Түркістанның «екінші Мекке» екендігі
B) Түркістанның кең шаһар екендігі
C) Түркістанның білім ордасы екендігі
D) Түркістанда атақтылар жатқанын

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет